Амалды орында

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Сабақтың негізгі мақсаты — есептер шығару арқылы оқушыларға қалдықпен бөлуді меңгерту.

Міндеттері

  • Есептер шығарту арқылы қалдықпен бөлуді меңгерту және есептеу дағдыларын дамыту.
  • Көбейту мен бөлуді бекіте отырып, қалдықпен бөлуге арналған тапсырмаларды жүйелі орындату.
  • Оқушылардың танымдық іс-әрекетіне (дербес, топтық және жаппай жұмыс) бағыт-бағдар беру.
  • Өз бетімен жұмыс істеуге, жұппен және топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
  • Дәлелдеуге және қорытынды жасауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Сын тұрғысынан ойлау
  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру

Көрнекіліктер

  • Кеспелер
  • Тест жұмыстары
  • Түрлі-түсті қағаздағы анықтамалар
  • Есептер

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық.

Қолымда бар он саусақ,
Бес саусағым қолдағы.
Бес жұлдыздың тармағы —
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым — ойлап қой.

Математикалық диктант

  1. Ең үлкен үш таңбалы сан: 999.
  2. Ержан 9 жаста, ал атасы одан 53 жасқа үлкен. Атасы неше жаста?
  3. Сантиметрмен өрнекте: 4 м 4 дм 4 см.
  4. Ені 6 см, ұзындығы 9 см тік төртбұрыштың ауданы неге тең?
  5. Теңдеуді шеш: 48 : x = 6. x мәнін тап.
  6. Амалды орында: 48 : 6 – 49 : 7.
  7. Шаршының ауданы 49 см². Оның периметрін тап.
  8. Бір жәшіктің массасы 20 кг. Осындай 5 жәшіктің массасы қанша?
  9. Орамда 29 м мата бар. Тігінші әр көйлекке 3 метрден жұмсап, бірнеше көйлек тікті. Неше метр мата артық қалды?
  10. Сағатпен өрнекте: 3 сағ 25 мин + 4 сағ 35 мин.

2) Үй тапсырмасын тексеру

№5 (157-бет). Теңдеу құрып, оны шеш.

а) Ойлаған санды 18-ге арттырса, 22 мен 3-тің көбейтіндісіне тең сан шығады. Қандай сан ойланған?

x + 18 = 22 · 3
x = 66 − 18 = 48

ә) Ойлаған санды 18-ге кемітсе, 27-нің 3-ке бөліндісіне тең сан шығады. Қандай сан ойланған?

x − 18 = 27 : 3
x = 9 + 18 = 27

Түсіндірме сұрақтар

Құрылымы күрделі теңдеулерді қалай шешеміз?
Алдымен теңдеудің оң жағын есептеп, оны жай теңдеуге айналдырамыз.

Теңдеу дегеніміз не?
Құрамында бір белгісізі бар теңдік.

Амалдардың орындалу тәртібі
Жақшасыз өрнектерде алдымен көбейту мен бөлу, содан кейін қосу мен азайту амалдары солдан оңға қарай орындалады.

Көбейту мен бөлудің ерекше жағдайлары

Көбейту

  • 0 · 4 = 0
  • 1 · 5 = 5
  • 2 · 0 = 0
  • 2 · 1 = 2

Бөлу

  • 3 : 3 = 1
  • 3 : 1 = 3
  • 0 : 3 = 0
  • 2 : 0 — нөлге бөлуге болмайды

Қалдықпен бөлуді тексеру ережесі

Егер a : b = q (қ r) болса, онда тексеру: b · q + r = a.

2 : 7 = 0 (қ 2)
7 · 0 + 2 = 2
86 : 9 = 9 (қ 5)
9 · 9 + 5 = 86
45 : 6 = 7 (қ 3)
6 · 7 + 3 = 45
25 : 4 = 6 (қ 1)
4 · 6 + 1 = 25
5 : 8 = 0 (қ 5)
8 · 0 + 5 = 5
7 : 9 = 0 (қ 7)
9 · 0 + 7 = 7

Қатар бойынша тапсырмалар

I қатар

  • 5 : 12 = 0 (қ 5)
  • 6 : 11 = 0 (қ 6)
  • 8 : 15 = 0 (қ 8)

II қатар

  • 89 : 21 = 4 (қ 5)
  • 78 : 15 = 5 (қ 3)
  • 55 : 12 = 4 (қ 7)

III қатар

  • 12 : 17 = 0 (қ 12)
  • 67 : 74 = 0 (қ 67)
  • 36 : 44 = 0 (қ 36)

Қысқаша мәтінді есеп

Әр қатарда 12 алма ағашы және 9 қ. алма ағашы бар. Алмұрт ағашы — алма ағашынан 3 есе кем. Барлығы неше ағаш?

(12 · 9) : 3 = 108 : 3 = 36 (алмұрт)
108 + 36 = 144 (ағаш)

Сөз есеп құру және шығару (RAFT)

  • R (рөл): оқушылар — көбейту мен бөлуге «саяхатшы»
  • A (аудитория): оқушылар, ұстаздар
  • F (форма): сөз есеп құрастыру және шешімін табу
  • T (тақырып): сөз есептің қысқаша шарты

Қатарларға арналған үлгілер

1-қатар

Түске дейін — 54 л сүт, түстен кейін — 46 л. Барлығы 5 ыдысқа тең бөлінеді. Әр ыдысқа қанша литрден құйылады?

(54 + 46) : 5 = 20 (л)

2-қатар

I жұмысшы 3 сағатта 15 бұйым, II жұмысшы 4 сағатта 16 бұйым жасайды. Осы қарқынмен 5 сағатта қанша бұйым жасалады?

(15 : 3 + 16 : 4) · 5 = 45

3-қатар

Әрқайсысы 15 данадан 6 бума қызылша көшеті және әрқайсысы 25 данадан 8 бума қызанақ көшеті бар. Барлығы неше көшет?

15 · 6 + 25 · 8 = 90 + 200 = 290

Екі жақты күнделік (иә/жоқ)

Төмендегі тұжырымдардың дұрыстығын анықтаңыз.

Тұжырым Иә Жоқ
1) Көбейту мен бөлу — өзара кері амалдар.
2) 4 · 3 көбейтінді, 12 — бөліндінің мәні.
3) Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе, онда екінші көбейткіш шығады.
4) Фигуралардың аудандары бір-бірінен кіші немесе үлкен болуы мүмкін.
5) Кез келген санды 1-ге көбейткенде 1 саны шығады.
6) Егер b · 4 = 20 болса, онда b · 5 = 25.
7) Бір сөреде 7 кітаптан болса, 3 сөреде 23 кітап болады.
8) 8 асықты үш-үштен 2 балаға беруге болады, 2 асық артық қалады.

Бекіту тапсырмалары

№5 — Өрнек түрінде жаз, мәнін тап

а) x · 9 + 810 : 9, мұнда x = 10

10 · 9 + 810 : 9 = 90 + 90 = 180

ә) x + 90 − 70 · 10, мұнда x = 700

700 + 90 − 70 · 10 = 790 − 700 = 90

№6 — Қатар бойынша есепте

I қатар

15 · 3 + 42 : 3 = 45 + 14 = 59
87 − 56 : 4 = 87 − 14 = 73

II қатар

18 · 2 + 12 · 5 = 36 + 60 = 96
72 : 12 · 10 − 3 · 7 = 60 − 21 = 39

Ескерту: амалдардың орындалу тәртібін сақтап, нәтижені тексеріңіз.

Бағалау және қорытынды

Өзін-өзі бағалау

Оқушы өз жұмысын белгі арқылы бағалайды: дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш.

Үй тапсырмасы

158-бет, №7.