Зат есімнің жекеше түрін белгіле

Сабақ туралы

Тақырып

Зат есімнің жекеше және көпше түрі

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты түсіндіру

Оқыту әдісі

Жеке және топпен жұмыс

Көрнекіліктер

Сөзжұмбақ, тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаттары

  • Оқушыларға жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
  • «Ой қозғау» стратегиясы арқылы сұрақ қойып, жан-жақты ойлауға үйрету; жазу дағдысын, сауатты әрі көркем жазуын бақылау.
  • Достыққа, әдептілікке тәрбиелеу; салт-дәстүрді құрметтеуге баулу.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Үнтаспадан домбыра үні естіледі.

Мұғалімнің сөзі:

Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ — той-сабақ. Бұл сабақта халқымыздың әдеп-ғұрпы мен салтын еске түсіріп, жаңа тақырыпты меңгереміз.

II. Үй жұмысын тексеру

Дәстүр:

Тойды шашумен ашады. Бұл қандай дәстүр?

Әжелер тәттілерді шашады, ал балалар оларды жинайды.

III. Жаңа сабақ

1) Сөзжұмбақ шешу

Сөзжұмбақтың жауабы: зат есім. Демек, бүгінгі тақырыбымыз — зат есімнің жекеше және көпше түрі.

2) Есеп

Тойда 4 жолдас ақсақал кездесті. Бір-бірімен қол алысты. Олар неше рет қол алысады?

3) Дәптермен жұмыс

Тойымыз ашық. Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық.

Жазылым:

«Той» сөзін көркем жазып шығу.

IV. «Бәйге» кезеңі (тест)

Бәйге — ат жарысы. Бұл кезеңде жылдамдық пен дәлдік маңызды.

  1. 1) Зат есім заттың нені білдіреді?

    • A) Сынын білдіреді
    • C) Атын білдіреді
    • B) Іс-қимылын білдіреді
    • D) Санын білдіреді
  2. 2) Зат есімді белгіле.

    • A) қызыл
    • B) алма
    • C) оқиды
    • D) он бес
  3. 3) Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?

    • A) не істеді? не қылды?
    • B) қандай? қай?
    • C) кім? не?
    • D) неше?
  4. 4) Мына сөздердің қайсысы «кім?» «не?» сұрағына жауап береді?

    • A) әке, гүл
    • B) үлкен, кіші
    • C) отыр, тұр
    • D) сегіз, он
  5. 5) Жануарлар мен заттарға қандай сұрақ қойылады?

    • A) кім? кімдер?
    • B) қандай? қай?
    • C) не? нелер?
    • D) нешеу?
  6. 6) Жалпы есім қалай жазылады?

    • A) бас әріппен
    • B) жаңа жолдан
    • C) кіші әріппен
    • D) азат жолдан
  7. 7) Жалқы есімдерді белгіле.

    • A) Ақтөс, Балқаш, Тайбурыл
    • B) қала, күшік, Ертіс
    • C) Іле, от, шана
    • D) адамдар, машиналар
  8. 8) Көптік жалғауларды белгіле.

    • A) -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер
    • B) -на, -не, -та, -те, -да, -де
    • C) -ға, -ге, -қа, -ке
    • D) -да, -де, -та, -те

V. «Айтыс» (топпен жұмыс)

Айтыс — суырыпсалма өнер сайысы. Бұл кезеңде топтар білімін жарыстыра көрсетеді.

Топтарға бөлу

  • 1-топ: зат есімнің жекеше түрін анықтау.
  • 2-топ: зат есімнің көпше түрін анықтау.
  • 3-топ: көптік жалғауларын толық жазып, қосымшаларын көрсету.

Тапсырма 1

Зат есімнің жекеше түрін белгіле:

Инелік, аталар, ақын, құс, көбелектер.

Тапсырма 2

Көптік жалғауларды жаз:

-лар / -лер, -дар / -дер, -тар / -тер

Тапсырма 3

Сөз құрамына талда:

Шахматшы, көл, түйелер, суретшілер.

VI. Сергіту сәті

Қысқа сергіту жаттығулары орындалады.

VII. «Қыз қуу»

Ұл мен қыз тақтаға шығады.

Берілген сөздерді көпше түріне айналдырып жазады.

VIII. «Көкпар» (өздік жұмыс)

Сөйлемдегі зат есімдерді көпше түріне айналдырып жазыңдар.

Сөйлем 1

Қыз бала ән шырқады.

Сөйлем 2

Ат жайылып жүр.

IX. «Орамал тастау» (оқулықпен жұмыс)

Орамал кімге тасталса, сол оқушы сөйлемді оқиды және зат есімнің қандай түрде тұрғанын (жекеше ме, көпше ме) анықтайды.

X. Сабақтың қорытындысы

Сонымен, той-сабағымыз аяқталды.

Рефлексия сұрақтары

  • Бұл сабақтан өздеріңе қандай жаңалық алдыңдар?
  • Сендерге не ұнады?
  • Нені үйрендіңдер?

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.

Үй жұмысы

Үй тапсырмасы беріледі (оқулық бойынша).