Бағалау парақшаларындағы бағалау критерийлеріне сәйкес бағалау
Сабақ туралы мәлімет
Бұл сабақ Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын меңгертуге бағытталған. Оқу үдерісінде оқушылардың мәтінді түсінуі ғана емес, өз ойына сүйеніп тұжырым жасау, болжам айту және ой қорыту дағдысы дамытылады.
Сабақтың мақсаты
Поэманың мазмұнын меңгерте отырып, өзіндік тұжырым жасату және ой қорыта білуге үйрету.
Түйінді сөздер
- поэма
- деңгейлік жұмыс
Күтілетін нәтиже
- поэманы оқып, мазмұнын түсінеді;
- кейіпкерлерімен танысып, құрылымдық талдау жасай алады;
- шығарманы бағалап, адалдықтың өмірдегі құндылығын түсінеді.
Жаңаша ойлауға жетелейтін әдіс-тәсілдер
Сабақта оқушы белсенділігін арттыратын бірнеше әдіс қамтылады: «Миға шабуыл», «Крестиктер мен нөлдіктер», Венн диаграммасы. Әсіресе жаңа тақырыптың мақсатын ашу кезеңінде қолданылатын «Крестиктер мен нөлдіктер» тәсілі оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытып, ойды дәл, нақты, жүйелі жеткізуге үйретеді.
Деңгейлік жұмыс (A, B, C)
Оқушыларға түрлі деңгейдегі тапсырмалар ұсынылады. Бұл тәсіл әр оқушының мүмкіндігіне сай жұмыс жасап, нәтижеге жетуіне жағдай жасайды.
Академиялық дау-дамай
Қорытынды кезеңде оқушылар өз жауаптарын дәлелдеп айтып, топ ішінде пікірді толықтыру арқылы тұжырым жасайды. Бұл жұмыс функционалдық сауаттылықты арттыруға да бағытталады.
7 модульдің қолданылуы
Негізгі бағыттар
- АКТ
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- Оқытуды басқару және көшбасшылық
- Дарынды және талантты балаларды оқыту
Қолданылатын ресурстар
- флипчарт, маркерлер
- портреттер, тақта, стикерлер
- ноутбук
Сабақ құрылымы Bloom таксономиясы кезеңдерімен жүйеленеді: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Түгендеу.
- Оқу құралдарын дайындау.
- Бағалау парақшасын тарату.
Білу (үй тапсырмасын тексеру)
«Миға шабуыл» арқылы талқылауға сұрақтар беріледі. Негізгі мақсат — Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолына қатысты деректерді еске түсіру және жүйелеу.
Мағжан Жұмабаевтың өмір жолына қатысты деректер (талқылауға арналған)
- 1905–1910 жж. Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанындағы медреседе оқыды (ұйымдастырушысы: М. Бегішев).
- 1909 ж. баспадан шыққан Абай өлеңдерін оқып, «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» атты өлең жазды.
- 1910–1913 жж. Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде білім алды.
- 1913–1916 жж. Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
- 1913 ж. Қазан қаласында «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді.
- 1923–1926 жж. Мәскеудегі әдеби-көркем институтта оқыды.
- 1925 ж. «Алқа» әдеби үйірмесін ұйымдастырды.
- 1927 ж. ел ішінде оқытушылық қызмет атқарды.
- 1936 ж. концлагерьден босап шықты.
- 1937 ж. қайта қудалауға ұшырады.
- 1938 ж. «халық жауы» деген жаламен ату жазасына кесілді.
- Арада 50 жыл өткен соң ақын есімі елімен, жерімен, ұрпағымен қайта қауышты.
Түсіну
Кластер құру арқылы ақын поэзиясының тақырыптарын зерделеу.
Қолдану
«Крестиктер мен нөлдіктер» тәсілі: топтарға жаңа тақырып төңірегінде тапсырмалар беріледі. Оқушылар кейіпкерлерге мінездеме беріп, поэмаға талдау жасайды.
Нысана: артық сөздерді алып тастап, поэмаға қатысты кейіпкерді табу (мысалы, Ноянның бейнесі).
Талдау
Венн диаграммасы және шығармашылық тапсырмалар арқылы салыстыру, дәлелдеу, талдау дағдылары дамытылады.
A, B, C деңгейлі оқушылармен жұмыс
A деңгейі
«Егер мен ақын болсам…» тақырыбымен поэманы шығармашылық тұрғыда аяқтау.
B деңгейі
Венн диаграммасын құрастыру (кейіпкерлер/оқиғалар/ұстанымдарды салыстыру).
C деңгейі
Поэмадағы кейіпкерлерге мінездеме беру. Қалған оқушылар өздеріндегі мәліметпен бөліседі.
Жинақтау: «Академиялық дау-дамай» сұрақтары
Бұл кезеңде оқушылар пікірталас арқылы өз ойын дәлелдеп, жауаптарын нақтылайды және топ ішінде толықтырады.
- Мағжан суреттеуіндегі Баян — «Батырлығы алашқа аян», Абылайдың құрметті серігі. Бірақ ол атақ-даңққа лайық па?
- Егер сен Баянның орнында болсаң, не істер едің?
- Егер сен Ноянның орнында болсаң, қандай шешім қабылдар едің?
- Поэмада Баян қандай қателік жіберді?
- Егер Баян екі жасты өлтірмесе, олардың өмірі қалай өрбуі мүмкін еді?
- Шығармада ар-намыс мәселесі қалай көрініс табады?
- Баян — ел намысын ойлаған күрескер ме, әлде қылмыскер ме?
- Баянның інісін өлтіруі саналы, мақсатты әрекет пе, әлде қызғаныштан туған әрекет пе?
- Ноян — ел намысын аяққа басқан сатқын ба, әлде албырт сезім мен махаббаттың құрбаны ма?
Бағалау
Эссе жұмысы: «Бүгінгі таңның батыры болу үшін не істеу керек?»
Бағалау шкаласы
- 5–9 ұпай3
- 10–15 ұпай4
- 16–20 ұпай5
Кері байланыс және рефлексия
«Шынжыр» әдісі
«Не үйрендім?», «Не қиын болды?» сұрақтары бойынша шынжырды толтыру.
Стикер арқылы ой түю
Оқушылар стикерге қысқаша пікірін жазып, сабақ туралы қорытынды жасайды.
Бағалау парақшаларындағы критерийлерге сәйкес нәтижелер қорытындыланады.
Үй тапсырмасы
- Поэманың шығу тарихы туралы мәлімет жинақтау.
- Поэманы мазмұндау.
Автор туралы
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №44 орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Мырсеитова Лаура Ерлікқызы.