Арулар сайысын

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Анаға қарап қыз өсер — «Арулар сайысы»

Бұл тәрбие сағаты қазақ халқының қыз тәрбиелеудегі салт-дәстүрін дәріптеп, эстетикалық талғамды қалыптастыруға және білімді, өнерпаз ұрпақ тәрбиелеуге бағытталады. Сонымен қатар оқушылардың қазақ тіліне, мәдениетіне қызығушылығын арттыруды көздейді.

Мақсаты

  • Қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне сай тәрбиелік және эстетикалық білім беру.
  • Жан-жақты білімді, өнерпаз ұрпақ тәрбиелеу; оқушылардың қазақ тілі мен мәдениетіне қызығушылығын арттыру.

Көрнекілік құралдар

Мақал-мәтелдер

Киіз үй

Құрақ көрпелер

Жүргізушілер сөзі

Жанар (жүргізуші)

Құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі «Арулар сайысын» ашуға рұқсат етіңіздер.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе — елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам!

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды қазақтың ұлттық биі «Қара жорға» арқылы бастайық.

Гүлзат

Шалқытып мерекеде ән салайық, өнерпаз өрендермен танысайық.

Майысып, мың бұралып би билеген аруларды ықыласпен қарсы алайық.

Ал, енді ортамызға аруларымызды шақырайық!

Сайыскерлермен таныстыру

1-сайыскер

6-сынып оқушысы — аты-жөні: __________________

6-сынып
  • Өзін ашық, ақкөңіл жан санайды.
  • Достары өте көп.
  • Бос уақытында кітап оқып, кітапханаға барғанды ұнатады.

Өмірлік ұстанымы

Тек қана алға.

2-сайыскер

6-сынып оқушысы — аты-жөні: __________________

6-сынып
  • Өте пысық, белсенді қыз.
  • Мектептік және аудандық сайыстарға үнемі қатысады.
  • Өскенде журналист болуды армандайды.

«Елге теледидар арқылы тек жақсы жаңалықтар жеткіземін», — деп уәде береді.

3-сайыскер

7-сынып оқушысы — аты-жөні: __________________

7-сынып
  • Өмірде тұйықтау мінезді.
  • Мектепішілік және аудандық спорттық сайыстарда жүлделі орындар алған.
  • Болашақта баскетболдан әлемдік олимпиадаға қатысып, еліміздің туын желбіретуді армандайды.

Арманың орындалсын деп тілейміз!

4-сайыскер

7-сынып оқушысы — аты-жөні: __________________

7-сынып
  • Ерке мінезді, өнерге жақын.
  • Болашақта биші болуды армандайды, би өнерін ерекше жақсы көреді.
  • Арманының бір бөлігі — Қазақстанның «Гүлдер» би ансамблінде өнер көрсету.

Сайыстың ережесі мен бағалануы

Бағалау

Әр кезең 10 ұпай бойынша бағаланады.

Назар аударыңыз

Кезеңдер ұлттық тәрбие, өнер және тұрмыстық дағдыны қамтиды.

Сайыс шарттары

  1. 1 Сәлемдесу, өзін-өзі таныстыру.
  2. 2 Халқымыздың ою-өрнегін көрсету.
  3. 3 «Ас — адамның арқауы»: қамыр жайып, кеспе турау.
  4. 4 «Өнер алды — қызыл тіл»: мақалдың соңын жалғастыру.
  5. 5 Сұрақтарға жауап беру.
  6. 6 Қазақтың ұлттық тағамдары.