Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы • «№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесі
Информатика пәні мұғалімі Джолдасова Багила Новчабаевна ұйымдастырған «Сынып көшбасшысы» интеллектуалды ойынының мазмұны мен өткізу барысы төменде жинақталып берілді.
Ойынның мақсаты
- Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру.
- Ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту.
- Шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
- Өткен материалды шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі
Материалдар
Тапсырмалар жазылған бетшелер, слайдтар.
Қанатты сөздер
- «Информатика болашаққа бастайды»
- «ХХІ ғасыр — компьютер ғасыры»
- «Компьютерді меңгеру — өмір талабы»
Ойынның басталуы
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті ұстаздар, әділқазылар алқасы және оқушылар! «Сынып көшбасшысы» интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер! Сіздермен бірлесе отырып, информатика пәні бойынша білімімізді сынайтын сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын толқын жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Қатысушылар
Ойынға қатысатын оқушылар ортаға шақырылып, таныстырылады.
Әділқазылар алқасы
Ойынға төрелік ететін әділқазылар таныстырылады.
Ойын шарты
Сұрақ саны
Сайыскерлерге 16 сұрақ қойылады.
Ұпай
Дұрыс жауапқа — 10 ұпай.
Қате жауап
Қате жауап берген ойыншы келесі сұраққа жауап беру құқынан айырылады.
І тур: «Бәйге»
Негізгі тақырып: информатика негіздері
-
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал. Компьютер
-
ЭЕМ-мен жұмыс кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? 60–70 см
-
Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы. Сканер
-
Компьютердің «миы», ең басты бөлігі. Процессор
-
Принтердің неше түрі бар? 3 (матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік)
-
Графикалық редактор. Paint
-
Мәтіндік редактор. Word / WordPad
-
Компакт-диск оқу құрылғысы. CD-ROM
-
Дүниежүзілік компьютерлік желі. Интернет
-
Компьютер «ауруы». Вирус
-
Windows деген не? Операциялық жүйе (терезелер)
-
F1 пернесінің қызметі. Анықтама (көмек)
-
Компьютер құрылғысы неше бөліктен тұрады? 2
-
Пернетақта неше бөліктен тұрады? 4
-
WordPad редакторын қалай іске қосамыз? Пуск → Программы → Стандартные → WordPad
ІІ тур: «Тіл — өнер»
Қадыр Мырзалиевтің тағылымды сөзімен тіл құндылығын еске түсіре отырып, оқушылардың сөздік қорын да сынаймыз:
Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Ереже
- Жасырын сөз жұмбақ түрінде оқылады.
- Сөзді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтса — 20 ұпай.
- Екі тілде айтса — 10 ұпай.
-
«Ас — адамның арқауы», ал компьютердің «асы»…Ток Ток Current
-
Компьютермен жұмыс істеуді жеңілдететін қосымша құрылғы.Тышқан Мышь Mouse
-
Компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы.Пернетақта Клавиатура Keyboard
-
Мектепке келгенде ең алдымен қолымызға ұстайтын зат.Қалам Ручка Pencil
-
Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ.Терезе Окно Window
-
Компьютердің негізгі бөлігі («миы»).Жүйелік блок / Процессор Системный блок / Процессор System unit / CPU
-
Дыбыс шығаратын құрылғы.Дыбыс зорайтқыш Колонка Speaker
-
«Сәлем — … патшасы».Сөз Слово Word
-
«Кітап — … бұлағы».Білім Знание Knowledge
-
Тышқанның неше батырмасы бар?Үш Три Three
Тур қорытындысы
Екінші тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға: «Ойында жеңілсең де, өмірде жеңілме» деген тілек айтылып, қошеметпен ортадан шығарып салынады.
Көрерменге үндеу
Көрермен жиналған, біл, тамашаға —
Құр қалып, жым отыру жараса ма?
Туыс-досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талапқа.
Мәңгі бақи есте қалар ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар, қиынырақ сұрақ болсын.