Сабақта қолданылатын белсенді оқыту әдістері, қолданылатын модульдер
Мақсат
Оқушыларды отбасына қатысты сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беруге және өз отбасы туралы қысқаша әңгімелеуге үйрету. Жаңа сөздермен, олардың дұрыс айтылуымен және жазылуымен таныстыру.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар жаңа сөздерді оқып, аударады; сұрақтарға жауап береді; ауызша айтқанын сауатты жазады.
Негізгі тілдік құрылым
to be етістігі және Where are you from? құрылымы.
Белсенді оқыту әдістері мен модульдер
Әдістер
- Миға шабуыл
- Өрмекші әдісі (сыни тұрғыдан ойлау)
- Сұрақ-жауап
- Бағалау (оқыту үшін және оқу үшін)
- АКТ қолдану
Тәсілдер
- Бихевиористикалық тәсіл
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Сабақ барысы
1) Қызығушылықты ояту
Тренинг: топта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Мұғалім сыныппен амандасып, бүгінгі күнге сәттілік тілейді.
Топқа бөлу: ұсынылған смайликтер арқылы оқушыларды топтарға бөлу ұйымдастырылады.
2) Жаңа тақырыпты ашу
Сабақ тақырыбы таныстырылады, оқушылар дәптерлеріне жазады. Сұрақ-жауап арқылы тақырыптың мәні ашылады.
Сәлемдесу үлгілері
- Good morning
- Good afternoon
- Good evening
- Good bye
Негізгі сұрақ
Where are you from?
Жауап үлгісі: I am from … (мысалы: I am from Kazakhstan.)
Құрылым to be етістігі арқылы түсіндіріледі: I am, you are.
3) Кітаппен және суретпен жұмыс
Мақсаты: оқушылардың алған білімін толықтыру және сөйлеу дағдысын дамыту.
Оқулық тапсырмалары
- 20-бет: тапсырма 1
- 21-бет: 2–3-тапсырма — диалогты рөлдерге бөліп оқу және аудару (1-топ)
- 21-бет: 4–5-тапсырма — суретке қарап диалог құрастыру және рөлдерге бөліп оқу (2-топ)
Тыңдалым және қайталау
- Жаңа сөздерді хормен және жеке қайталау
- «Where are you from?» мәтінін үнтаспадан тыңдау
- Электронды оқулық арқылы бекіту
4) Санамақ: 1–10
5) Рефлексия
Оқушылар стикерлерге сабақтан алған әсерін жазады және өз жауабына сәйкес смайликтің тұсына жапсырады.
6) Бағалау
Оқушылар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды және не себепті сол бағаны қойғанын қысқаша түсіндіреді.
7) Үй тапсырмасы
- 24–25-бет: 12 және 19-тапсырмалар
- Тақырыпты қайталау: Good morning. Where are you from?