Математикалық сөйлеу тілін, логикалық ойлау дағдыларын дамыту

Сабақ туралы ақпарат

Пәні: Математика (2-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Сандарды оқу, жазу және салыстыру. Математикалық диктант.

Мақсаты: ондықтар мен бірліктерді қосу және азайту тәсілдерін қайталау; бір және екі таңбалы сандар туралы білімді бекіту; шығармашылық тапсырмаларды топ ішінде талқылап, шешімін дәлелдеп түсіндіруге үйрету. Математикалық сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау дағдыларын дамыту. Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға және жолдастыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

  • Сандарды оқуға, жазуға және салыстыруға үйренеді.
  • Қатесіз әрі шапшаң есептеу дағдылары нығаяды.
  • Берілген тапсырмалар бойынша өз ойын жүйелі жеткізе алады.
  • Жеке және жұптық жұмыстарды орындайды.
  • Сыни ойлау дағдылары қалыптасады.
  • Өзін-өзі бағалаудың қарапайым тәсілдерін қолдана алады.

Әдіс-тәсілдер

  • Миға шабуыл
  • Ой қозғау
  • Ротация әдісі
  • Сұрақ-жауап
  • Көрнекі оқыту
  • АКТ

I. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)

1) Қызығушылықты ояту және психологиялық дайындық

Қане, біздер ойлайық, Ойымызды жинайық. Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық.

Оқушылар сандар арқылы топтарға бөлінеді. Әр топқа бағалау парағы таратылады.

Сандар күнделікті өмірімізде үнемі қолданылады: сағатты, күнді, айды, жылды, сынып ретін және сыныптағы оқушылар санын да біз дәл осы сандар арқылы айтамыз.

Үй тапсырмасын тексеру (миға шабуыл)

«Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасы бойынша қысқа сұрақтар қойылып, жауаптар тыңдалады.

II. Мағынаны тану

Тірек білімді еске түсіру және жаңа сабақ

Тақырып: сандарды оқу, жазу және салыстыру. Оқушылар АКТ көмегімен берілген сұрақтарға жауап береді.

Миға шабуыл сұрақтары

  1. 1) Бір таңбалы сандарды үш тілде ата.

    1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

  2. 2) Барлығы неше бір таңбалы сан бар?

    9

  3. 3) Ең кіші екі таңбалы сан.

    10

  4. 4) Ең үлкен екі таңбалы сан.

    99

  5. 5) Барлығы неше екі таңбалы сан бар?

    90

  6. 6) Неше бірлік 1 ондықты құрайды?

    10 бірлік

  7. 7) Неше ондық 1 жүздікті құрайды?

    10 ондық

  8. 8) Неше жүздік 1 мыңдықты құрайды?

    10 жүздік

  9. 9) Ең кіші үш таңбалы сан.

    100

  10. 10) Ең үлкен үш таңбалы сан.

    999

№2 Математикалық диктант (тыңдалым)

Оқушылар үнтаспадан тыңдап, берілген сан құрамын жазып шығарады.

2 жүздік, 3 ондық, 4 бірлік

234

5 жүздік, 0 ондық, 1 бірлік

501

8 жүздік, 0 ондық, 0 бірлік

800

4 жүздік, 9 ондық, 5 бірлік

495

7 жүздік, 6 ондық, 0 бірлік

760

9 жүздік, 9 ондық, 9 бірлік

999

Қайталау: оқулықпен жұмыс (ротация әдісі)

Үш топқа тапсырма беріледі. Әр топ сандарды құрастырып, оқып, жазып және салыстыруға арналған қысқа дәлелдеулер келтіреді.

4, 3, 2 цифрларынан

432

5, 9, 6 цифрларынан

596

3, 6, 8 цифрларынан

368

9, 8, 7 цифрларынан

987