Сиқырлы таяқша ойыны

Ашық сабақ (1-сынып)

Бұл ашық сабақ жоспары 1-сынып оқушыларына арналған. Сабақта П п дыбысы мен әрпі таныстырылып, оның дауыссыз дыбыс екені түсіндіріледі.

Сабақтың тақырыбы

П п дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты

  • П п дыбысы мен әрпін таныстыру.
  • П дыбысының дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру.

Оқытудың нәтижелері

  • П дыбысы мен әрпі туралы білімдерін толықтырады.
  • Сөздік қорын молайтады.

Кіріспе (2 минут)

Оқушылар бір-біріне тілек білдіру арқылы жағымды ахуал қалыптастырады.

Шаттық шеңбері (өлең жолдары)

Күлкінің көзі ашылды,

Көкке шуақ шашылды.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал ендеше бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме!

Топқа бөлу

Мұғалім оқушыларды төрт топқа бөлу бойынша нұсқау береді:

  1. 1 Көктем тобы
  2. 2 Жаз тобы
  3. 3 Күз тобы
  4. 4 Қыс тобы

Үй тапсырмасын сұрау

Қайталау сұрағы

Ж дыбысы қандай дыбыс?

Ойын: «Сиқырлы таяқша»

Ж ж дыбысынан басталатын сөздер жазылған таяқшалар таратылады. Оқушылар берілген сөзге сөйлем құрастырады.

жылан жаңбыр жүзім жолбарыс

Мектеп және автор туралы мәлімет

Аудан
Мұнайлы ауданы
Мектеп
№6 жалпы білім беретін орта мектеп
Өткізген
Қапарова Наурызхан

Қорытынды

Бұл сабақта оқушылар П п дыбысы мен әрпін меңгеріп, оның дауыссыз дыбыс екенін ажыратады. Ойын және сөйлем құрастыру тапсырмалары арқылы сөздік қоры кеңейеді.

Материал: «П дыбысы мен әрпі» (жүктеу үшін мектептің/мұғалімнің ресурсына енгізіледі).