Мұхтар ШахановҚазақтың бас бұлшық еті(Қажымұқан қабірі басындағы ой)Тұлпар далаң, іңкәр далаң айтып жатыр алғысын, Қабіріне бас игендей тәкаппар тау, қарлы шың

Мұхтар Шаханов

Қазақтың бас бұлшық еті
(Қажымұқан қабірі басындағы ой)

Тұлпар далаң, іңкәр далаң айтып жатыр алғысын,
Қабіріне бас игендей тәкаппар тау, қарлы шың.
Күллі қазақ әйелдері толғатса да қанша рет,
Туа алмастан келеді әлі саған ұқсас нар мүсін.
Ұлтымыздың қара күші, дара күші, армысың,
Біз аспаған биіктерден сенің даңқың қарғысын.
Беске толған шағым еді.
Қасқасудың төсінде
Беу, Қажеке, әкемді іздеп келген кезің есімде.
Шетте жүріп мекенінің амандығын сұраған,
Кезеңі еді әкемнің ол көңіл шыңы құлаған.
"Туған жерден мені іздейтін бар екен деп бір адам",
Құзар тауға сүйенгендей сені құшып жылаған.
Сен әкеме жігер беріп, мейіріміңнен от өріп,
"Мына ұлың палуан болсын!" дедің мені көтеріп.
Жә, палуандық қайда маған, нәзік, жұқа кескінмен,
Жел үрлесе құлайтындай қауқарсыз боп өстім мен.
Бұл не тағдыр, сусыз көлдің қоғасындай мәні кем,
Тән қуатын күйттегеннің жығылдым мен бәрінен.
Намысыма қамшы басып, бірақ қарап қалмадым,
Өзің жеңген жарты әлемді мен де біраз шарладым.
Ой қуатын жарқыраттым талай көңіл көгінде,
Бәлкім, мені рухымен палуан болсын дедің бе?
Бір шынары атансам мен сен даңқ қосқан Отанның,
Мүмкін түскен нұры шығар сонда берген батаңның.
Қазақтың бас бұлшық еті, құлагер төс, піл табан,
Қара күште әлі ешкім жоқ сенше биік шырқаған.
Өнерге де өзгелерден жақын ең ғой біртабан,
Рух қашып бара жатыр өзің өскен қырқадан...
Бүгін мені қайта көтер, жарты ғасыр өткен соң,
Қанатсызды мойындамас мінезіңмен бұрқаған.
Сол бір салтын тірі тұрса, тұрар әр кез ұлт аман,
Елімнің бас бұлшық еті, құлагер төс, піл табан...



Ұқсас жұмыстар

Мұңайтпасұлы Қажымұқан туралы ақпарат
М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын
Сәкен Сейфуллиннің туғанына 110 жыл
Қорықтар Аймағы
КҮЛӘШ АХМЕТОВА ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ПОЭЗИЯ
Бүкіл әлем даму біз үшін ұшы қиырсыз мәселе
Қадырдың махаббат лирикасы басқаша махаббат
Фариза Оңғарсынованың лирикасы
Төлеген сөз жоқ талант
М.ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «РУХ» КОНЦЕПТІСІ
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Басқару процесiнiң мазмұны
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
ШЫҢҒЫСҰЛЫ ЖОШЫ ХАН
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде
ТІЛЕУҚАБЫЛ ӨТЕЙБОЙДАҚ
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ