Туған күнің мен Жер - Ана (ортаңғы топ балаларымен өткізілген экологиялық мерекенің сценарииі)Мақсаты
«Туған күніңмен, Жер-ана»
Ортаңғы топ балаларымен өткізілетін экологиялық мерекенің сценарийі
Мақсаты
Балалардың экологиялық білімін тереңдету; табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу; жер бетіндегі барлық тіршілік иесіне жауапкершілік көзқарасын қалыптастыру.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар
- Экология тақырыбындағы өлеңдерді жаттау.
- Табиғат туралы жұмбақтар шешу.
- Экология тақырыбында әңгімелесу.
- «Табиғаттың ғажап көріністері» атты слайд көрсету.
- Өсімдіктер мен жануарлар туралы әдеби шығармалар оқу.
- Ғарыш туралы таныстыру жұмыстары.
- «Жер-ана» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастыру.
Көрнекіліктер мен керек-жарақтар
- Жер макеті (глобус).
- Қоқысқа арналған екі себет, қоқыс (таяқшалар, қағаздар).
- 2 үлкен доп.
- Мольберттер, А4 қағазы.
- Пастель, түрлі түсті қарындаштар, түрлі түсті борлар.
Кейіпкерлер
Мерекенің барысы
Балалар жай әуенмен залға кіреді. Жүргізуші балалармен бірге амандасу шумағын айтады.
Амандасу
Армысың, шапағатты күніміз!
Армысың, мейірімді жеріміз!
Армысың, табиғат анамыз!
Келдік саған өз балаңдай бауырың жаз.
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз!
Жүргізушінің сөзі
Табиғаттың үш байлығы бар: су, жер және ауа — жер бетіндегі ең маңызды үш тірек. Қандай қиындық болса да, олар бір-бірімен байланысты: бәрі жаңарып, қайта түлейді. Күн шапағатын бәріне төгеді. Біз бірлікте болсаң — бұл күш, бұл жақсылық.
Балалар, бүгін Жер-ана өзінің туған күніне шақырып отыр. Жер күнін жер шарындағы адамзат түгел атап өтеді. Бұл күні адамдар ағаш отырғызып, гүл егіп, құстарға ұя жасап, көшелер мен саябақтарды қоқыстан тазартып, су қоймаларын ретке келтіруге тырысады. Әркім өз үйін — Жер шарын сақтауға және көркейтуге үлес қосады.
Балалар, сендер Жердің туған күніне барғыларың келе ме?
Балалар шеңбер құрып, әуен ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы қонаққа бара жатқанын бейнелейді.
Жер-ананың келуі
Балалардың алдынан қолында Жер макеті бар Жер-ана шығады.
Жер-ана:
Саламатсыңдар ма, балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Жүргізуші:
Жер-ана, балалар саған құр қол келген жоқ. Әрқайсысы саған арналған құттықтау сөздерін алып келді.
Балалардың құттықтауы:
Қымбатты да сүйкімді Жер! Сені туған күніңмен құттықтаймыз!
Біз сенің өзендеріңе, сай-салаңа, ормандарыңа, жануарларыңа, құстарыңа, балықтарыңа және жәндіктеріңе денсаулық тілейміз.
Ғаламдардың арасындағы ең сүйкімді ғаламшар бола беруіңе тілектеспіз.
Бүгін көңіл күйің көтеріңкі болады деп үміттенеміз. Ал біз сендегі қоқысты жинауға барымызды саламыз.
Балалар:
Біз саған «Жапырақтар» биін сыйлағымыз келеді.
Жер-ана:
Рахмет, балалар. Ал сендер менімен ойнағыларың келе ме?
Сұрақ-жауап ойыны
Жер-ана балалармен бірге танымдық ойын ұйымдастырады. Төмендегі сұрақтарға балалар жауап береді.
Жерде кімдер өмір сүреді?
Адамдар.
Жерде нелер өмір сүреді?
Жануарлар, жәндіктер, гүлдер және т.б.
Жердің астында нелер өмір сүреді?
Құрттар, көртышқандар, қоңыздар және т.б.
Жердің үстінде нелер ұшады?
Құстар мен жәндіктер.
Жер беті қай мезгілде жарық болады?
Күндіз.
Су не үшін қажет?
Ішуге, жуынуға, өсімдіктерді суаруға және т.б.
Ауа не үшін қажет?
Тыныс алу үшін.
Аралар не жинайды?
Бал.