Қазақ тілі. Сабақтың аяқталуы
Күнделікті сабақ жоспары (5-сынып, қазақ тілі)
Бұл материал 5-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен күнделікті сабақ жоспарының үлгісі. Негізгі мақсат — оқушылардың сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, лексика бойынша білімін бекіту және тілдік талдау машықтарын дамыту.
Тарау тақырыптары (№41–45)
- 41. Диктант: «Қоштасу»
- 42. Лексикадан өткенді қайталау
- 43. Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік
- 44. Қазақ әліпбиі
- 45. Дауысты дыбыстар: жуан және жіңішке дауыстылар
Сабақ туралы мәлімет
- Пән
- Қазақ тілі
- Сынып
- 5
- Тоқсан
- III
- Күні
- Толтырылады
- Мұғалім
- Толтырылады
Сабақтың сипаттамасы
- Тақырып
- Диктант: «Қоштасу»
- Типі
- Бақылау
- Түрі
- Диктант
- Әдіс-тәсіл
- Жазба жұмысы, талдау
- Көрнекілік
- «Диктанттар мен мазмұндамалар» жинағы
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ әдебиеті, жануартану
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды сауатты жазуға баулу, лексикадан алған білімдерін бекіту.
Тәрбиелік
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, еңбекті дәріптеу, ана тілін құрметтеу, туған өлкенің табиғатын қорғауға баулу.
Дамытушылық
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата алу машықтарын қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
II. Диктант мәтінімен таныстыру және жаздыру
Диктант: «Қоштасу»
Күн шыққан жоқ. Қиқу үдей түсті. Көкжиекке күннің алтын иегін арта бергені-ақ мұң екен, Балқаш айдынынан ең алдымен ырғала-ырғала қаңқылдап, қоштаса сұңқылдап, үнін әсемдікпен әндете созып, аққулар тобы көтерілді. Олар көлден тіп-тік күнге қарай көтерілді де, керуен басы алға шығып, санын түгендеп алған соң, тұп-тура Оңтүстікке — Қаратауға, Сырға, Аралға, Каспийге бет алды. Аққулар тізбегі көл үстін бір айналып өтіп, бетін өз бағытына қарай бұрған шақта, ұшқыр үйректер топ-топ болып, өздерінше тізбек-тізбектер жасап, жол бастаған аққу-арулардың соңынан асығыс ұшты. Ең соңында қараша қаздар қалбақтап, көл үстінде у-шу болып, бейберекет көтерілді де, жоғарылай-жоғарылай келіп, сапын түзей бастады. Кейбірі тым көп қаңқылдап, керуен басылыққа таласты. Бірін-бірі итермелеп, сапты түзеп, батыры мен батылы алға шықты. Аққулар салған керуен жолына түсіп алып, оңтүстікке қарай бұлар да самғай тартты. Сәске түске дейін көл үсті бұлан-талан болып, көшкен құстан айықпады.
Дереккөз: С. Бақбергенов. Мәтін көлемі: 145 сөз.
III. Талдау жұмысы
- Лексика бойынша кездескен сөздерге қысқаша түсіндірме жасау.
- Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем үлгілерін мәтіннен анықтау.
- Емле және тыныс белгілері бойынша қателерді талдау.
IV. Сабақты аяқтау
Қорытындылау, кері байланыс алу және келесі тақырыпқа қысқаша бағдар беру.
Толық нұсқасын көру