Даңқ сөзінің синонимін тап
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән / Сынып
Қазақ тілі, 5-сынып
Сабақтың тақырыбы
Синонимдер (презентациямен)
Сабақтың түрі
Жаңа материалды меңгерту сабағы
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Синонимдер сөздігі
Сабақтың әдістері
- Проблемалық сұрақ қою
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
- Ізденушілік, зерттеушілік әрекеттер
- Ойын түрлері
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, бейнелеу өнері
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларды сөз мағынасына мән беруге, сөздерді лексикалық тұрғыдан талдай білуге үйрету.
Дамытушылық
Ойлау және пайымдау қабілеттерін дамыту; сөйлеу шеберлігін, ой ұшқырлығын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Туған тіл — әр елдің ұлттық мақтанышы екенін ұғындырып, елін, жерін, тілін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
- Сабаққа назар аударту.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Омонимдер тақырыбын қайталау
- Омонимдер дегеніміз не?
- Омонимдердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы неде?
68-жаттығу
Әзіл өлең құрастыру. Әр шумақта міндетті түрде омоним сөз болуы керек.
Жаңа сабақ: синонимдер
Әр бағандағы сөздерге сұрақ қойып, мағынасы мен жазылуын салыстыру арқылы оқушылармен бірге синонимнің ережесін шығарамыз және оқулықтағы ережемен сәйкестендіреміз.
Анықтама
Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ дыбысталуы (айтылуы) әртүрлі сөздер тобы синонимдер деп аталады.
Зат есімдер — “Кім?”
- Мұғалім Ұстаз Педагог Оқытушы
Сын есімдер — “Қандай?”
- Қадірлі Қастерлі Құдіретті Құрметті
Етістіктер — “Не істеу?”
- Күту Кідіру Аялдау Тосу
Үстеулер — “Қашан?”
- Жуырда Таяуда Жақында Жуықта
Маңызды ескерту: синонимді орынды қолдану
Тақтада жігіт пен таудың суреті берілген деп алайық. Салыстырып көрейік: аласа бойлы жігіт, бойшаң жігіт; биік тау.
Осы сөздерді биік жігіт, бойшаң тау деп қолдануға бола ма?
Қорытынды: синонимдер мағынасы жақын болғанымен, оларды жағдаятқа сай, дәл қолдану қажет.
Жаңа сабақты пысықтау
1) Сурет бойынша жұмыс: “Кім тапқыр?”
ОйынБұл кім?
- Ұстаз Мұғалім Оқытушы
- Адам Кісі Жан Пенде
- Ер бала Жігіт Ұл
- Қарт Кәрі Қария
- Нәресте Сәби Бөбек Бала Перзент
Бұл не?
Қандай көңіл күй?
2) Оқулықпен жұмыс: 70-жаттығу
Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып, әр синоним сыңарын бір вагон деп есептеп, синоним қатарларынан “пойыз” құрастырыңдар. Соңында пойызда неше вагон болғанын айтыңдар.
1-қатар — “Туысқан”
Туыс, тума, ағайын, туған-туыс, жекжат-жұрағат, жамағайын
2-қатар — “Данышпан”
Ұлы, дана, ғұлама, ойшыл, білімдар, оқымысты, данагөй
3-қатар — “Азайту”
Алу, кеміту, шегеру, қысқарту
3) 71-жаттығу
Мәтінді оқып, ондағы ғажап, шақ, қараулық, уәде, айла, жан сөздерінің синонимдерін табыңдар.
Ғажап
Ғажайып, керемет, керім, таңғажайып
Шақ
Кезінде, уақытында
Қараулық
Әділетсіздік
Уәде
Уағда, серт, ант
Айла
Амал, тәсіл
Жан
Адам, кісі, пенде
4) Тұлғатану: Ахмет Байтұрсынұлы
Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 140 жыл. Оқушылардан оның өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша сұралады.
Өлең шумақтарынан үзінді беріліп, ондағы синоним бола алатын сөздерді табу жұмысы жүргізіледі.
Өлеңнен үзінді
Талапты жастың бірі — сен, бір балам,
Келіпсің дәмің айдап Қаратайдан.
Қаңбақтай жел аударған ажырапсың,
Ел-жұрттан, туысқаннан кейін қалған.
Талапты
Ізденімпаз, ынталы, талапшыл
Ажырау
Айырылу, бөліну
Ел-жұрт
Жұртшылық, көпшілік
Туысқан
Туыс, ағайын, тума, туыстас
5) Сергіту сәті: “Тату сөздер”
Шығармашылық“Ерте, ерте, ертеде Лексика деген ауыл болыпты...” деген шағын әңгіме арқылы синонимдердің тату, мағынасы жақын сөздер екенін бекітеміз. Тапсырма: байдың 5 ұлы мен 5 қызына мағынасы ұқсас сөздерден ат қойыңдар.
Күш-қуатқа қатысты
Сұлулыққа қатысты
Сабақты қорытындылау: тест
-
1. “Синоним” дегеніміз —
- A) Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер
- B) Мағыналары қарама-қарсы сөздер
- C) Жазылуы әртүрлі, мағыналары бір-біріне жуық сөздер
-
2. “Даңқ” сөзінің синонимін тап.
- A) Мықты
- B) Атақ
- C) Дәулет
-
3. “Қадірлі, құрметті, қадірменді” синонимдік қатары қай сөз табына жатады?
- A) Сын есім
- B) Зат есім
- C) Үстеу
-
4. “Адам” сөзінің синонимін тап.
- A) Шәкірт
- B) Дос
- C) Кісі
-
5. Синонимдік қатардың дұрысын тап.
- A) Күлу, сықылықтау, жылау
- B) Зат, мүлік, нәрсе, бұйым
- C) Көне, жаңа, ескі
Үй тапсырмасы
71-жаттығу
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай білімдері бағаланады.