Сайыстың мақсаты
Сайыс туралы
Тақырыбы
Астана – арман қала
Мақсаты
Астана туралы мағлұмат беру, елордамыздың көрікті орындарымен таныстыру.
Көрнекіліктер
- Астана суреттері
- Слайдтар
- Буклеттер
Жүргізушілердің кіріспе сөзі
1-жүргізуші
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыздың тақырыбы — «Астана – арман қала». Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүние жүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда.
2-жүргізуші
Тәуелсіздік жылдары ішінде Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Басқа мемлекеттер секілді біздің де Астанамыз бар екенін, оның көркем де келісті қала екенін көрсете білді. Әнұранымыз бүкіл әлемде шырқалады.
Ән:
Әнұран
1-жүргізуші
Астана — еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз отаны мен туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білуі керек. Біз — осы елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз салып берген жолды алдағы уақытта жалғастыратын — біз. Ендеше, Астана туралы бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік!
Өлең жолдары
1-оқушы
Астанам — бағы биік асқарымсың,
Астанам — мәңгі жарық аспанымсың,
Астанам — періштелер мекенісің,
Астанам — махаббаттың тұрағындай.
2-оқушы
Астана, атың қандай нақ та әсем,
Аңызақтан айналыпсың баққа сен.
Таң ұзаққа таңдайымда түнеткен
Жырларымды айтарсың жатқа сен!
Ән:
Аманжолова Назира — «Туған жер»
Астана туралы тарихи дерек
2-жүргізуші
Елбасы 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланғаннан кейін сол жылы Ақмолаға келді. Есіл өзеніндегі ескі көпірдің ортасында тұрып, өзенге назар аударады. Елбасына қаланың ортасынан ағып өтетін өзен әрдайым ұнайтын: өзен қалаға ерекше көрік беріп, мәртебесін көтереді. Еліміздегі көптеген қалалар да өзен бойында орналасқан.
Би:
Жарылғапова Ұлдай — «Бабочка»
Ән:
Айгерім Мұхаммедова — «Жаса, Қазақстан»
Назар аударыңыз:
Көрініс бағдарламалық бөлімдермен жалғасады.
Отан жүрегіндегі Астана
3-оқушы
Сән берген Сарыарқадай гүл өңірге,
Жайнаған Отанымның жүрегінде.
Астанам — бақ ошағым, түп қазығым,
Айналған бар қазақтың тірегіне.
4-оқушы
Ғұмыр бойы күресіп қайран бабам,
Осы күнді аңсаған, армандаған.
Сарыарқаның төсінде бой көтерді
Қазақтың Астанасы — арман қалам!
Ән:
Абдулла Раушан — «Анашым»
Қорытынды бөлім
1-жүргізуші
Санамызды түйткілдерден тазартайық, айтылмаған шындық сөзді тартар айып. Астананың авторы әрі сәулетшісі — Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.
Би:
Қожамбергенова Динара, Қожамбергенова Эленора — флешмоб
2-жүргізуші
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Астана – арман қала» тақырыбындағы сайысымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!
Алдарыңызда:
Мизамейдинов Бекет — «Астана»
Ұйымдастыру ақпараты
Мекеме
№15 орта мектебі ММ
«Балдәурен» жазғы демалыс лагері
Дайындаған
Садуақасова С.