Қайталама қос сөздерді үйрену

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім

ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, №81 Ұлықбек атындағы негізгі орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Раимкулова Садокат Қайнарбековна.

Сабақтың тақырыбы

Қайталама қос сөздер

Сілтеме

  • ҚР Білім беру стандарты.
  • Күнтізбелік жоспар (4-сынып).
  • Ж. Қ. Балтабаева, М. Қ. Солтанғазина, Ф. С. Лекерова — «Қазақ тілі» оқулығы.

Қажетті ресурстар

Қалам, дәптер, кестелер, маркер, стикер, сюжетті суреттер, проектор, флипчарт.

Мақсаты мен күтілетін нәтиже

Мақсаты

  • Қайталама қос сөздерді меңгеру.
  • Жасалу жолдарын түсіну.
  • Бір түбірдің қайталануынан жасалатын сөздерді ажырата білу және сөйлем ішінен қайталама қос сөздерді табу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтан күтілетін нәтиже

  • Топтық жұмыс арқылы өзіндік ізденіс пен шығармашылық дағдылары дамиды.
  • Жаттығуларды талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдеу, тыңдау және тұжырым жасау қабілеттері жетіледі.

Оқытудағы модульдер мен әдіс-тәсілдер

Модульдердің кіріктірілуі

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Сыни тұрғыдан ойлау АКТ қолдану Оқыту үшін және оқуды бағалау Дарынды және талантты оқушы Жас ерекшелігіне сай оқыту Басқару және көшбасшылық

Әдіс-тәсілдер

  • «Үйінен адасқандар» әдісі
  • Салыстыру ойыны
  • «Өзің үшін хат» әдісі
  • «Өз орныңды тап» ойыны
  • Кері байланыс: ТЖК

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
  • Психологиялық дайындық: «Бағдаршам» арқылы ынтымақтастық орнату.
  • Топқа бөлу: «Ғажайып қарындаштар» ойыны арқылы топ құру және топ басшыларын тағайындау.
  • Бағалау критерийлері мен оқушы аты-жөні жазылған кестені тарату.

Үй тапсырмасын пысықтау

Үй тапсырмасы «Топтастыру» стратегиясы және «Үйінен адасқандар» әдісі арқылы тексеріледі. Оқушылар өткен сабақты қайталап, жауаптарын негіздеп, ұтымды жауап беруге дағдыланады.

Жаңа сабақ: «Білу» кезеңі

«Миға шабуыл» әдісі қолданылады. Оқушылар ребусты дұрыс шешуге бағытталады. Слайдта: қайшы, тал, «а» дыбысы, алма, қосу таңбасы, сөздік кітабының суреті және -дер қосымшасы беріледі.

Жаңа сабақ: «Түсіну» кезеңі

Өлең жолдары арқылы қайталама қос сөздердің мағынасы мен қолданысы таныстырылады:

Сылдыр-сылдыр бұлақтар, Сыбдыр-сыбдыр құрақтар. Күрт-күрт орып құр аттар, Сырт-сырт ойнар лақтар.

«Қолдану» кезеңі

  • I топ: 2-жаттығу (салыстыру әдісі).
  • II топ: «Өз орныңды тап» әдісі.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс тапсырмаларымен оқушылардың назарын жаңғырту.

«Талдау» және «Жинақтау» кезеңдері

Талдау

«Өзің үшін хат» әдісі бойынша дәптермен жұмыс ұйымдастырылады: оқушы жаңа ұғымды өз сөзімен қысқаша түйіндеп жазады.

Жинақтау (топтық жұмыс)

  • Жаттығу жұмысын орындау.
  • Үй жануарларының төлдерін қалай шақыратыны туралы мысалдар келтіру.
  • Қайталама қос сөздер қатысқан жұмбақтар құрастыру немесе табу.

Бағалау

Кезеңдер бойынша жиналған смайликтер электронды бағалау кестесіне енгізіліп, қорытынды баға шығарылады.

Кері байланыс

«ТЖК (түрлі желкенді кемелер)» әдісі арқылы оқушылар сабақтағы түсіну деңгейін және көңіл күйін білдіреді.

Үй тапсырмасы

Жаттығу

4-жаттығу: суретке қарап, қос сөздерді қатыстырып шағын мәтін жазу.

Шығармашылық жұмыс

Қыс мезгіліне арналған төрт жолды өлең құрастыру.

Құжаттың толық нұсқасы

Қажет болса, толық нұсқасын жүктеп, сабақ жоспарын кеңейтілген түрде қолдануға болады.

Толық нұсқасын жүктеу