Бірінші сөзді мектебіміздің директоры
Азаматтық қорғаныс күніне арналған аудандық семинар: «Ал, кәнеки, жігіттер» сайысының жоспары
Іс-шара форматы: салтанатты ашылу, қонақтар сөзі, қазылар алқасымен таныстыру, 12 кезеңнен тұратын сайыс, қорытындылау және марапаттау.
Қатысушыларға үндеу
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар және оқушылар! Азаматтық қорғаныс күніне арналған «Ал, кәнеки, жігіттер» сайысына қош келдіңіздер!
Салтанатты сәт
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Қай заманда да адамзат алдына қойылатын ең ұлы мақсат — ел мен жердің амандығы. Сол амандықтың тірегі — салауатты, білімді, мәдениетті, еңбекқор ұрпақ. Халқымыз «Жігітке жеті өнер де аз», «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болу керек» деп, жас ұрпақты жан-жақты жетілуге тәрбиелеп келген.
Ұлттық өнердің болмысын танып, асылын қастерлеу — бүгінгі және болашақ ұрпақ алдындағы ортақ міндет. Бүгінгі сайыс — сол дәстүр мен тәрбиенің сабақтастығын танытатын мазмұнды алаң.
Қонақтарға сөз беру
1) Мектеп директоры
__________________________
2) Аудандық білім бөлімінің АӘД және дене шынықтыру пәндерінің әдіскері
__________________________
3) Қосымша құттықтау сөз
__________________________
Сайыстың ашылуы
Құрметті жиналған қауым! Бүгін мектебімізде думанды мереке. Көңіл сергітіп, рухты көтерер өнер мен күш сайысына қош келдіңіздер!
Құттықтау
Осы байқауға қатысатын жігіттерді, тамашалауға келген қонақтарды және әділ бағасын беретін қазылар алқасын мерекемен құттықтаймыз.
Қазылар алқасы
Төраға
Аудандық білім бөлімінің АӘД және дене шынықтыру пәндерінің әдіскері
__________________________
Мүшелері
__________________________
__________________________
__________________________
Сайыс бағдарламасы (12 кезең)
- Саппен шығу, саптағы ән.
- Патриоттық ән (1 адам).
- Гір көтеру (16 кг, 1 адам).
- Өз өнерін көрсету (әскери өмірден көрініс).
- Қол күрес (1 адам).
- Отжимания (1 адам).
- Скакалка (1 минут, 1 адам).
- Қорғаныс плащын кию (1 адам).
- Жер бауырлап, кедергілерден өту (6 адам).
- Арқанға өрмелеу (1 адам).
- Кермеде тартылу (1 адам).
- Арқан тартыс (6 адам).
Ескерту
Бағдарламаға сәйкес, патриоттық ән нөмірі ретінде «Өз елім» орындалуы мүмкін (орындаушы: __________________________).
Қатысушыларды таныстыру және алғашқы кезең
Енді ортаға сайысқа қатысатын жігіттерді шақырамыз. Әр команда кезектесіп өздерін таныстырады.
Бірінші кезең
Әскери ән және саппен шығу.
Сайысымыз жоспар бойынша әрі қарай жалғасады. Қазылар алқасынан әділ бағалау, ал қатысушыларға сәттілік тілейміз.
Қорытынды және марапаттау
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, жігіттердің ішінен озық шыққан сайыскерлер анықталады. Жеңімпаз қазылар алқасының шешімімен жарияланады.
Сөз кезегі
Жеңімпазды жариялау және қорытынды пікір үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Командалар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.