Өткен сабақты қорытындылау мақсатында сұрақтар қою

Сабақ туралы мәлімет

Өңір
Батыс Қазақстан облысы
Қала
Орал қаласы
Аудан
Сырым ауданы
Ауыл
Бұлан ауылы
Мектеп
Жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп–балабақша кешені
Пән
Информатика
Сынып
10-сынып
Мұғалім
Тұрғаналиева Жанаргүл Ганмиржанқызы

Сабақтың тақырыбы

Графикалық әдістер мен процедуралар

Бұл сабақта Visual Basic ортасында графикалық әдістерді қолданып, негізгі процедураларды жазу дағдылары қалыптастырылады.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Visual Basic бағдарламасында графикалық файлдарды қолдану, графикалық әдістерді тиімді пайдалану және процедуралар жазуды үйрету.

Тәрбиелік

Оқушыларды іскерлікке, ұқыптылыққа, нақтылыққа және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушының сабаққа қызығушылығын арттырып, ынтасы мен қабілетін жүйелі түрде дамыту.

Ұйымдастыру және оқу процесі

Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ
Өту әдістері
Сөздік, көрнекі
Көрнекілігі
Компьютер, АКТ
Оқыту формасы
Жеке жұмыс

Сабақтың барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2 Өткен сабақты сұрау
  3. 3 Бағалау
  4. 4 Жаңа сабақ
  5. 5 Бекіту
  6. 6 Үй тапсырмасы
  7. 7 Қорытынды

Өткен сабақты қорытындылау сұрақтары

  1. 1 Қарапайым бағдарламалардың қателерін қалай тексеруге болады?
  2. 2 Графикалық әдіс графикалық файлдардан несімен ерекшеленеді?
  3. 3 Қандай графикалық әдістерді білесіңдер?

Жаңа сабақ: графикалық әдістер

Line әдісі

Line әдісі нысанға түзу сызықтар жүргізуге, сондай-ақ іші боялған немесе боялмаған төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.

Синтаксис

[нысанның аты].Line (X1, Y1)-(X2, Y2) [, түсі] [, белгі]

Белгі (B / BF)

B белгісі қолданылса, төртбұрыштың іші боялмайды және FillStyle = 1 (transparent) мәні автоматты түрде қабылданады.

Толтыру (FillStyle)

Егер FillStyle қасиеті өзгертілсе, төртбұрыш іші боялады (мысалы, FillStyle = 0).

Маңызды ереже

Егер түс көрсетілмесе, үтірді алып тастауға болмайды: әйтпесе белгі параметрі түс ретінде қабылдануы мүмкін.

Контур қалыңдығы

Сызықтың немесе төртбұрыш контурының қалыңдығын DrawWidth қасиеті арқылы өзгертуге болады.

Circle әдісі

Нысанға шеңбер, доға, эллипс және сектор салу үшін Circle әдісі қолданылады.

Синтаксис

[нысанның аты].Circle (X, Y), радиус [, түсі] [, 1-ші бұрыш, 2-ші бұрыш] [, сығу коэффициенті]

Орталық нүкте және түс

  • (X, Y) — шеңбердің немесе эллипстің центрі.
  • Түс Long саны арқылы кодталады.
  • Егер түс берілмесе, ол ForeColor қасиетіне сәйкес алынады.

Бұрыштар (доға/сектор)

  • 1-ші бұрыш және 2-ші бұрыш — доға/шеңбердің бастапқы және соңғы бұрыштары.
  • Өлшем бірлігі — радиан, мәндері 0 мен 2 аралығында.
  • Егер бұрыш мәні 0-ге тең емес болып, алдында минус таңбасы тұрса, доға емес, сектор сызылады.
  • Доға/сектор салынғанда қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта жүреді.

Сығу коэффициенті (эллипс)

Сығу коэффициенті эллипстің созылу дәрежесін анықтайды:

  • Егер мәні 1-ден үлкен болса — вертикаль бағытта созылған эллипс сызылады.
  • Егер мәні 1-ден кіші болса — горизонталь бағытта созылған эллипс сызылады.
  • Егер коэффициент берілмесе — шеңбер сызылады.

Түстерді беру

Visual Basic бағдарламасында түстерді 8 тұрақты мән арқылы беруге болады. Толық нұсқасын жүктеу ұсынылады.