Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сынып
5
Пән
Қазақстан тарихынан әңгімелер
Тақырып
А. Құнанбаев — қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдістер
Әңгімелесу, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
Суреттер, тірек-сызбалар
Пәнаралық байланыс
География, қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаев туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Қосымша материалдарды пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін дамыту және өздігінен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік

Туған елін, жерін, мәдениетін қадірлеуге және сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, қатысымды тексеру, журнал толтыру.
  • Сынып тазалығына мән беру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2) Үй жұмысын тексеру

§35 бойынша түсініктерін сұрап, сұрақ-жауап жүргізіледі. Үй жұмысы қорытындыланып, бекітіледі.

3) Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың мақсаты тақтаға жазылып, оқушыларға таныстырылады.

Ой түрткі сұрақ

Абай Құнанбаев кім?

ұлы ақын кемеңгер ойшыл қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы сазгер күйші аудармашы

Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінмен танысу.
  • Кестені толтыру.
Тапсырма Жауап (оқушы толтырады)
Абай Құнанбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
Қандай өлеңдерін білесіңдер?
Абайдың қанша қара сөзі бар?
Шығармаларында жастарды неге шақырады?

«Жұлдызды сәт» ойыны (сұрақ-жауап)

1) Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы кім?

А. Құнанбаев

2) А. Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары?

1845–1904

3) Абай қай жерде туды?

Шыңғыс тауында

4) Абай Құнанбаевтың шын есімі?

Ибраһим

5) Абайды «Абай» деп атап кеткен кім?

Анасы — Ұлжан

6) Абай қай рудан шыққан?

Тобықты

7) Әкесі Құнанбай старшын болған ру?

Тобықты

8) Абайдың ең жақын досы?

С. Гросс

9) Қазақ әдебиетінің дамуындағы Абайдың еңбегі?

Жазба әдебиеттің негізін қалады

10) Абай Семейде қай оқу орнында оқыды?

Ахмет Риза медресесінде

11) Құнанбай Абайды неге оқуын бітіртпей алып кетті?

Ел басқару ісіне араластырғысы келді

12) Абайдың дүниетанымына орыс интеллигенциясынан кім әсер етті?

Л. Толстой

13) Біржан салдың 1865 ж. кіммен кездесуі сазгерлік шеберлігінің дамуына әсер етті?

Абаймен (20 жас)

14) Философиялық нақыл сөздері берілген шығармасы?

«Ғақлиялар»

15) «Орта жүз руларының шығу тегі туралы» еңбектің авторы?

Абай

16) Абай кімнің шығармаларын аударды?

Гете

17) Абайдың ұлы Әбдірахман қайда білім алды?

Петербургте

18) А. Құнанбаев тоғыз жыл басқарған болыс?

Шыңғыс болысы

19) Абайдың әжесінің есімі?

Зере

Сөзжұмбақ

Негізгі сөздер: Тобықты, Гете, Ұлжан, Ғақлиялар, Ахмет Риза, Зере, Ақын

Тігінен

  1. Абайға жеңгелерінің еркелетіп қойған аты — Телғара.

Көлденеңінен

  1. А. Құнанбаевтың руы.
  2. Абай аударған автор.
  3. Абайдың анасының аты.
  4. Философиялық нақыл сөздері берілген еңбегі.
  5. Семейде оқыған оқу орны.
  6. Әжесінің есімі.
  7. Абай Құнанбаев кім?

Сәйкестендіру тапсырмасы

Термин Сипаттама
Абай Шешесі (ана тұлғасы)
Ибраһим Азан шақырып қойылған есімі
Телғара Жеңгелерінің еркелетіп қойған аты

Тапсырма: оқушылар терминдер мен сипаттамаларды дұрыс сәйкестендіреді.

4) Қорытындылау және бекіту

Сабақ соңында негізгі ұғымдар қайталанып, сұрақ-жауап арқылы білім бекітіледі.

5) Үй тапсырмасы

Оқу

§36. Оқып келу.

Қосымша

Қосымша тапсырмаларды орындау.