Көгіме нұрлы күн берген, Айналдым алтын елімнен
Көңіл толқыны
Тауларымен тілдескен көк аспан, жайқалған жасыл орман, Алатау мен Қаратаудың асқақтығы — елдіктің мұрасына айналған ерлік күйін еске салады. Бүгінгі Қазақстан — салтанат пен сәні жарасқан, жаңғырып, жаңарған тәуелсіз ел.
Ел туралы ой
Берекелі ел, құтты ел — азат таңымыз күткен күн. Қазақстан — ынтымақ пен достықтың, кеңдік пен кемелдіктің мекені.
Сүйіспеншілік
Бабадан қалған дарқан дала, қанатын жайған қалалар, арай нұрға бөленген ауыл — қасиетті Қазақстанды алау жүрекпен сүюге үндейді.
Армысыздар қадірлі қонақтар, аяулы ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздік мерекесінің 20 жылдығына арналған «Ұлы елдің ұланымыз» тақырыбындағы оқырмандар конференциясына қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік — ұлттық жадының жаңғыруы
Тәуелсіздік — халқымыздың сан ғасырлар бойы азаттық жолындағы күресінің қорытындысы. Ол — сол жолда көрген азап пен қиындықты жадымызда жаңғыртып, егемендік жылдарында жеткен жетістікті айшықтайтын ұлттық мереке.
Бұл күн әр қазақстандықтың жүрегіне жақын. Тәуелсіздік мерекесі еліміздің бүгінгі өркендеуіне қуат беріп, жарқын болашаққа сенім ұялатады.
Талқылау бағыты
Тарихта тәуелсіздікке жол ашқан Желтоқсан оқиғасы — егемендік үшін алаңға шыққан жастардың ерлігі мен елдікке қосқан үлесінің айқын көрінісі. Осы тақырып төңірегінде оқушылардың ой-пікірлерін тыңдаймыз.
Желтоқсан оқиғасы туралы: 9-сынып оқушылары Өтеболатова Айгүл мен Мусағалиева Айжан өздерінің дайындаған жұмыстарын ұсынады.
Елдіктің айқын нышандары: тіл, руханият, рәміздер
Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді және дінімізді қайта жаңғырттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, елдіктің тұғырын бекітті.
Ту
Еркіндік пен бірліктің көрінісі — мемлекет рухын көтеретін қасиетті белгі.
Елтаңба
Тарих пен дәстүрді сабақтастырған, елдік мәнді тереңдететін нышан.
Гимн
Ортақ үн, ортақ мақтаныш — жүрекке жігер беретін ел әнұраны.
Рәміз туралы сөз
«Рәмізім — елдігімнің белгісі. Рәміздерім — Ту, Елтаңба, Гимн. Рәміздерді жатқа білу — әр азаматтың міндеті».
Мемлекеттік рәміздер туралы: 5А-сынып оқушылары Нұрсейіт Нұрсұлтан, Кенбаева Айзада және 11А-сынып оқушысы Законова Айгерім ой бөліседі.
Астана — жаңа дәуірдің айғағы
Еліміз егемендік алғалы жылдан-жылға көркейіп келеді. Соның айқын дәлелінің бірі — Қазақстан Республикасының астанасы. Астана ХХ ғасырдың ең жас астаналарының бірі ретінде тарихқа енді.
Астана қаласы туралы: 5А-сынып оқушысы Өтеғалиева Іңкәр өз ойын ортаға салады.
Тәуелсіздік — ғасырлар арманы
Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Бұл күнге халқымыз сан ғасырлар бойы армандап жетті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы тарихта өз ерекшелігімен есте қалады.
Тәуелсіздік туралы: 8-сынып оқушысы Зейнолла Гүлназ өз ойын ұсынады.
Ел басқару және жауапкершілік
Н. Назарбаев — әлем мойындаған ірі мемлекет басшыларының бірі, қазақ мемлекетінің тұңғыш Президенті. Ол ел басқару ісінде халқымыздың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесін және әлемдік тәжірибені ұштастырған алымды да алғыр көшбасшы ретінде бағаланады.
Өзгермес ақиқат
Тәуелсіздіктің әр таңы, әр күні, әр айы тарихи мәні зор жауапты шешімдерге толы болды. Қазақ елі жаңаша тарихын жаза бастады. Бірақ өзгермес бір шындық бар: Қазақ жері, Қазақ елі — бәріміз үшін қасиетті мекен, қастерлі топырақ.
Азаматтық парыз
Әрбір азамат елдің тарихын, әдебиеті мен мәдениетін, ең бастысы — адамын қадірлеуі керек: өткенін сыйлап, бүгінін сезініп, келешегін қорғай білуі абзал.
Келешек кімнің қолында?
Келешек қандай болады — ол Сіз бен бізге байланысты. Өшірілмес өткеннің ішінде тәуелсіздік пен бірліктің орны айрықша.
Күй және тілек
Домбыраның күмбірі — ел рухының үні. Әділдік пен арды қорғаған туған жер — жүрекке қуат, жанға медет. Бабалардың тыныштық тілеген арманы — тәуелсіз Отан.
Күй: «Балауса»
Көтеріп биік мінбеге, кеудеме сазды үн берген.
Көгіме нұрлы күн берген, айналдым алтын елімнен!
Жүзіме әсем әр берген, жаныма қуат нәр берген.
Жеріме жаңа түр берген, түр беріп жұпар гүл берген — айналдым азат елімнен!
Домбыра беріп қолыма, жөн сілтеп түзу жолыма, әділдік, арды қорғаған — айналдым туған жерімнен!
Тәуелсіздіктің 20 жылдық тойы — тек тойлау үшін емес, тәуелсіздіктен тағылым алу үшін керек деген оймен, бүгінгі «Ұлы елдің ұланымыз» оқырмандар конференциясы — Тәуелсіздік мерекесіне қосқан өз үлесіміз.
Қорытынды тілек
Қадірлі қонақтар, берекелі бірлігіміздің мерейі үстем болсын! Еліміздің егемендігі жасай берсін! Бірлігіміз бекем болсын!