Тоғызқұмалақ ережесі

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп

Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақұдық орта мектебі

Пән және сынып

Физика, 10-сынып

Мұғалім

Пайызова Айсәуле Сәбитқызы

Тақырып

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль–Ленц заңы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушыларға токтың жұмысы мен қуаты туралы түсінік беру, формулаларын қорыту.
  • Есептер шығару арқылы білімді бекіту.

Дамытушылық

  • Өткен тақырыптарды еске түсіріп, жаңа сабақпен байланыстыра толықтыру.
  • Токтың жұмысы мен қуаты туралы ұғымдарды дамытып, логикалық ойлауды жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Өздігінен ізденуге дағдыландыру, еңбекке тәрбиелеу.
  • Теорияны техникада және тұрмыста қолдана білуге үйрету.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Әдістері

Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, тірек-сызба

Көрнекілігі

Слайд, бағалау парағы, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

1) Тренинг

Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыратын қысқа тренинг өткізіледі.

2) Бағалау: тоғызқұмалақ тәсілі

Оқушылардың белсенділігін бағалау үшін тоғызқұмалақ ойынындағы ұпай жинау логикасы қолданылады: әр дұрыс жауап үшін оқушы өз «отауына» 1 асық салады, ал топ ұпайы ортақ «қазан» арқылы есептеледі.

Тоғызқұмалақ туралы қысқаша

Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ақыл-ой ойыны. Деректер оның тарихын 4 мың жылдық кезеңмен байланыстырады. Ойын арнайы тақтада екі адам арасында ойналады: 2 қазан, 18 отау және 162 құмалақ. Бастапқыда әр ойыншыға бір қазан және тоғыз отауда тоғыз-тоғыздан 81 құмалақ тиесілі болады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) «Сиқырлы қоржын»

«Тұрақты ток» тарауы бойынша әр оқушы бір сұрақ дайындап, қоржынға салады. Содан кейін қоржыннан сұрақ алып, жауап береді. Бұл әдіс үй тапсырмасын жылдам әрі белсенді түрде пысықтауға көмектеседі.

2) «Көкпар»

Үйге берілген есептер топпен орындалады. Есептерді толық әрі дұрыс шығарған топ «көкпарды» алады. Оқушылардың өзара қолдауы мен бәсекелестігі есеп шығаруға қызығушылықты арттырады.

Көкпар туралы қысқаша

Көкпар — ұлттық ат ойыны, Орта Азия халықтарына кең таралған. Ол жаппай тартыс және дода тартыс болып бөлінеді. 1949 жылы көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілген. Дәстүрлі түрде көкпарда серке тартылады.

III. Жаңа сабақ

1) «Жеті қазына» байланысы

Қазақ мәдениетінде 7 саны киелі. Осы ұғымды сабаққа кіріспе ретінде пайдаланып, «электр тогы» физикалық шамасының негізгі сипаттамаларын еске түсіреміз. Бұдан әрі токтың тағы екі маңызды сипаттамасын қарастырамыз: токтың жұмысы және токтың қуаты.

2) Мәтінмен жұмыс және түсіндіру форматы

Оқушыларға жаңа тақырыптың мәтінін оқуға уақыт беріледі. Түсіндіру кезеңінде «Ақ серек, көк серек» ойынының әдістемелік үлгісі қолданылады: әр топтан бір оқушы шақырылып, негізгі анықтамалар мен формулаларды түсіндіреді.

I топ: Токтың жұмысы және қуаты

Жұмыс формуласы

Кернеудің анықтамасынан: A = Uq. Ал өткізгіш қимасынан t уақыт ішінде өтетін заряд: q = It. Олай болса, A = UIt.

Демек, ток жұмысы ток күшіне, кернеуге және уақытқа тәуелді.

SI жүйесінде: 1 Дж = 1 В · 1 А · 1 с.

Ом заңы арқылы түрлендіру

Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы негізінде: A = I²Rt.

Қуат (электр техникасында)

Механикада қуат N әрпімен белгіленсе, электр техникасында көбіне P қолданылады: P = UI.

Ом заңын пайдалансақ: P = I²R.

Қуаттың SI бірлігі — ватт (Вт).

1 Вт1 В кернеуі бар тізбекте 1 А ток жүргендегі қуат.

Өлшеу құралдары және тұрмыстық байланыс

  • Токтың қуатын өлшейтін құрал — ваттметр.
  • Токтың жұмысын өлшейтін құрал — электр санауыш.
  • Электр энергиясы көбіне кВт·сағ бірлігімен есептеледі.

Мысал: тұрмыстық шектеу

Үй желісіндегі кернеу U = 220 В болғанда, ток күші I = 10 А-ден аспауы тиіс. Онда бір мезгілде қолданылатын қуаттың шекті мәні: P = UI = 10 А · 220 В = 2200 Вт ≈ 2,2 кВт.

Ай сайын ата-аналар электр санауыш көрсеткіші бойынша төлем жасайды. Түбіртектегі есептеуді түсіну — электр энергиясын саналы тұтынуға үйретеді.

II топ: Джоуль–Ленц заңы және жылулық әрекет

Неге өткізгіш қызады?

Ток өткенде өткізгіш қызады, яғни электр энергиясы ішкі энергияға айналады. Бұл құбылыс металдағы еркін электрондар электр өрісінің әсерінен қозғалып, кристалдық тор түйіндеріндегі иондармен соқтығысып, энергиясының бір бөлігін беруімен түсіндіріледі. Нәтижесінде иондардың тербелісі күшейіп, ішкі энергия артады да температура көтеріледі.

Тәжірибе: қызу неге тәуелді?

Кедергілері әртүрлі мыс, болат және никелин өткізгіштері тізбектей жалғанып, ток күші біртіндеп арттырылады. Тізбектей тізбекте ток күші бірдей болғанымен, қызу мөлшері әртүрлі байқалады: никелин мен темір тез қызады, ал мыс сым әлсіз жылынады. Бұл өткізгіштің қызуы оның кедергісіне тәуелді екенін көрсетеді.

Джоуль–Ленц заңы

Токтың жылулық әсерін ағылшын ғалымы Дж. Джоуль және орыс ғалымы Э. Ленц тәжірибе жүзінде зерттеп, бір-біріне тәуелсіз заң тұжырымдады.

Өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері: Q = I²Rt

Яғни ток күшінің квадратына, кедергіге және уақытқа тура пропорционал.

Бекіту: «Сақина салу» әдісі

20-жаттығудағы есептерді шығару кезінде «Сақина салу» ойынының форматы қолданылады: тапсырма түскен оқушы есепті орындайды, ал қателескен немесе кідірген оқушыға қосымша сұрақ қойылады. Бұл тәсіл жауапкершілікті арттырып, сыныптың жалпы белсенділігін көтереді.

Сұлбамен жұмыс

Шартты белгілер бойынша сұлбадан (схемадан) құралдарды атау тапсырмасы орындалады (амперметр, вольтметр және т.б.).

VI. Үй тапсырмасы

Жаңа тақырып бойынша негізгі формулаларды қайталау, берілген есептерді шығару және тұрмыстық мысалдар арқылы қуат пен жұмыс ұғымдарын байланыстырып келу.

VII. Бағалау

Бағалау парағы және «тоғызқұмалақ» тәсілі арқылы жиналған ұпайлар негізінде жеке және топтық нәтижелер қорытындыланады.