Көнерген сөздер қоржыны

Сабақ барысы

Бұл жоспар 5-сынып оқушыларына арналған. Негізгі ой — көнерген сөздердің түрлерін ажыратып, мәтін ішінде қолданысын танып, ұлттық мәдениетпен байланысын сезіндіру.

1

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

2

Поэзия минуты

Оқушыларға тәуелсіз елдің ұрпағы екенін сезіндіру, ұлттық рухты ояту.

Мен қазақтың ұлымын,

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.

Ұланымын туын көкке көтерген,

Болашаққа алға бастап жетелер.

Қиындығын қазағымның әрқашан,

Қайыспайтын қара нардай көтерер.

3

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыпты қайталау арқылы негізгі ұғымдарды нақтылау.

Сұрақтар

  1. Көнерген сөздер нешеге бөлінеді?
  2. Архаизм дегеніміз не? Мысал келтір.
  3. Тарихи сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
  4. Сөздік қор дегеніміз не?
  5. Сөздік құрам дегеніміз не?
  6. Көнерген сөздер сөздік қорға кіре ме, әлде сөздік құрамға кіре ме?
  7. 152–153-жаттығулар.
4

«Көнерген сөздер қоржыны»

Көнерген сөздерді тақырыптық топтарға бөліп, мағынасын талдау.

Мата атаулары

  • биқасап
  • торқа
  • дүрия
  • патсайы

Киім-кешек атаулары

  • сәукеле
  • тымақ
  • шоңқайма
  • кимешек

Қару-жарақ атаулары

  • адырна
  • қалқан
  • найза
  • сауыт

Әдет-ғұрып атаулары

  • барымта
  • бесік құда
  • ұрын бару
  • сауын айту
5

Кітап — білім бұлағы (кітаппен және тақтамен жұмыс)

155-жаттығу: мәтінді оқып, мәтіндегі қыздың ұлттық киімдерінің атауларын теріп жазу.

Үлгі

бешпет, көйлек, мәсі, құндыз бөрік

6

Мәтінмен жұмыс

154-жаттығу: мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру. Мәдеге қатысты сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрау.

7

Суретпен жұмыс

Суретте берілген көнерген сөздерді қолданып, шағын мәтін құрастыру.

I деңгей

  1. Көнерген сөздер деген не?
  2. Жырдан көнерген сөзді тап.

Бадана көзді кіреуке

Жауға қарсы жетпеген,

Жел айырдың оғы өтпеген,

Сатуға басын сұрасаң,

Мың ділдә да жетпеген.

«Ер Тарғын» жырынан

II деңгей

  1. Тарихи сөздерді бір бөлек, архаизмдерді бір бөлек жаз.
  2. Тарихи сөздер мен архаизмдердің айырмашылығы неде?

Сөздер

Торқа, дүрия, көкер, болыс, шиден, сәукеле, жаушы, қызыл отау, найза, жебе, бұзаушық.

III деңгей

  1. Көнеріп барып қайта жаңарған сөздерді жаз.
  2. Көнерген сөздерге байланысты өлең-жырлардан мысалдар келтір.
8

Шығармашылық жұмыс

Берілген үлгі бойынша өлең құрастыру.

… — бабалардың ұраны,
… — еліміздің жыр-әні.
… жас ұрпақ, … шығады.

Мысал

Тәуелсіздік — бабалардың ұраны,
Егемендік — еліміздің жыр-әні.
Берік ұстап туымызды жас ұрпақ,
Әлі талай биік шыңға шығады.

9

Бекіту

Тізбек сөзді әріптерді екі жол тастап, сағат тілі бағытымен оқысаңыз, нақыл сөз шығады.

Топтық жұмыс

  1. Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық.
  2. Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық.
10

Бағалау

Оқушылардың жауаптарына қарай «қоржындағы асықтарды» тарату арқылы бағалау жүргізіледі.

11

Үйге тапсырма

Үй тапсырмасы мұғалімнің оқу жоспары мен сыныптың деңгейіне қарай нақтылап беріледі.