Үстеудің мағыналық түрлерін қайталау
Сабақтың мақсаттары
Дамытушылық
Оқушылардың үстеу және оның түрлері туралы түсінігін кеңейту, мағыналық түрлерін бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
Білімділік
Үстеудің барлық мағыналық түрлерін жинақтап, пысықтау; ауызша және жазбаша жаттығулар, топтық тапсырмалар мен тест арқылы бекіту.
Тәрбиелілік
Сөйлеу мәдениетін, ой-өрісті, шапшаңдықты дамыту; өз бетінше жұмысқа, шығармашылыққа, жан-жақтылыққа, ізденіске баулу; адамгершілікке, кішіпейілділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу және үй тапсырмасына дайын отыруларын ескерту.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Сынып екі топқа бөлінеді: «Алғырлар» және «Зеректер».
Үй тапсырмасы: үстеудің мағыналық түрлерін қайталау және «Мектептегі қызықты күндерім» тақырыбына үстеудің барлық түрін қатыстыра отырып, шағын шығарма жазу.
Әр топтан бірнеше оқушы шығармасын оқиды. Жауап берген оқушыларға ынталандыру ретінде шағын жалаушалар беріледі.
III. Үй тапсырмасын қорытындылау
«Үстеу» тақырыбы сөзжұмбақ және қосымша сұрақтар арқылы қорытындыланады.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- 1.Үстеудің құрамдық бір түрі: күрделі.
- 2.Сөз табының бірі: етістік.
- 3.Үстеудің сұрағы: қайтіп?
- 4.Үстеудің мағыналық бір түрі: мөлшер.
- 5.Сөз табының бір түрі: шылау.
- 6.Үстеудің сұрағының бірі: қалай?
- 7.«Ауылда» сөзі үстеудің қай түріне жатады? Мекен.
- 8.«Таңертең» үстеуінің жасалу жолы: бірігу.
IV. Сұрақтар арқылы шолу
- Үстеудің мағыналық түрлері нешеу?
- Әр түріне тоқталып, мысал келтір.
- Мағыналық түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы қандай?
V. Жаттығулар
Оқулық бойынша: ауызша 295(1), жазбаша 295(2) жаттығулары орындалады.
VI. Жұмбақтар
Оқушыларға жұмбақтар шешкізіледі.
VII. Сатылай-кешенді талдау
Жұмбақ ішіндегі екі сөзге сатылай-кешенді талдау жасалады.
VIII. Тест жұмысы
Экранда тест сұрақтары көрсетіледі. Оқушылар параққа аты-жөнін жазып, тек дұрыс жауаптарын белгілейді. Нәтижесі келесі сабақта хабарланады.
Тест сұрақтары
-
1) Мезгіл үстеулі тіркесті көрсетіңіз:
- A) жоғары өрледі
- Ә) қысы-жазы үзілмейді
- Б) ышқына соқты
- В) ілгері кетті
-
2) Мекен үстеулі тіркесті көрсетіңіз:
- A) былтыр көрген
- Ә) ілгері жылжыды
- Б) тағы да келді
- В) ән салды
-
3) Күшейткіш үстеуді табыңыз:
- A) тіпті, әбден
- Ә) амалсыздан, босқа
- Б) емін-еркін, әрең
- В) онша, әжептәуір
-
4) Сын-қимыл үстеуді табыңыз:
- A) қолма-қол жұмсады
- Ә) қасақана кешікті
- Б) бірталай отырды
- В) ерен еңбек етті
-
5) Мөлшер үстеуді табыңыз:
- A) әдейі, жорта
- Ә) лажсыздан, амалсыздан
- Б) дәл, сақ, нақ
- В) анағұрлым, неғұрлым
-
6) Мақсат үстеуді табыңыз:
- A) қазір келді
- Ә) жорта үндемеді
- Б) босқа кетті
- В) сөйтіп, қаннен-қаперсіз
-
7) Себеп-салдар үстеуді табыңыз:
- A) құр босқа бақырған
- Ә) ендігәрі келмейді
- Б) әлгінде келіп кетті
- В) қыруар әңгіме айтылды
-
8) Күрделі үстеулер тобын белгілеңіз:
- A) биыл, таңертең, жоғары-төмен
- Ә) бүгін, жылдам, тез
- Б) ертең, шалқасынан, ақырын
- В) ауылда, әдеппен, алға қарай
-
9) Туынды үстеу жасайтын жұрнақтарды белгілеңіз:
- A) -да, -де, -та, -те
- Ә) шама, шеме
- Б) -лап, -леп, -дап, -деп
- В) -лық, -лік, -дық, -дік
IX. Пәнаралық/құндылықтық байланыс
Сабақ мазмұны «Қазақстан–2050» және «Мәңгілік ел» тақырыптарымен байланыстырылады.
X. Қорытындылау
«Алғырлар» мен «Зеректер» топтарының жинаған жалаушалары саналып, жеңімпаз топ анықталады және марапатталады.
XI. Үй тапсырмасы
- Үстеудің мағыналық түрлерін қайталау.
- 296-жаттығу: жазып, талдап келу.
XII. Бағалау
Сабақта белсенді жауап берген оқушылар бағаланып, бағалары қойылады.
XIII. Сабақты аяқтау
Сабақ әнмен аяқталады.