Сіздер суретші

Қазақ тілі сабағы (7-сынып)

Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтар. Жалғаудың түрлері» (презентация арқылы).

Сабақтың мақсаты

«Мамандықтар» модулі бойынша өткенді қайталау арқылы лексикалық және грамматикалық тақырыптарды бекіту, білімді іс жүзінде қолдануға дағдыландыру.

Оқыту мен тәрбиенің міндеттері

Білімділік

Мамандықтар тақырыбы бойынша білімді жүйелеу; жалғаулардың түрлерін ажыратып, дұрыс қолдануды меңгерту.

Дамытушылық

Ойлау қабілеті мен танымдық қызығушылықты дамыту; сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге және өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

Тәрбиелік

Мамандық түрлерін таныта отырып, дұрыс таңдау жасауға бағыттау; еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі

Қорытынды қайталау сабағы.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Суретпен жұмыс
  • Тіл дамыту жұмыстары
  • Тест

Көрнекіліктер

  • PowerPoint презентациясы
  • Грамматикалық кестелер
  • Тақырыптық суреттер
  • Үлестірмелі материалдар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Сәлемдесу.
  2. 2 «Шаттық шеңбері».

II. Мақсатпен және жоспармен таныстыру

Бүгін біз «Мамандықтар» модулі бойынша өткенді қайталап, білімімізді бекітеміз және оны іс жүзінде қолдануға жаттығамыз.

  • Сұрақ-жауап (жалғаудың түрлері бойынша)
  • Мамандықтарға байланысты сөздерді қайталау

III. Өткенді қайталау (XIV модуль)

1) «Жалғасын тап» ойыны (еңбек туралы мақал-мәтелдер)

«Сөздің көркі — мақал». Қазақ халқы — сөзге шешен, дана халық. Мақал-мәтелдер ойды көркем жеткізуге көмектеседі. Ендеше, еңбек туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табайық:

  1. 1.Еріншектің ертеңі ...
  2. 2.Күшіңе сенбе, ...
  3. 3.Ердің атын ...
  4. 4.Құтты қонаққа — ...
  5. 5.Еңбек қылсаң ерінбей, тояды ...
  6. 6.Байлықтың атасы — еңбек, ...
  7. 7.Не ексең, ...
  8. 8.Еңбегің қатты болса, татқаның ...

2) Сөздікпен жұмыс (сөйлеу дағдысын қалыптастыру)

Келесі мамандық атауларын оқып, мағынасын талқылаңыздар:

мұнайшы аудармашы тәрбиеші сәулетші күйші ғарышкер сазгер шахтёр мұғалім құрылысшы

Талқылау сұрағы: Осы мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

IV. Негізгі бөлім (нәтиже сабақ)

1) Лексикалық тақырып бойынша тапсырмалар

а) Суретпен жұмыс

Суретте мамандық түрлері бейнеленген. Қандай мамандық иелерін көріп тұрсыңдар?

дәнекерлеуші дәрігер фотограф ғарышкер заңгер құрылысшы шахтёр мұғалім аспазшы жүргізуші мұнайшы

ә) Мәтінмен жұмыс

«Кім боламын?» мәтінін оқып, мазмұны бойынша әңгімелесіңіздер.

б) Викториналық сұрақтар

  1. 1.Қаныш Сәтбаев кім?
  2. 2.Қаныш бала күнінен қандай болды?
  3. 3.Қаныш Сәтбаев қай жылы және қай жерде туған?
  4. 4.Қаныш Сәтбаев нешеден астам ғылыми еңбек жазды?
  5. 5.Қаныш Сәтбаев қай қалада мыс рудалы ауданын ашты?
  6. 6.Ол қандай ордендермен марапатталды?
  7. 7.Тоқтар Әубәкіров кім?
  8. 8.Ол қай жылы және қай жерде туған?
  9. 9.Ол нені армандады?
  10. 10.Тоқтар Әубәкіров қандай оқу орнын бітірді?
  11. 11.Ол қашан және қандай атаққа ие болды?
  12. 12.Ол қай жылы тұңғыш рет ғарышқа ұшты?

2) Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс

1) Кестемен жұмыс

Жалғаулардың түрлері: көптік, тәуелдік, жіктік, септік.

2) Жалғау түрлеріне байланысты тапсырмалар

а) Тәуелдік жалғау

«Үй» сөзін тәуелдеңіз.

ә) Жіктік жалғау

Мен суретші ...

Біз суретші ...

Сен суретші ...

Сендер суретші ...

Сіз суретші ...

Сіздер суретші ...

Ол суретші ...

Олар суретші ...

б) Көптік жалғау

Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғап, дауыстап оқыңыздар:

дәрігер ғарышкер заңгер құрылысшы шахтёр мұғалім аспазшы жүргізуші мұнайшы

в) Септік жалғау

Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды жазыңыз:

Біз хайуанаттар паркі... бардық.

Онда біз аю... көрдік.

V. Сабақты қорытындылау (тест)

Білімді бекіту үшін тест тапсырмаларын орындаңыздар.

  1. 1) Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?

    A) 3

    Ә) 5

    Б) 4

  2. 2) Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

    A) Т. Мұсабаев

    Ә) Т. Әубәкіров

    Б) Т. Бигелдинов

  3. 3) Қ. Сәтбаев кім?

    A) ғалым

    Ә) ғарышкер

    Б) ақын

  4. 4) «Қаламның» сөзіндегі жалғаудың түрін анықтаңыз.

    A) көптік

    Ә) жіктік

    Б) тәуелдік

  5. 5) Т. Әубәкіров тұңғыш рет қай жылы ғарышқа ұшты?

    A) 1995

    Ә) 1992

    Б) 1991

  6. 6) Сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс аудармасын табыңыз.

    Қазақша Орысша
    1 тәрбиеші честь
    2 сәулетші выдающийся
    3 көрнекті архитектор
    4 жалын воспитатель
    5 абырой пламя
  7. 7) Тоқтар Әубәкіров қай қалада туған?

    A) Алматы

    Ә) Астана

    Б) Қарағанды

  8. 8) Қ. Сәтбаев қай жылы қайтыс болды?

    A) 1946

    Ә) 1964

    Б) 1972

  9. 9) Тоқтар Әубәкіров қай жылы туған?

    A) 1964

    Ә) 1946

    Б) 1972

  10. 10) Жатыс септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз.

    A) үйде, партаны

    Ә) қаламды, сабақтан

    Б) дәрігерде, тәрбиешіде

Бағалау парақшасы (жауап кілті)

  • 1)Б
  • 2)Ә
  • 3)A
  • 4)Б
  • 5)Б
  • 6) (1) В, (2) Б, (3) Ә, (4) Г, (5) A
  • 7)Б
  • 8)Ә
  • 9)Ә
  • 10)Б

Бағалау шкаласы

  • 10 дұрыс жауап — 5
  • 7–8 дұрыс жауап — 4
  • 5–6 дұрыс жауап — 3
  • 1–2 дұрыс жауап — 2

Оқушы күмәнді жауаптарын талқылап, түзете алады.

VI. Рефлексия

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?

VII–VIII. Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың жұмысы жауап кілті мен шкала бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма

«Кім боламын?» тақырыбына эссе жазу.