Қанша көбелек
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Атырау қаласы, №1 Мектепке дейінгі авторлық гимназияның қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ибрагимова Эльмира Имашевна дайындаған «Сандар әлеміне саяхат» тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Қысқаша мәлімет
Білім беру саласы
Қатынас
Оқу іс-әрекетінің түрі
Қазақ тілі
Тобы
Ересектер тобы
Тақырыбы
Сандар әлеміне саяхат
Мақсаты
- 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту.
- Сандарды басқа сөздермен байланыстыра қолданып айту дағдыларын қалыптастыру.
- Шапшаңдыққа, тез ойлауға және қазақ тілінде дұрыс жауап беруге үйрету.
- Балалардың танымдық және логикалық қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап
Жауапты тез құрастыру, дұрыс дыбыстау және ойды нақты жеткізу.
Пиктограммамен жұмыс (мнемотехнология)
Белгілер арқылы сөйлем құрастыру, сөз тіркесін байланыстыру.
Интерактивті флипчарт-ойындар
Экрандағы тапсырмалар арқылы зейін мен қызығушылықты арттыру.
Дидактикалық-қимылдық ойын
Қозғалыс пен тілді қатар дамыту: лақтыру, жауап беру, қайталау.
Қостілділік (билингвальді) компонент
0
нөл — ноль
1
бір — один
2
екі — два
3
үш — три
4
төрт — четыре
5
бес — пять
6
алты — шесть
7
жеті — семь
8
сегіз — восемь
9
тоғыз — девять
10
он — десять
Сабақтың құрылымы (кезеңдер бойынша)
1) Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Сәлемдесу
Педагог
«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»
Балалар
«Сәлеметсіз бе!»
Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Жарқыраған күнге!
Ғажайып сәт: «Сандар әлеміне саяхат»
Педагог балаларға бүгін «Сандар әлеміне саяхатқа» шығатынын хабарлайды. Осы сәтте «Маша мен аю» мультфильміндегі Машаның дауысы естіледі. Маша балалардан өзімен бірге баруды сұрайды: келесі жылы мектепке барады, сондықтан қазақша санауды үйренгісі келеді.
Педагог Машаны қошеметтеп, балаларға сандарды еске түсіруді ұсынады.
2) Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең
Бұл бөлімде балалар интерактивті тапсырмалар, ойындар және қозғалыс арқылы 1–10 сандарын бекітеді, аударма жасап, сөйлем құрастырады.
1. «Санап көр!» (флипчарт-ойын)
Экранда суреттер мен сандар шығады. Балалар суреттер санына сәйкес цифрды интерактивті қаламмен басады. Дұрыс жауапқа — көңілді смайлик, қате жауапқа — көңілсіз смайлик шығады.
2. «Алма бағында» (флипчарт-ойын)
Аю Машаны «Сандар әлеміне» жібермес бұрын алма ағашындағы алмаларды кәрзеңкелерге жинауға көмектесуді сұрайды. Балалар амалдарды орындайды: 2 + 2 = 4, 5 − 3 = 2. Шешімге сәйкес сан жазылған алманы тиісті кәрзеңкеге қаламмен орналастырады.
3. «Қанша көбелек?» (флипчарт-ойын)
Маша жолда көбелектерді анық көре алмайды. Лупаны қолданғанда ғана көбелектер көрінеді. Балалар Машамен бірге көбелектерді санайды.
4. «Неше жаста?» (флипчарт-ойын)
Жолда Машаның алдынан туған күндерін атап жатқан жануарлар кездеседі (қоян, тиін, қасқыр). Жасты торттың үстіндегі майшам саны арқылы анықтайды. Мысалы, «Қоян неше жаста?» — «Қоян үш жаста».
5. «Аудармашы» (дидактикалық-қимылдық ойын)
Мұғалім допты лақтырып, сандарды орыс тілінде айтады. Балалар қазақ тіліне аударып жауап береді де, допты кері лақтырады.
6. «Қызықты пиктограмма»
Машаның келесі тапсырмасы — белгісіз таңбалар мен сандарды тиісті орнына қойып оқып, сөйлем шығару. Мысалы: «Менде бір алма бар.»
Кейін балалар ойыншықтар мен сандарды қолданып өздері сөйлем құрастырып айтады (тапсырманы текшелер арқылы да орындауға болады).
7. «Қай сан жоқ?» (флипчарт-ойын)
Экранда бір саны түсіп қалған сандар қатары беріледі. Балалар жоғалған санды тауып, сол санның көршілерін атайды. Мысалы: «Қай сан жоқ?» — «2 жоқ». «2 санының көршілері қандай?» — «1 және 3».
8. Мақал-мәтелдер
Балалар құрамында сан атаулары бар мақал-мәтелдерді айтады:
- 1) Дос сегіз болса, дұшпан сегіз.
- 2) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
- 3) Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық.
9. Қорытынды сәт: «Сандар әлеміне жеттік»
Балалар Машамен бірге «Сандар әлеміне» жетеді. Маша қуанады, балалардан да көңіл күйін сұрайды. Соңында бәрі бірге «Санау әнін» (бейнеән) орындайды.
Маша балаларға алғыс айтып, қазақ тілінде санауды үйренгенін жеткізеді және аю досына да үйрететінін айтады. Қоштасады.
3) Рефлексиялық-түзетушілік кезең
Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті бойынша әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқанын және нені үйренгенін сұрайды. Балалар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды.
Күтілетін нәтиже
Біледі
Сандар мен зат атауларын қазақ тілінде атай алады.
Игереді
Қазақ тілінде 1-ден 10-ға дейін санауды меңгереді.
Меңгереді
Сандар мен зат атауларын байланыстырып, сөз тіркесі мен сөйлем құрастыра алады.