Иондық байланыс

Химия, 8-сынып

Сабақ тақырыбы: иондық байланыс және металдық байланыс

Бұл сабақта химиялық байланыстың табиғаты қарастырылады және иондық пен металдық байланыстың негізгі ерекшеліктері жүйеленеді.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Химиялық байланыс типтері, байланыстың табиғаты, иондық және металдық байланыс туралы түсінік қалыптастыру.

  • Тәрбиелік

    Жеке тұлғалық қасиеттерді дамыту, химиялық сауаттылыққа баулу.

  • Дамытушылық

    Ой-өрісті, қабілеттерді және жеке дағдыларды дамыту.

Ұйымдастыру және ресурстар

Әдіс-тәсілдер

СТО әдістері, деңгейлік тапсырмалар

Ұйымдастыру формасы

Жеке, жұппен, топпен жұмыс

Көрнекіліктер

Интербелсенді тақта, үлестірмелі карточкалар

Пәнаралық байланыс

Физика, математика

Құзыреттіліктер

Ақпараттық Коммуникативтік

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды сабақ жұмысына бейімдеу, сыныптағы тәртіп пен ұйымдасқандықты қамтамасыз ету.
  • Сәлемдесу және оқушыларды түгендеу.
  • Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Сабаққа сәттілік тілеу».

II. Үй тапсырмасын тексеру

Баяндау әдісі арқылы өзара тексеру ұйымдастырылады. Қысқа психологиялық тренинг өткізіліп, өткен тақырыптар бойынша білім деңгейі анықталады.

Топшама №1

  1. A) Сұрақ

    Ковалентті байланыс дегеніміз не?

  2. Ә) Тапсырма

    Химиялық байланыс түрлерін және бейорганикалық қосылыстардың кластарына жататындарын ажыратыңдар: HF, H2, Br2O7, SiO2, F2, HNO3

Топшама №2

  1. A) Сұрақ

    Ковалентті полюссіз байланыс дегеніміз не?

  2. Ә) Тапсырма

    Химиялық байланыс түрлерін және бейорганикалық қосылыстардың кластарына жататындарын ажыратыңдар: H2SO4, O2, Cl2O7, SO2, B2O7, Cl2

Ой қозғау (жедел жауап)

  • Сутегіндегі протон саны

  • Периодтық жүйедегі элементтер саны

  • Периодтық жүйені ұсынған ғалым

  • Бейорганикалық қосылыстардың кластарының саны

  • Электртерістілік ұғымы

  • Оттегіндегі нейтрон саны

III. Түсіндіру

Мұғалім сабақ мақсатына жету жолдарын түсіндіріп, жұмысты ұйымдастырады: сабақтың тақырыбы ашылады, оқушылар топтарға бөлінеді.

Иондық байланыс

Иондық байланыс — иондар арасындағы тартылыс нәтижесінде пайда болатын байланыс. Ол көбіне металл мен бейметалл арасында түзіледі.

Ион — электрон беру немесе қосып алу нәтижесінде түзілетін зарядталған бөлшек.

  • Электрон беретін атом оң ионға (катионға) айналады.

  • Электрон қосып алатын атом теріс ионға (анионға) айналады.

Мысал

Ас тұзы: NaCl

Иондық байланыстың табиғатын 1916 жылы неміс ғалымы Вальтер Коссель түсіндіруді ұсынды: сыртқы валенттік электрондарын беретін атомдар катиондарға, ал электрондарды қабылдайтын атомдар аниондарға айналады.

Металдық байланыс

Металдық байланыс — металл атомдары мен олардың ортақтасқан (делокализацияланған) валенттік электрондары арасындағы тартылысқа негізделген байланыс. Бұл байланыс металдарға тән қасиеттердің (электр және жылу өткізгіштік, иілімділік) себебін түсіндіреді.

Назар аударатын тұстар

  • Металл кристалл торында электрондар «еркін» қозғала алады.
  • Байланыс бір ғана жұп электронға емес, бүкіл торға ортақ электрондарға сүйенеді.

Қорытынды идея

Иондық байланыс иондар арасындағы электростатикалық тартылысқа негізделсе, металдық байланыс металл катиондары мен делокализацияланған электрондар «теңізі» арасындағы өзара әсер арқылы түсіндіріледі.