Ашық сабақҚоршаған ортамен танысуТақырыбы
Ашық сабақ: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Үй жануарлары
Білім беру саласы: Таным
Іс-әрекет: Экология негіздері
Мақсаты
- Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
- Тақпақтар мен мақал-мәтелдерді қайталата отырып, сұрақ-жауап арқылы ойды толық әрі анық жеткізуге баулу.
- Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс
Жайлау
Төлі
Енесі
Әдістемелік тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Көрсету
- Психологиялық ойын-жаттығулар
Көрнекі құралдар
- Интерактивті тақта
- Үй жануарларының суреттері
- Орман ағаштарының суреттері
- Үйлердің суреттері
Сабақ барысы (әрекет кезеңдері)
Тәрбиешінің іс-әрекеті
КіріспеСәлеметсіңдер ме, балалар! Енді қонақтармен де сәлемдесейік.
Психологиялық сәт
Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жан!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос.
Міне, менің қолым.
Балалардың іс-әрекеті
ЖауапАйтылым
Амандасу — үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанеки, бәріміз
Сәлем дейік үлкенге!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!