Оқушылардың сабаққа дайындығы

Сабақ тақырыбы

Көмірсулар. Глюкоза.

Сабақ мақсаты

  • Оқушыларды көмірсулармен және олардың өкілі — глюкозамен таныстырып, оның құрамын, құрылысын және алынуын сипаттай білуге баулу.
  • Оқушылардың ой-өрісін дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету; жаңа түсініктер беріп, танымдық қызығушылығын арттыру.
  • Өз бетінше жұмыс істеуге, білімін өзі тексеріп, бағалай білуге және уақытты тиімді жоспарлауға үйрету.

Сабақ сипаттамасы

Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдістер
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері: болжау, мағынаны түсіну, Венн диаграммасы. Алгоритм жүйесі.
Пәнаралық байланыс
Биология, әдебиет

Қажетті ресурстар

  • ДК (компьютер)
  • Интерактивті тақта
  • ҰБТ кітапшалары

Бұл сабақта негізгі ой өсімдіктердегі фотосинтез арқылы түзілетін органикалық заттарға, соның ішінде көмірсуларға назар аударуға бағытталады.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  1. 1) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  2. 2) Өзін-өзі бағалау парағымен таныстыру.

II. 1-кезең: Болжау

Мақсаты: оқушылардың білімін белсендіру, қызығушылығын ояту және ой қозғау. Болжау стратегиясы пәнаралық байланыс арқылы негізгі тақырыпқа кіріктіреді.

Орманды анасындай аңдар сүйіп,

Қойнына мекендеген аңдар киік.

Тамаша табиғаттың сан байлығы

Тұр екен көкірегіне қалай сыйып?

М. Хакімжанова

Жер бетіндегі тіршіліктің өзегі әрі қайнар көзі саналатын өсімдіктер әлемі өте алуан түрлі. Өсімдік пен гүл сұлулығы туралы ұғымдардың қалыптасуы да жасыл әлемнің әсемдігіне сүйсінуден туған.

Алайда өсімдіктер тек әсемдік қана емес: олар тіршілікпен және химиямен тығыз байланысты көптеген маңызды үдерістерді жүзеге асырады.

Талқылау сұрақтары (болжау)

1) Өсімдіктер қандай маңызды үдерісті жүзеге асырады?

  • Энергия түзуші
  • «Жанды зертхана» ретінде оттегі түзуші
  • Органикалық қосылыстар түзуші

2) Бүкіл ғаламшардағы тірі ағзаға қажетті өнімдерді түзетін кім?

Жауап (болжам): өсімдіктер.

3) Бұл үдеріс ненің көмегімен жүреді?

Жауап (болжам): күн сәулесінің энергиясы арқылы.

4) Жапырақтағы күрделі «ұлы синтезді» қандай зат атқарады? Бұл үдеріс қалай аталады?

Жауап (болжам): хлорофилл, үдеріс — фотосинтез.

5) Фотосинтездің жалпы стехиометриялық теңдеуін жазыңыз.

6CO2 + 6H2O → C6H12O6 + 6O2

Осы теңдеу арқылы келесі тақырыпқа өтеміз: көмірсулар, соның ішінде глюкоза.