Жамбыл Жабаев Өтеген батыр дастаныСабаққа негізделген оқу мақсаты

Сабақ тақырыбы

Жамбыл Жабаевтың «Өтеген батыр» дастаны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Оқушыларға Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру; ақынның Өтеген батырдың Жоңғар шапқыншылығы тұсындағы ерлігін эпикалық сарында көркем бейнелеу ерекшелігін таныту.

Сабақтың барысы

Кіріспе

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, қатысымын тексеру.
  • Суреттер арқылы оқушыларды топтарға біріктіру.

I топ

Батыр

II топ

Қайсар

III топ

Жамбыл

IV топ

Өтеген

Үй тапсырмасын жинақтау

«Ұяшықтарға жасырылған сұрақтар» тәсілі арқылы алдыңғы тақырып бойынша білім тексеріледі.

Оң жақ

  1. 10 ұпай

    Ж. Жабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

    Жауабы: 1846 жыл.

  2. 20 ұпай

    Жетісу ақындарының ішінде кімнен бата алған?

    Жауабы: Сүйінбай.

  3. 30 ұпай

    Соғыста қаза болған ұлының аты кім?

    Жауабы: Алғадай.

  4. 40 ұпай

    Қай жылы Жамбылға мемлекеттік сыйлық берілді?

    Жауабы: 1941 жыл.

  5. 50 ұпай

    35 жасында, 1881 жылдың күзінде Іле бойындағы үлкен жәрмеңкеде Жамбыл айтысып жеңіске жеткен. Осы ақынды ата.

    Жауабы: Құлманбет.

Сол жақ

  1. 10 ұпай

    1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске арнап жазған өлеңдерін ата.

    Жауабы: «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды».

  2. 20 ұпай

    «Ленинградтық өренім» өлеңінен бір шумақ жатқа айт.

    Жауабы: оқушы орындайды.

  3. 30 ұпай

    1936 жылы «Правда» газетінде жарияланған өлеңін ата.

    Жауабы: «Туған елім».

  4. 40 ұпай

    Ж. Жабаевтың эпикалық туындыларын ата.

    Жауабы: «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр».

  5. 50 ұпай

    Ж. Жабаевтың өлеңдерін ата.

    Жауабы: оқушы бірнеше мысал келтіреді.

Мағынаны тану

Топтар өткен сабақта құрылған жоспар бойынша кезекпен сөйлейді.

Тұсаукесер

10 минут

Негізгі бөлім: топтық жұмыс

Әр топ берілген бағыт бойынша «Өтеген батыр» дастанын талдайды.

I топ: Композициялық құрылымына талдау

Оқиғаның басталуы

«Жиделібайсын жеріне, алып келсем елімді, қалмас еді-ау арманым…»

Оқиғаның дамуы

Бір жайлы қоныс іздеп он жеті жыл ел-жұртын аман-есен аралайды.

Оқиғаның шиеленісуі

«Жиделібайсын деген жақсы жерге, көшелік тіл алсаңдар жерден ауып…»

Оқиғаның шарықтау шегі

Елдің Өтеген батырдың сөзін тыңдамауы.

Оқиғаның аяқталуы

Өтеген батырдың Түркістанға кетуі.

II топ: Дастанның көркемдік ерекшелігі

Теңеу

«қойдай шулап», «құрдай жайнап».

Эпитет

«жақсы жер», «жақсы қоныс», «жабайы арпа», «қара шеңгел».

Ассонанс

«Айтады көрген менен білгендерін, аралап жиһан кезіп көрген жерін…»

III топ: Өлең құрылысына талдау

Өтеген аман-есен келді дейді,
Аралап талай жерді көрді дейді,
Бір жайлы қоныс іздеп он жеті жыл,
Ел-жұртын аман-есен көрді дейді…

Өлең өлшемі

  • 4 тармақты
  • 3 бунақты
  • 11 буынды
  • Қара өлең ұйқасы

Қосымша мәлімет

Мұғалімнің аты-жөні
Жанысбекова А.
Материал
«Жамбыл Жабаев. Өтеген батыр» (жүктеу)