Дара және күрделі зат есімдерді табыңдар
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы
Қиял әлемі
Сабақтың тақырыбы
Бала қиялы
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
- Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.
- Дара және күрделі зат есімдерді ажырата отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
- Синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.
Тілдік дағдылар
Тыңдалым, айтылым, жазылым
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу, түсіну, қолдану
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану
Құндылықтарға баулу
- Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.
- Қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту.
Алдыңғы оқу
Қиялдай білу — ерекше қабілет.
Сабақтың басталуы
Психологиялық минут (2 минут)
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған ойсергіту.
Жұптық жұмыс: «Мен саған сенемін, өйткені…»
Мысалы: «…сен білімдісің», «…сен жауапкершілікті адамсың».
Тақырыпты болжау
Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.
Бағыттаушы сұрақтар
- 1 Әлемге танымал қандай суретшілерді білесіңдер?
- 2 Қазақ суретшілерінен кімдерді атай аласыңдар?
- 3 Олардың қандай картиналарын көрдіңдер?
- 4 Қай өнер адамына қиял ерекше әсер етеді деп ойлайсыңдар? Неліктен?
Кері байланыс: «Үш шапалақ».
Ескерту
Орфографиялық нормаға сай жазу барысында қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, үндестік заңы және емле ерекшеліктері ескеріледі.
Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ: айтылым тапсырмасы
3-тапсырма: Мына суретшілердің қайсысы таныс? Олар туралы, олардың шығармашылығы жайлы не білесіңдер?
Кері байланыс: «Бас бармақ».
Жазылым тапсырмасы
2-тапсырма: Төмендегі сөздердің мағынасына жуық келетін синонимдерді анықтаңдар. Дара және күрделі зат есімдерді табыңдар.
Берілген сөздер
- Соғыс алапаты
- Сиясауыт
- Қылқалам
- Ынтықтық
- Жобалау
- Ата буын
Синоним нұсқалары
- Соғыс алапаты — соғыс зардабы
- Сиясауыт — дәуіт
- Қылқалам — сурет салатын қылқалам (қылқалам/шөтке)
- Ынтықтық — ынтығу, құмарту
- Жобалау — жақындату
- Ата буын — алдыңғы өкіл, бұрынғы буын
Кері байланыс: «Бағдаршам».
Тыңдалым тапсырмасы (5–6-сабақ)
4-тапсырма: Мәтінді зейін қойып тыңдаңдар.
Ұйымдастыру және деректер
Білім беру ұйымы
Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп (мектепке дейінгі шағын орталығы бар), коммуналдық мемлекеттік мекеме.
Мұғалім
Мирманова С. И.