Қазақша рефераттар

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдеріПАРТИЯШЫҒАБай едің өз алдыңа шаруа баққан, Шалықтап, шалқып сөйлеп, шалқақ қаққанОйладың, осы малдың арқасындаМен - дағы атансам деп бір жез таққан

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері

ПАРТИЯШЫҒА
Бай едің өз алдыңа шаруа баққан,
Шалықтап, шалқып сөйлеп, шалқақ қаққан
Ойладың, осы малдың арқасында
Мен-дағы атансам деп бір жез таққан.

Сол сағат келді саған мың пұт өсек,
Ал жауды үсті-үстіне кесек-кесек!
Жайлықта жеркенетін жексұрын шалды
Амалсыз қабыл алдың, көрпе төсеп.

Келгендер бәрі бірдей мақтай келді,
Мал-жанын салмақшы боп жақтай келді.
Қымыз ішіп, етіңді жеп болғанша,
Іш пікірін ішіне сақтай келді.

ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке