Үнді дауыссыз дыбыстарды ата

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы

Фонетика

Сабақтың түрі

Қайталау сабағы

Типі: аралас

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ–жауап
  • Ойын элементтері

Оқыту формалары

  • Жеке
  • Топтық
  • Ұжымдық

Көрнекіліктер

Суреттер, кеспе әріптер.

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, бейнелеу өнері, орыс тілі.

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Тіл дыбыстары мен олардың жіктелуін меңгерту.
  • Фонетика бойынша өткен тақырыпты бекітуге арналған сергіту сәтін ұйымдастыру.

2) Тәрбиелік

  • Оқушыларды топтасып, бірлесе жұмыс істеуге шақыру.
  • Ұқыптылыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
  • Патриоттық сезімді ояту.

3) Дамытушылық

  • Оқушылардың сөз байлығын дамыту, қазақ тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру.
  • Суреттер арқылы сөйлем құрастырып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
  • Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты сабаққа дайындау, назарын шоғырландыру, топтық жұмысқа бағыттау.

2) Үй тапсырмасын тексеру

I. 5-жаттығу

  • Мәтінді көшіріп жазу.
  • Бір сөзге фонетикалық талдау жасау.

II. «Бетпе-бет» студиясы

Сұрақ–жауап арқылы үй тапсырмасын бекіту.

Үй тапсырмасын бекіту: «Ереже әлемі»

Алфавит

Аа, Әә, Бб, Вв, Гг, Ғғ, Дд, Ее, Ёё, Жж, Зз, Ии, Йй, Кк, Ққ, Лл, Мм, Нн, Ңң, Оо, Өө, Пп, Рр, Сс, Тт, Уу, Ұұ, Үү, Фф, Хх, Һһ, Цц, Чч, Шш, Щщ, ъ, Ыы, Іі, ь, Ээ, Юю, Яя.

Дауысты дыбыстар

Дауысты дыбыстар тілдің қатысу қалпына қарай жуан және жіңішке; жақтың ашылу қалпына қарай ашық және қысаң; еріннің қатысуына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді.

Жуан

а, о, ұ, ы

Жіңішке

ә, ө, ү, і, е, и

Ашық

а, ә, о, ө, е

Қысаң

ұ, ү, ы, і, и

Еріндік

о, ө, ұ, ү, у

Езулік

а, ә, е, ы, і, и

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң

к, қ, х, п, ф, с, т, ш, щ, ч, ц

Ұяң

б, в, г, ғ, д, ж, з, һ

Үнді

й, л, р, у, м, н, ң

Буынның түрлері

Ашық буын

Бір дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.

Мысалдар: а-та, ә-ке, і-ні, ба-ла.

Тұйық буын

Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буын.

Мысалдар: ат, ет, ұн, ант, ұлт, өрт.

Бітеу буын

Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталатын буын. Бітеу буында кемінде 3 дыбыс болады: дауыссыз–дауысты–дауыссыз.

Мысалдар: мал, құс, қыс, тарс, жалт.

Қызығушылықты ояту кезеңі

Сөздерді буынға бөліп, буын түрлерін ажырату.

Жаттығу жұмыстары

1-жаттығу: «Кім жылдам?»

Буынға бөлу және жуан/жіңішке буынды ажырату

Бүгін, бес, біз, есеп, тақта, домбыра, сызғыш, жақсы, пән, ұнайды, ән, сабақ, парта, әтеш, дәптер, терезе, оқы, қалам, есік, өшіргіш, күнделік.

Жуан буынды сөздер

Оқушылар тізімнен анықтап жазады.

Жіңішке буынды сөздер

Оқушылар тізімнен анықтап жазады.

2-жаттығу: Сөйлемдерді толықтыру

Қазақ тілі сабағында біз сөйлейміз.

Орыс тілі сабағында біз сөйлейміз.

Математика сабағында біз шығарамыз.

Ән сабағында біз айтамыз.

Керекті сөздер

есеп, ән, орысша, қазақша

Сергіту сәті

Қысқа сергіту жаттығулары арқылы зейінді қайта шоғырландыру.

3-жаттығу: Түбірді табу

Оқу

оқимын, оқисың, оқиды, оқисыз

Жазу

жазамын, жазасың, жазады, жазу

Оқушы / оқулық

ортақ түбірді анықтау

Шығу

шықтым, шықтық, шықты

Тақта

тақтада, тақтаға, тақтаның

Сабақ

сабақтар, сабаққа, сабақты, сабақтың

Қалам

қаламның, қаламға, қаламды, қаламдар

Фонетикалық талдау

тауық, жүзім

Ойын бөлімдері

«Ғажайып бестік»

Тақырып бойынша қысқа тапсырмалар.

«Дыбыстар әлеміне саяхат»

Дыбыстарды ажырату және жүйелеу.

«Мақал-мәтелдер әлемі»

Мақал-мәтелдердің мазмұнын талдап, негізгі ойды ашу.

Сөздік диктант

Родина, гимн, герб, флаг, столица, тема, задача, песня, рассказ, предмет.

Мақсаты: сөздерді дұрыс жазу және дыбыстық құрамын байқау.

4-жаттығу

Эссе

«Менің Отаным — Қазақстан»

Оқушылар өз ойларын жүйелі жеткізіп, тақырып бойынша қысқа эссе жазады.

Қорытынды: «Жұлдызды сәт»

Сұрақ–жауап арқылы сабақты қорытындылау.

  1. 1. Буын дегеніміз не? Буын түрлерін ата.
  2. 2. Ашық буын дегеніміз не?
  3. 3. Тұйық буын дегеніміз не?
  4. 4. Бітеу буын дегеніміз не?
  5. 5. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.
  6. 6. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

Үй тапсырмасы

5-жаттығу (23-бет): 10 сөзді буынға бөліп, буын түрлерін ажыратып жазу.