Сабақты қорытындылау. Жаңа сабақ түсіндіру
Иррационал теңдеулер (презентация түрінде)
Сыныбы
11
Пән
Алгебра және анализ бастамалары
Сабақтың түрі
Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың мақсаты
1) Білім беру мақсаты
- Иррационал теңдеудің анықтамасымен және оны шешудің әртүрлі әдістерімен таныстыру.
- Теңдеудің бөгде түбірі ұғымын енгізу.
- Түрлендірулер нәтижесінде пайда болатын бөгде түбірлерді анықтау үшін табылған түбірлерді міндетті түрде орнына қойып тексеру қажеттігін түсіндіру.
2) Дамытушылық мақсаты
Теңдеулерді шешу барысында оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, есеп шығару іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік мақсаты
Теңдеуді шешудің әдемі әрі тиімді тәсілдерін көрсету арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Көрнекілігі мен әдістері
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Схема және есеп үлгілері
- Түрлі түсті бор
Әдістері
- Мысалдар келтіре отырып түсіндіру
- Тірек-сызба арқылы баяндау
- Деңгейлік тапсырмалар
- Ауызша есеп және тест тапсырмалары
Сабақтың бағдарламасы
-
I. Ұйымдастыру
Кіріспе кезең -
II. Жаңа сабақты түсіндіру
Негізгі бөлім -
III. Жаңа сабақты бекіту
Практика- Ауызша есептеу
- Деңгейлік тапсырмалар беру
- Өз бетімен жұмыс
- Тест тапсырмаларын орындау
-
IV. Сабақты қорытындылау
Рефлексия -
V. Бағалау
Нәтиже
Анықтама
Иррационал теңдеулер — айнымалысы түбір таңбасының ішінде орналасатын, сондай-ақ бөлшек көрсеткішті дәреженің негізі болатын теңдеулер.
Маңызды ескерту
Иррационал теңдеулерді түрлендіру кезінде бөгде түбірлер пайда болуы мүмкін. Сондықтан табылған түбірлерді айнымалының орнына қойып, міндетті түрде тексеру қажет.
Автор туралы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы, №9 орта мектебінің математика және информатика пәні мұғалімі — Некесова Бағила Исламқызы.
Материал: презентация форматында.
Презентацияны жүктеу