Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар
Сайыстың мақсаты
- Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту.
- Музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру.
- Есте сақтау қабілеттерін нығайту.
- Сөздік қорларын молайтып, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру.
- Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Кіріспе сөз
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Сәлем, достар! Бүгінгі «Ән жұмбақ» музыкалық сайысына қош келдіңіздер!
Әнді жанындай сүйген, әнді әлдилей білген халықтың бірі — қазақ елі десек, артық айтқандық болмас. Музыка — жүректің тілі, сезім мен көңіл-күй әлемі. Ол — дыбыс арқылы бейнеленген жан сарайы.
Нақыл ой «Егер сен музыканы түсініп, сүйгің келсе — оны ыждағатпен тыңдай біл. Сонда бірте-бірте жақсыны жаманнан айыра білетін талғам қалыптасады». — Дмитрий Шостакович
Ән өнері — баршамызға жақын, ортақ құндылық. Ендеше, сайысқа көшейік!
Қатысушылар және әділқазылар
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға қатысушы 3 «А» және 4 «А» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз!
- 1)
- 2)
- 3)
I айналым: «Әнді тап»
Ереже: 5 тақырып беріледі. Тақырыпты таңдап, сол бойынша берілген әнді табу керек.
Тақырыптар
- Би билейік дөңгелеп («Айгөлек»)
- Қиял әлемі («Ертегілер әні»)
- Қонақжайлы халықпыз! («Дастархан»)
- Ән мен күйдің тірегі («Домбырасыз сән қайда?»)
- Анашымa арнаймын! («Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!»)
Жүргізуші: Алғашқы айналым аяқталды. Енді осы бөлімнің бағаларын білейік.
II айналым: Аспапты таны
Тапсырмалар
- «Қошақаным қайда екен?»
- «Жалқаубек»
- «Бала тілегі» (қосылып орындайды)
Сөз жарысы: Жылдамдық пен сөздік қор
Жүргізуші: Келесі бөлімде сөйлеу мәдениеттеріңіз, сөздік қорларыңыздың молдығы және жылдамдықтарыңыз сыналады.
Ереже
- Асықтарда әріптер жасырылған.
- Екі топқа да 2 әріп беріледі.
- Берілген әріптен басталып және сол әріппен аяқталатын сөздер айтылады.
- Уақыт — 1 минут. Көп сөз айтқан топ жеңеді.
Жүргізуші: Бұл айналымда жылдамдық пен ұйымшылдықтарыңызды көрсеттіңіздер. Рахмет! Енді «Сөз жарысы» нәтижесін тыңдайық.
III айналым: Мақал-мәтел құрастыру
Жүргізуші: Әуен мен сөздің байланысы өте жақын. Қазақ өмірінде әннің орны айрықша. Кейде балаларды сабақты да ән арқылы үйретеді.
Бұл бөлімде қазақ тілі пәнінен білімдеріңізді ортаға саласыздар.
Ереже
Әннің сөзі ұсынылады. Өлең ішіндегі асты сызылған сөздерге сәйкес мақал-мәтел құрастырып айтасыздар.
«Атамекен» (үзінділер)
Жасыл жайлау — түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсең, атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау — түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауың аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қайырмасы — жоғарыда.
Жасыл жайлау — түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Жүргізуші: Осы кезеңге дейін барлық бөлімдерден сүрінбей өтіп келесіздер. Жарайсыздар! Енді үшінші айналым бағаларын әділқазылардан білейік.
IV айналым және ақтық мәре
Өлең жолдары
«Құр айқай-шу бақырған —
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған —
Кісіге сән бе екен?»
Жүргізуші: Ендеше, музыкалық есту қабілеттеріңіз сынға түсетін ақтық мәреге өтейік!
Ақтық мәре: Әуенді таны
- Екі топ үнтаспадағы әуенді бірге тыңдайды.
- Әннің сөздері орындарын ауыстырып айтылады.
- Топтар әннің атауын табуы керек.
Қорытынды және марапаттау
Қорытынды: Сөз кезегі — әділқазылар алқасында.
Марапаттау: Жеңімпаздар мен қатысушылар марапатталады.
Жүргізуші: Сайысқа қатысқан сайыскерлерге көп рахмет! Сондай-ақ, келіп тамашалап, өз командаларыңызға жанкүйер болған көрермендерге де алғыс айтамын. Ән — аманат. Бар болыңыздар, сау болыңыздар!