Кубизм Құстар Балық Өсімдік Берілген сөздерден біріккен сөздер құрап жаз

Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназия

Бастауыш сынып мұғалімі: Асанғалиева Дина

Сабақтың тақырыбы

Біріккен сөз

Сабақтың мақсаты

Біріккен сөз туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақтың түрі

Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау

Көрнекіліктер

  • Кубизм
  • Фигуралар
  • Топтастыру

Күтілетін нәтижелер

Білімділік

Біріккен сөздердің жазылу ережесін меңгерту.

Дамытушылық

  • Тапсырмалар арқылы сын тұрғысынан ойлауға, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
  • Ой-өрісті дамыту, білім мен іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Туған ұлтты, туған тілді, туған жерді сүюге және қорғауға тәрбиелеу; шығармашылық пен еңбекқорлыққа баулу.

Сабақтың құрылымы

I кезең

Қызығушылықты ояту

II кезең

Мағынаны түсіну

III кезең

Ой толғаныс

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылар үш топқа бөлінеді:

  • I топ

    «Ауылым»

  • II топ

    «Туған жер»

  • III топ

    «Қазақ елі — Қазақ тілім»

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім!
Қастерлейді ұл-қызын мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — дара тілім!

Бүгінгі сабағымыз — кемеңгер, ғұлама ақындар сөйлеген туған тіліміз, қазақ тіліне арналады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы үш оқушыдан сұралады.

III. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту: «Фигураны тап» ойыны

  • Екі сөзден тұратын фигуралардың атын жазыңдар.
  • Осы сөздердің ішінен күрделі сөздерді табыңдар.

Мысалдар

Төртбұрыш

Мысалдар

Үшбұрыш

Мысалдар

Көпбұрыш

Сұрақ: Бұл сөздер қалай жасалған?

Жауап: Екі түбір сөздің бірігіп айтылуынан жасалған. Демек, бүгінгі тақырыбымыз — біріккен сөз.

Оқулықпен жұмыс

  • 226-жаттығу: берілген сөздерді сөз құрамына талдау. Әр топтан оқушылар тақтаға жазып шығады.

IV. Мағынаны түсіну

Өз беттерімен жұмыс

227-жаттығу: оқушылар тапсырманы жеке орындайды.

Сергіту сәті

Туған өлкем —
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем —
Осы менің туған өлкем!

«Ауылым» туралы ой:
Ауылым — Отаным.
Ауыл — қазақтың ақ бесігі.
Ауыл — ата қоныс, атамекен.
Ауыл — ұлылықтың басталуы.

Жаттығу жұмысы

  • 228-жаттығу: өлеңді көшіріп жазу.
  • Өлең ішіндегі біріккен сөздерді тауып, астын сызу.
  • Төмендегі сөздерден біріккен сөздер құрастыру: бөрі, жан, басар, дос, гүл, ай.

Үлгілер

Айгүл Айжан Досжан Бөрібасар Жандос Айдос Гүлжан

Кубизм тапсырмасы

Берілген тақырыптар бойынша біріккен сөздер құрастырып жазыңдар:

Құстар

Мысалдар жазылады

Балықтар

Мысалдар жазылады

Өсімдіктер

Мысалдар жазылады

V. Ой толғаныс

Тапсырма: сурет бойынша сөйлем құрастырып жазу.

VI. Қорытындылау

Нені үйрендік? Сабақта өтілген материал қайталанады, біріккен сөздің жасалу жолдары мен жазылуы бекітіледі.

VII. Үй тапсырмасы

229-жаттығу: берілген тапсырманы орындау.

Топтастыру

Кісі аттары

Құс аттары

Өсімдік аттары

Жәндік аттары

Жер-су аттары

Сұрақ: Неліктен тілімізді «ана тілі» дейміз?

Жауап: Бұл тіл бізге анамыздың ақ сүтімен дариды; сол арқылы бойымызға ізгі қасиеттер сіңеді.

VIII. Бағалау

Оқушылардың жұмысы бағаланады.