Топтардың өздерін таныстыруы
Сабақтың тақырыбы
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы мен Гогольдің «Тарас Бульба» повесінің үндестігі.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Екі шығарманың тақырыптық үндестігін салыстыра отырып, кейіпкерлер бейнесін ашып талдау және оларға әртүрлі көзқарас тұрғысынан баға беру.
Дамытушылық
Оқушыларды өздігінен ой түюге, өзгенің пікірін тыңдай білуге, уәжді қарсы пікір айтуға және шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік
Үндестік пен қайшылықты, ұқсастық пен айырмашылықты саралай отырып, оқуға қызығушылықты арттыру; туған жерге сүйіспеншілік, отансүйгіштік, тәуелсіздікті құрметтеу және ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың форматы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ; ізденіс және зерттеу элементтері.
Сабақтың әдістері
- Проблемалық сұрақтар
- Мәтінмен жұмыс
- Венн диаграммасы
- Топтастыру
- Семантикалық карта
- Образдық талдау
- Сын тұрғысынан ойлау стратегияларының элементтері
Көрнекіліктер
- Портреттер
- Көрме материалдары
- Презентация
- Видеофильмнен үзінді
- Слайдтар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі (қызығушылықты ояту)
Топқа бөлу
Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топ өзін таныстырады: I топ — «Болашақ», II топ — «Сұңқар».
Үй тапсырмасын тексеру
- Мағжан қандай ақын?
- Мағжанның қандай шығармалары бар?
- «Батыр Баян» поэмасының тақырыбы қандай?
- Поэмада қай кезең оқиғалары суреттеледі?
- Орыс жазушысы Гоголь туралы не білесіңдер?
- Оқыған Гоголь повесінің атауы қандай?
- Басты кейіпкерлерді атаңдар.
- Повесте кімдер арасындағы соғыс суреттелген?
II. Мағынаны тану
Сабақ жоспары
- Батыр — ел қорғаны
- Опасызда Отан жоқ
- Ұлт намысы — сатқынға тартылған сұр жебе
- «Алашым, аттанамын, жолыңда өлем»
«Мағжанның “Батыр Баян” — қазақ поэзиясының асқар шыңы.»
«Тарас Бульба — есть отрывок, эпизод из великой эпопеи жизни целого народа.»
Топтық жұмыс: салыстырмалы талдау
I бөлім. «Батыр — ел қорғаны»
Мағжан Жұмабаев: «Батыр Баян»
- Қазақ–қалмақ соғысы суреттеледі.
- Поэма — өмірде болған не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, адам тағдырын және заман шындығын көлемді түрде, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен бейнелейтін шығарма.
- Ноянды ағасы Баян өлтіреді.
Н. В. Гоголь: «Тарас Бульба»
- Украин–поляк соғысы суреттеледі.
- Повесть — баяндау арқылы қара сөзбен жазылған, көлемі орташа эпикалық жанр.
- Андрейді әкесі атып өлтіреді.
Ұқсастығы
Екі шығармада да еліне сатқындық жасаған адам тағдыры сөз болады. Сонымен бірге оқиғалардың композициялық құрылымында да ұқсастық байқалады.
Негізгі түйін
Екі мәтінде де Отанға адалдық, ұлт намысы және сатқындықтың ауыр жазасы сияқты өзекті ұғымдар көркемдік шешім арқылы айқындалады.