Геометриялық фигураларды ата

Сабақтың тақырыбы

Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты

Үш таңбалы санға жазбаша бөлудің тәсілдерін үйрету; өрнек құрастыру, оның мәнін табу; есептер шығару; геометриялық фигуралардың ауданын табуға арналған тапсырмалар арқылы білімді бекіту.

Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, логикалық ойлауды дамыту.

Пәнге қызығушылықты арттыру, ата-баба мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың жүрісі

Сабақ ерекше форматта өтеді: 4-сыныптар арасында ұйымдастырылған «Бабалар өсиеті – бізге мұра» апталығы аясында біз ұлттық тағамдар тақырыбын «тойға сапар» түрінде саяхат-сабақ ретінде жүргіземіз. Қазақ халқының қонақжай дәстүрін еске алып, бірнеше «ауылға» тоқтап, тапсырмаларды орындаған сайын алға жылжимыз. Сыныпта қонақтар бар, сондықтан білімімізді жинақтап, белсенділік танытамыз.

I. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу, сабақтың ерекше форматын таныстыру.
  • «Тойға бару» үшін ауыл-ауылды аралап, тапсырмаларды орындау тәртібін түсіндіру.
  • Оқушыларды ынталандыру: «Сәт-сапар!»

1-аул: «Амал таңбалары»

Үй тапсырмасын тексеру

№6, 48-бет. Амал таңбаларын атау және қайталау.

Ауызша есептеулер

(4600 + 2400) : 7

5 × 5 + 3560 = 8560

(3689 + 1311) : 5

4 × 4 + 5321 = 9321

(1150 + 1250) : 6

8 × 8 + 6347 = 9547

Осы бөлімнен кейін жаңа сабақтың тақырыбы хабарланып, қысқаша түсіндіріледі (тақтамен жұмыс).

2-аул: «Есептер»

Бұл ауылда жазбаша бөлу дағдыларын бекіту үшін оқулықтағы есептер тақтада талданып шығарылады.

4167 : 463 = 9
5256 : 584 = 9
11584 : 362 = 32
65076 : 986 = 66
5274 : 586 = 9
6183 : 687 = 9
36512 : 652 = 56
93765 : 987 = 95
1539 : 171 = 9
1358 : 194 = 7
12152 : 124 = 98
13533 : 347 = 39

3-аул: «Өрнектер»

Өрнек ұғымын еске түсіріп, №3 тапсырма бойынша өрнек құрастырып, оның мәні табылады. Жауаптар тақтадан тексеріледі.

а)

208 500 − 44 455 : 523 = 200 000

ә)

124 638 + 80 294 + (9 507 − 9 179) = 205 260

б)

56 058 + 452 × 325 = 202 958

4-аул: «Өлшем бірліктері»

Өлшем бірліктерінің түрлері аталып, №4 тапсырма орындалады. Бір сөзбен: масса өлшем бірліктері.

6 кг = 6 000 г
147 кг = 147 000 г
5 кг 2 г = 5 002 г
39 кг = 39 000 г
5 кг 458 г = 5 458 г
7 кг 4 г = 7 004 г
9 кг 678 г = 9 678 г
5 кг 20 г = 5 020 г

5-аул: «Логикалық есептер»

Бұл бөлімде сергіту ретінде логикалық сұрақтар қойылады.

Бір аяғымен тұрған әтештің салмағы 3 кг. Егер екі аяғымен тұрса, салмағы неше килограмм болады?

Бір адамға күніне 20 г тұз қажет. 1 кг тұз неше күнге жетеді?

Екі апа, екі қыз және бір әже нан илеп отыр. Олар үш табақ нан илейді. Неше адам нан илеп отыр?

Оқулықпен жұмыс: №5 тапсырма

Әр қатарға жеке тапсырма беріледі: есептің берілгені оқылады, тағам түрлері анықталады, «не белгілі – не белгісіз» талданады. Шешуі мен жауабы тақтада рәсімделеді.

а)

Жұмсалды: 6 күнде — 4 кг 500 г

Қалды: 32 кг

Әкелінді: ?

Шешуі: 4 500 × 6 + 32 = 27 032

Жауабы: 27 032 кг күріш әкелді.

ә)

Орамжапырақ қосылғаны — 85 бәліш, күріш қосылғаннан 2 есе кем.

Шешуі: 85 × 2 − 85 = 85

Жауабы: 85 бәліш артық.

б)

Ұн қапшық: 17 дана — 34 кг

Күріш қапшық: 25 дана — 75 кг

Шешуі: 34 : 17 = 2

75 : 25 = 3

3 − 2 = 1

Жауабы: 1 кг ауыр.

6-аул: «Геометриялық фигуралар»

  • Қандай геометриялық фигураларды білеміз? Атау.
  • Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
  • Параллелепипедтің көлемін қалай табамыз?

№6 тапсырма

Берілгені оқылады, теңдеу құрылады.

A)

a = 14 дм, S = 126 дм²

14 × b = 126

b = 9 дм

Ә)

P = (9 + 14) × 2 = 46 (дм)

7-аул: «Теңдеу»

Теңдеу ұғымы таныстырылады. Теңдеуді алғаш жүйелі қолданған ортаазиялық ғалым-математик Әл-Хорезми екені айтылады. Ол теңдеуді шешудің екі тәсілін ұсынған: әл-муқабала және әл-джебір. Осыдан «алгебра» атауы қалыптасқан деген қорытынды жасалады: демек, теңдеу — алгебраның бастамасы.

Оқулық: №7 тапсырма

Теңдеуді қарап, оның түрін анықтау: күрделі теңдеу.

Қорытындылау

«Той болып жатқан ауылға» жақындағанда, өткен жол қорытындыланады: не үйрендік, не білдік, тапсырмаларды орындауға кімдер көмектесті?

  • Мадақтау және бағалау.
  • Үй тапсырмасын беру.
  • Сабақ соңында оқушыларға және келген қонақтарға ұлттық тағамдардан дәм ұсынылады.