Сыр сандық жасырынған заттарды жұмбақтау
Сайысқа қош келдіңіздер!
Астана қаласы №68 орта мектептің математика пәні мұғалімі Мирзамуратова Гүлшат Омарқызы ұйымдастыратын «Ғажайып алаң» интеллектуалды математикалық сайысына қош келдіңіздер!
Бүгін сіздер математиканың жұмбақ та тылсым әлеміне үңіліп, оның күнделікті өмірдегі мәнін, қызығы мен тартымын сезінесіздер.
Мақсаты
- Математиканың күнделікті өмірде қолданылуын және қажеттілігін көрсету.
- Теориялық білімді практикада қолдана білуге дағдыландыру.
- Топпен бірігіп жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.
- Уақытты тиімді пайдаланып, тез әрі дұрыс шешім қабылдауға үйрету.
Қатысушылар және ұйымдастыру
Ойынға қатысушылар
- «Бірліктер» тобы
- «Ондықтар» тобы
- «Жүздіктер» тобы
Көмекшілер: 3 оқушы
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Секторлы тақтайшаға орнатылған айналдырма
- Үлестірмелі қағаздар (карточкалар)
Ойын шарты
- Үш топ үстелді дөңгелене отырып орналасады.
- Әр топ кезекпен секторлы тақтайшадағы айналдырманы айналдырады.
- Жүргізуші тапсырманы толық оқып болған соң, үш топқа да есептің негізгі бөлігі жазылған карточкалар таратылады. Бұл басқа топтарға да жауап беріп, ұпай алуға мүмкіндік береді.
- Тапсырманы алған топ дұрыс жауап берсе, ұпай сол топқа жазылады; егер жауап қате болса, дұрыс жауап берген топ ұпай алады.
Көк сектор (жеке тапсырма)
Айналдырма көкке тоқтаса, тапсырма бір топқа беріледі. Дұрыс жауап болмаса, басқа топ жауап беріп, ұпай ала алады.
Жасыл сектор (жалпы сұрақ)
Сұрақ барлық топқа қойылады. Әр топ жауабын жазбаша береді. Дұрыс жауап берген әр топқа 3 ұпай.
Қызғылт сары сектор («Сыр сандық»)
Жасырылған зат жұмбақталып айтылады. Әр топ атауын қағазға жазады. Дұрыс жауап берген әр топқа 2 ұпай.
Қызыл сектор (жедел раунд)
Әр топқа сұрақтар легі қойылады. 1 минут ішінде қанша сұраққа дұрыс жауап берсе, сонша ұпай алады.
Уақыт және ұпай
| Сектор | Уақыт | Ұпай |
|---|---|---|
| Көк | 5 минут | 5 ұпай |
| Жасыл | 3 минут | 3 ұпай |
| Қызғылт сары | 2 минут | 2 ұпай |
| Қызыл | 1 минут | Дұрыс жауап санына қарай |
Көк сектор тапсырмалары (логикалық есептер)
1-есеп
Екі бөлмеде барлығы 76 адам болған. Бірінші бөлмеден 30 адам, екінші бөлмеден 40 адам шыққанда, бөлмелердегі адамдар саны тең болды. Бастапқыда әр бөлмеде қанша адам болған?
Жауабы: 33 адам және 43 адам.
2-есеп
Тырналар топпен ұшқанда үшбұрыш жасап ұшады: алдыңғы қатарда 1 тырна, екінші қатарда 2, үшінші қатарда 3, осылай жалғаса береді. Егер соңғы қатарда 15 тырна болса, топта барлығы неше тырна ұшып барады?
Жауабы: 120 тырна.
3-есеп
Бөлмеде 2 ит, 3 құс және 1 шыбын бар. Осы жануарлардың аяқтарын қосып есептегенде барлығы қанша аяқ болады?
Жауабы: 20.
4-есеп
Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Жолаушы қыстаққа неше күнде жетеді?
Жауабы: 9 күнде.
5-есеп
Дорбада 10 асық бар. 10 бала бір-бірден алғанда да, бір асық дорбада қалып қойды. Бұл қалай болғаны?
Жауабы: бір бала асықты дорбасымен бірге алған.
6-есеп
Қорада тауықтар мен сиырлар бар. Олардың аяқтары мен мүйіздерінің жалпы саны 100-ге тең. Қорада қанша тауық және қанша сиыр болған?
Жауабы: 8 тауық, 14 сиыр.
Жасыл сектор тапсырмалары (жазбаша жұмыс)
- Дәрежелер: ((43)2 · a9) / (512 · (55)3) өрнегін дәреже көрсеткіші 3 болатын дәреже түрінде келтіріңдер.
- Функция: y = a x2 функциясының графигі (2; −8) нүктесінен өтеді. a-ның мәнін табыңдар.
- Салыстыру: Қай сан үлкен: 544 әлде 2112?
- Өрнек мәні: 3 1/8 − (4 5/16 + 1 1/4) амалын орындаңдар.
- Есептеңдер: (1/6 − 1/3) · (1/3 − 5/6).
-
Теңдеулер жүйесі:
Алмастыру тәсілімен шешіңдер:
x + y = 9
3x − 8y = 5
Қызғылт сары сектор («Сыр сандық») жұмбақтары
Әр жұмбақтың жауабын топтар қағазға жазып ұсынады.
1-жұмбақ
Пішіні тіктөртбұрышқа ұқсайды. Мектептен алыс тұратын оқушылардың көбінде бар, ал мектепке жақын тұратын оқушыларда болмайды. Оны жай ғана ала салмайсың. Мектебімізде оны тарататын адам бар. Бұл не?
Жауабы: жол билеті.
2-жұмбақ
Біреудің қалтасында, біреудің сөмкесінде жүреді. Бетінде сан жазылған; ол сан заттар ауысып кетпес үшін қажет. Оны жоғалтып алуға болмайды. Бұл не?
Жауабы: киім тапсырғанда берілетін белгіше.
3-жұмбақ
Әдебиет мұғаліміне бұл құрал қажет емес, ал математика мұғалімі 5-сыныптан бастап қолынан тастамайды. Өлшеп-өлшеп, бөліп-бөліп, бұрыштарды анықтайды. Бетіндегі белгілерді денең ауырғанда анаң да, дәрігер де қайта-қайта айтады. Бұл не?
Жауабы: транспортир.
4-жұмбақ
Бұлбұлдың екі құлағы, бір басы бар,
Салдырған сегіз жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
Жауабы: домбыра.
5-жұмбақ
Мұз жарғыш жүзіп келеді,
Бауыры қызып келеді.
Абайла, ойып түсер,
Ондайлар бұзық келеді.
Жауабы: үтік.
6-жұмбақ
Кітаптан алыстатты,
Әңгіме-әзілге бір табан жақындатты.
Үлгілі оқушы үшін қызық емес,
Еріншек, жалқауларды бір қуантты.
Жауабы: агент.