Өздік етістің жасалу жолы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Тулеутаева Кызыкты Серикбаевна
Пәні: Қазақ тілі · Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Өзгелік етіс
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі
Ертегіге саяхат сабағы.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру, нұсқау.
Көрнекілігі
Слайдтар, суреттер.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, тарих.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Сынып оқушыларымен амандасу.
- Журнал бойынша оқушыларды түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген 240-жаттығудың орындалуын тексеріп, қосымша сұрақтар қойылады.
- Етіс дегеніміз не?
- Етістің жұрнақтарын атаңдар.
- Өздік етіс дегеніміз не?
- Өздік етістің жасалу жолын түсіндіріңдер.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Оқушы әрекеті
- Бүгінгі күн мен тақырыпты дәптерге жазу.
- Сабақтың мақсатымен танысу.
Қызығушылықты ояту: суретпен жұмыс
Іс-әрекет те, сол іс-әрекетті орындаушы да болады. Олардың арасындағы қарым-қатынасты етіс деп атаймыз. Слайдтарда әртүрлі қимыл үстіндегі адамдар бейнеленген: бірде әрекетті адамның өзі тікелей орындайды, бірде басқа біреуге істетеді, бірде бірнеше адам ортақтасады, ал кейде әрекет өздігінен жүзеге асады. Осындай қатынастар етістің түрлерін көрсетеді.
Сұрақ: №2 слайдтан нені байқайсыңдар?
Жауап: Мұғалім оқушыға сабақ жаздырып отыр.
Сұрақ: №3 слайдта кім бейнеленген?
Жауап: Хореограф шәкірттеріне би үйретіп жатыр.
Айтылған сөйлемдердегі етістіктер тақтаға жазылып, мағынасы талданады. Яғни, іс-әрекеттің тікелей орындаушысы емес, өзге біреу арқылы іске асуын білдіретін етіс түрі өзгелік етіс деп аталады.
Өзгелік етістің жасалу жолдары
1) -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз
Мысалдар: сал-ғыз, жүр-гіз, айт-қыз, ек-кіз.
2) -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір
Мысалдар: ал-дыр, сен-дір, ас-тыр, кел-тір, жат-ыр, кет-ір.
3) -т
Мысалдар: таны-т, панала-т.
Маңызды ереже
Кейбір жағдайда бір түбірге өзгелік етістің бірнеше жұрнағы бірінен кейін бірі жалғана береді.
Мысал:
сат-қыз-дыр-т
Мысал:
сөйле-т-кіз
Үлгі ретінде жұрнақтардың тізбектеле жалғануын көрсету: сөйле-т → сөйле-т-кіз → сөйле-т-кіз-дір → сөйле-т-кіз-дір-т
Оқулықтың 169-бетіндегі тапсырма ауызша орындалады.
Қосымша мәтін ретінде: Ұлы Отан соғысы адамзат тарихында ұмытылмастай із қалдырды. Қазақстан Республикасында бүгінгі таңда 130-дан астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Жаңа тақырыпты пысықтау: «Ер Төстік» ертегісіне саяхат
Әдебиеттен «Ер Төстік» ертегісімен танысқанбыз. Бүгінгі сабақта сол ертегі әлеміне саяхат жасаймыз: Ер Төстік алыс сапарға кеткенде, одан кек алмақ болған Мыстан оның сүйіктісі Кенжекейді Ер Төстік кейпіне еніп алып қашып кетеді. Мұны естіген Төстік үш досын — Таусоғарды, Желаяқты, Көлтаусарды — ертіп жолға шығады. Күндердің бір күнінде олардың алдынан Сиқырлы қақпа шығады. Қақпадан өту үшін тапсырмаларды орындау қажет. Біз де қазақ тілі сабағында алған білімімізді пайдаланып, Төстікке көмектесеміз.
Сиқырлы қақпа тапсырмасы
Берілген өздік етістерді өзгелік етіске айналдырып, сөйлем құрап жазыңдар: сүртін, киін, жуын.
Оқушылардың дұрыс орындауы нәтижесінде Төстік пен достары қақпаны ашып, ішке кіреді.
«Өрмек» кедергісі және кубизм әдісі
Алайда Мыстан олардың ары қарай өтуіне кедергі жасап, өрмек құрып қойған екен. Өрмекті бұзу үшін 6 тапсырмадан тұратын жұмыс орындалады.
1) Баяндаңдар
242-жаттығу: «Ағайынға салып ойлат» мәтінін оқып, мазмұнын баяндаңдар. Өлеңнің (мәтіннің) тақырыбы мен идеясын анықтаңдар.
2) Талдаңдар
Мәтін ішінен өзгелік етістерді тауып, құрамына (түбірі мен жұрнағын) талдау жасаңдар.
3) Қолданңдар
Өзгелік етіс туралы алған білімдеріңді басшылыққа алып, 245-жаттығуды орындаңдар.
4) Зерттеңдер
Берілген сөздерге сатылай кешенді талдау жасап, лексика-грамматикалық мағынасын зерттеңдер.
5) Құрастырыңдар
Берілген ұйқаспен 1 шумақ өлең құрастырып, ішінен өзгелік етісті табыңдар.
6) Салыстырыңдар
Өздік етіс пен өзгелік етісті салыстырыңдар.
242-жаттығу мәтіні: «Ағайынға салып ойлат…»
Бір жолы баласы Жалмамбет: «Менікі жөн, олардікі теріс», — деп бір жайлау дауын әкесіне айтып отырады. Сонда Бәйдібек би баласына:
— Өткелді саяз деме, таяғыңды салып бойлат.
Ісімді мақұл деме, ағайынға салып ойлат, —
деп ақыл айтыпты деседі қариялар.