Сұлулық деген табиғаттың көркі
Сауат ашу (1-сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Мен және табиғат. Г дыбысы мен әрпі».
Оқу мақсаттары
- 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
- 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.
- 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сай дұрыс айту.
Сабақ мақсаттары
- Барлығы
- Жаңа білімді меңгереді.
- Көбі
- Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
- Кейбірі
- Алған білімін өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
- Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
- Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтар
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс және АКТ
- Пәнаралық байланыс: өнер, ана тілі.
- АКТ: аудиожазба, таныстырылым, видеоролик.
- Тілдік тақырып: «Мен және табиғат. Г дыбысы мен әрпі».
Сабақтың басы (5 минут)
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: балалар қол ұстасып, алақан арқылы жүрек жылуын сезінеді және өлеңді бірге айтады.
«Шаттық шебері»
Өсеміз біз күліп-ойнап, Он саусақтың саласындай. Өсеміз біз күліп-ойнап, Бір адамның баласындай.
Сабақтың ортасы
Миға шабуыл (8 минут)
Үш топқа арналған сұрақ-жауап арқылы оқушылардың бұрынғы білімі белсендендіріледі.
1-топ
- Иә Сөздер буынға бөлінеді.
- Жоқ Жылқының төлі — бота.
- Иә Сөз дыбыстардан тұрады.
2-топ
- Жоқ Жан-жануарлар сөйлей ала ма? Олар тек дыбыс шығарады. Сөйлеу адамға тән.
- Иә Тіл — сөйлеу үшін қажетті мүше.
- Иә Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы.
3-топ
- Иә Сиырдың төлі — бұзау.
- Жоқ Ит інде тұрады.
- Иә Дауыссыз дыбыс кедергіге ұшырап шығады.
Тақырыпқа кіріспе: Табиғат
Табиғат та бір кітап — Тамаша ғой бүгін сен Табиғатқа жүгінсең. Құлақ түріп, көз тігіп, Төңірекке үңілсең, Еріп бұлттың ырқына, Жоқ болады бір күн ай... Табиғат та бір кітап, Оқи алсаң, шіркін-ай!
Табиғат — бізді қоршаған орта. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.
- Адам өміріне не қажет?
- Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады?
Тірі табиғатқа өсімдіктер, құстар, жануарлар, адам жатады.
Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатты да солай сүйе білуіміз керек. Табиғаттың көркі — оның сұлулығы: гүлдер, аңдар, ағаштар, құстар — бәрі де табиғат әсемдігін танытады.
Жұмбақ
Жұпар иісі еседі, Жайнап бақта өседі. Қай әріптен басталған, Аты не, кім шешеді?
Жауабы: Гүл.
Видеоролик арқылы талдау
-
«Гүл» дегенде бірінші қандай дыбыс естіледі? Г
-
Г дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
Ол — дауыссыз. Дауыссыз дыбыс айтылғанда ауа кедергіге ұшырап шығады.
Оқылым №1
Мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтардың мағынасына назар аударамыз.
Маса неге шағады? Жұлдыз неге ағады? Бұлт неге ауады? Жаңбыр неге жауады?
Қайталау
Бүгінгі сабақтың негізгі тірек ұғымдары: «Мен және табиғат», «Г дыбысы мен әрпі».