Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
Сабақ тақырыбы
Қазақ тілі (8-сынып): сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас.
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі
Аралас
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Талдау
- Сұрақ-жауап
- Қарама-қарсы элемент
- РАФТ тәсілі
- Сатылай кешенді талдау
Көрнекілігі және байланыс
- Көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер
- Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика
Сабақтың мақсаты
- 1 Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері мен жасалу жолдары туралы ұғым қалыптастыру.
- 2 Оқушылардың бұрынғы білімін жаңа біліммен байланыстыра алуына қажетті логикалық ойлау қабілетін дамыту, грамматикалық сауаттылығын арттыру.
- 3 Жүйелі сөйлеуге үйрету, ғылымға қызығушылығын ояту.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Сабаққа қатысуды тексеру.
- Назарды сабаққа аудару.
- Сыныпты үш топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) «Ой жинақтау» (талдау)
-
I топ
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.
-
II топ
Көп бағыныңқылы сабақтас және оның түрлері.
-
III топ
121-жаттығудан сабақтас құрмалас сөйлемдерді табу.
2) «Қарама-қарсы элемент» (салыстыру)
Салалас құрмалас
- Баяндауыштары тиянақты болады.
- Жалғаулық шылаулар арқылы жасалады.
- Құрамындағы жай сөйлемдер өзара тең дәрежеде байланысады.
Сабақтас құрмалас
- Баяндауыштары тиянақсыз болады.
- Бағыныңқы және басыңқы сөйлемдерден тұрады.
- Белгілі грамматикалық тұлғалар арқылы байланысады.
3) Сөзжұмбақ: «Сабақтас»
- Шартты рай тұлғасына қойылатын сұрақ.
- Көп бағыныңқылы сабақтастың түрі.
- Салаластың түрі.
- Құрмаластың түрі.
- Баяндауышы тиянақсыз болатын құрмалас.
- Салаластың мағыналық түрлері нешеу?
- Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы.
- Сабақтас құрмаластың екінші сыңары.
III. Жаңа сабақ
1) Түсіндіру
Тақырып слайд арқылы түсіндіріледі.
2) Жаттығумен жұмыс
Топтық және тақтамен орындалатын тапсырмалар арқылы бекітіледі.
а) 123-жаттығу: сатылай кешенді талдау
I топ
«Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар.»
II топ
«Жарлы болар жігіт байталын атқа айырбастаса, жалғыз болар жігіт ағайынын жатқа айырбастайды.»
III топ
«Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.»
Тақтамен жұмыс (үлгі талдау)
«Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін де алар.»
- Тыныс белгілері
- Үтір және нүкте.
- Айтылу сазы мен мазмұны
- Хабарлы сөйлем.
- Құрылысына қарай
- Құрмалас сөйлем: сабақтас құрмалас, шартты бағыныңқылы сабақтас.
- Жасалу жолы
- Шартты райдың -са/-се жұрнағы арқылы жасалған.
Екінші жай сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау
- Не істейді? — алар (баяндауыш).
- Нені алар? — өнегесін (толықтауыш).
- Қандай өнегесін? — жақсы (анықтауыш).
Байланысу түрлері
- «Өнегесін алар» — меңгеру (етістікті тіркес).
- «Жақсы өнегесін» — қабысу (есімді тіркес).
ә) Топтық тапсырмалар
I топ — 124-жаттығу
Сөйлемдерді сызбаға түсіріп, жасалу жолдарын анықтау:
- — — — — — —, — — — — — — тигізбейінше, — — — — — —.
- — — — — — — қарасаң, — — — — — —.
- — — — — — — берілмесе, — — — — — —.
- — — — — — — жарыспай, — — — — — —.
II топ — 125-жаттығу
«Сызбаны сөйлет»:
- — — — — — — өтінсе, — — — — — —.
- — — — — — — алмай, — — — — — —.
III топ — РАФТ әдісі
Ойтолғау жазу (құрылымы):
- Р — Тіл жанашырлары
- А — Халық
- Ф — Үндеу
- Т — «Ана тілі — ұрпақ тілі»
б) Графикалық диктант
Мұғалімнің нұсқауы бойынша оқушылар тапсырманы графикалық түрде орындайды.
IV. Сабақты бекіту
I топ
Бағыныңқы баяндауышы шартты рай тұлғасында келген сөйлем құрастыру/табу.
II топ
Бағыныңқы баяндауышы көсемше тұлғасында келген сөйлем құрастыру/табу.
III топ
Бағыныңқы баяндауышы есімше тұлғасында келген сөйлем құрастыру/табу.
V. Сабақты қорытындылау
Білімді тексеру: сұрақтарға «Иә/Жоқ» түрінде жауап береді.
| Сұрақ | Иә | Жоқ |
|---|---|---|
| Сабақтас құрмаластың баяндауышы тиянақты бола ма? | ||
| Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы көсемше арқылы байланыса ма? | ||
| Сабақтас құрмаласта басыңқы сөйлем бірінші тұра ма? | ||
| Сабақтас құрмаласта баяндауыштар тең дәрежеде байланыса ма? |
VI. Үй тапсырмасы
- 126-жаттығу: мәтіннен шартты бағыныңқылы сабақтастарды тауып, жасалу жолын түсіндіру.
- Ережені жаттау.
VII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуы ескеріліп, білім деңгейіне сәйкес бағаланады.