Табиғат бәрі үшін рахмет
Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы
Жаңақала аудандық балалар бақшасы
І санатты тәрбиеші: Б. Р. Бисекешова
Технологиялық карта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
«Айгөлек» тобы
Білім беру саласы
Әлеуметтік орта, Таным
Оқу іс-әрекет түрі
Қоршаған орта
Тақырыбы
Табиғат әсемдігі
Мақсаты
Білімділік
Балалардың табиғаттың бізді қоршаған орта екенін түсінуіне жол ашу. Табиғат байлықтары — адамзаттың материалдық игілігі, ал оның әрбір бөлшегі адам өмірін қорғаушы әрі денсаулықтың кепілі екенін ұғындыру.
Тәрбиелік
Балаларды табиғатқа қамқор болуға, жанашырлық сезімін оятуға тәрбиелеу. Табиғатты қорғау мен аялау — әр адамның борышы екенін түсіндіру.
Дамытушылық
Балалардың танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылыққа баулу, сөздік қорын дамыту және өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Жапырақтар
- Тастар
- Қажетті суреттер
Билингвалды компонент
Іздену-ұйымдастырушы кезең
Жер беті — ортақ мекен
Жер бетінде адамдар, құстар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, таулар, гүлдер және төрт түлік малдар мекен етеді. Мұның бәрін бір сөзбен табиғат деп атаймыз.
Айналаға зер салып қарасақ, бізді қоршаған әлем — табиғат екенін көреміз.
Табиғаттың түрлері
Тірі табиғат
Өседі, қоректенеді, тыныс алады, тұқым шашады. Оған адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер, құстар, жемістер, балықтар жатады.
Өлі табиғат
Қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды. Оған су, тас, тау, күн, ай, құм жатады.
Дегенмен тіршілік иелері өлі табиғатсыз өмір сүре алмайды: су, ауа, күн сәулесі — өмірдің негізі.
Орталықтармен жұмыс
Әлеуметтік орта
Жыл мезгілдерін ажырату және сурет бойынша әңгімелеу. Үш тілде атауларын меңгерту.
Таным
Су туралы әңгімелеу, тәжірибе жасату және қасиеттерімен таныстыру.
Негізгі ұғым: Су — вода — water.
- Карточка арқылы орталықтарға бөлу.
- Қоңырау белгісімен орталықтарды ауыстыру.
Сергіту сәті
«Бойымызды сергітіп алайық, орнымызды ауыстырайық. Тақтаның алдына келеміз».
Қорытынды мадақтау
«Балалар, сендер өте жақсы жұмыстандыңдар».
Рефлексиялық-коррекциялық кезең
Сұрақ-жауап
- Бүгін біз не туралы әңгімеледік?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
Қимылды ойын: «Жер, су, тас, ауа»
Жер
«Жер» дегенде — тұрамыз.
Су
«Су» дегенде — қолымызды алға созамыз.
Тас
«Тас» дегенде — қимыл көрсетіп, қатып қаламыз.
Ауа
«Ауа» дегенде — терең дем аламыз.