Кендебайдың әкесінің аты кім

Сабақтың тақырыбы

«Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебай бейнесі

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, Қазақстан тарихы

АКТ және ресурстар

Слайд, аудиокітап, тест тапсырмалары, оқулық

Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

А

Кендебай бойындағы адами қасиеттерді нақтылап ашу, бөлімдердің мазмұнын меңгерту.

Ә

Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.

Б

Кендебай бейнесі арқылы оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері

  • Кейіпкер бейнесін толық ашады.
  • Сыни ойлауы қалыптасады.
  • Ертегінің негізгі ойы мен идеясын анықтайды.
  • Шығармашылық қабілеттері дамиды.

Оқытудағы әдіс-тәсілдер және өзара әрекеттестік

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Миға шабуыл
  • Жигсо әдісі
  • Топтастыру

Сыныптағы өзара әрекеттестік

  • Топтық жұмыс
  • Жұптық жұмыс
  • Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс

Бағалау

Оқыту үшін бағалау (формативті)

Қол шапалақтау, стикерлер, жұлдызшалар, жетондар және дескрипторлар арқылы бағалау.

Қалыптастырушы бағалау

Тапсырмалар орындау барысындағы дәлелді жауап, топтық үлес, мазмұнды талдау және қорытынды жасау дағдылары бағаланады.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру (мотивациялық) кезең

  • Сыныптың көңіл күйімен танысу.
  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
  • Психологиялық тренинг: «Біз біргеміз».
  • Топқа бөліну, бағалау парақшаларын тарату.

II. Үй тапсырмасын пысықтау

«Миға шабуыл» әдісі: минут, уақыт, сағат сөздерінің мағынасын ашып, осы ұғымдар арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабақты меңгерту (мағынаны тану)

«Жигсо» әдісі: сынып 4 топқа бөлініп, әр топқа бір тақырып беріледі. Топ мүшелері тақырыптағы негізгі ойды ашып, көп мағынаға ие тірек сөзді анықтап, мазмұнымен байланыстыра түсіндіреді.

1-топ

«Ер қанаты — ат»

2-топ

«Қойшы баланың мұңы»

3-топ

«Алтын құйрықты құлын»

4-топ

«Ертегінің мұраты»

IV. Кейіпкер келбеті (теориялық жұмыс)

Көркем шығармада айтылатын негізгі ой идея деп аталады.

Көркем шығармадағы адамдардың бейнесі кейіпкер деп аталады.

V. Жаңа сабақты бекіту

«Топтастыру» стратегиясы: Кендебайдың бойындағы жақсы қасиеттер қандай? Оқушылар қасиеттерді атап, ертегідегі сәйкес тұстарымен дәлелдейді.

VI. Сергіту сәті

Көңілді әуен ырғағымен қимыл-қозғалыс жасау.

Деңгейлік тапсырмалар

1-топ

Кендебайға ұқсағың келе ме? Қай қасиеті саған көбірек ұнайды?

2-топ

Кендебайдың ерлік істерге баруына не себеп болды?

3-топ

Қазіргі өмірдегі «Кендебайлар» туралы ойың қандай?

4-топ

Мақал-мәтелдер арқылы ойыңды толықтыр.

Тест тапсырмалары

1. Кендебайдың әкесінің аты кім?

  • А. Байбөрі
  • Ә. Ерназар
  • Б. Қазанғап
  • В. Саржан

2. «Мынау таудан әрі ассаң, ағып жатқан өзенді көрерсің, ортасында бір арал бар» — бұл қай кейіпкердің сөзі?

  • А. Шалқұйрық
  • Ә. Керқұла атты Кендебай
  • Б. Ханның баласы
  • В. Тазша бала

3. Қозы бағып жүрген баланың әкесі кім?

  • А. Мергенбай
  • Ә. Тасқара
  • Б. Кендебай
  • В. Шойынқұлақ

4. «Ой, оңбаған-ау, қарасаң ғой малды. Айырылғырдың суы айырыл деп неге айтпайсың?» — кімнің сөзі?

  • А. Күнке
  • Ә. Менді сұлу
  • Б. Кенжекей
  • В. Ханның қызы

Кері байланыс (рефлексия)

Бүгінгі сабақ не туралы, кім жайында болды?

Не білдік? Нені үйрендік?

Не білгің келеді?

Мен үшін не жаңалық болды?

Үй тапсырмасы

«Керқұла аттың өсіп-жетілуі» тақырыбын негізге ала отырып, ертегі үлгісінде әңгіме жазып келу.