Берерменде бесеусің, Аларманда және алтау

Абай Құнанбаев

Ішім өлген, сыртым сау,
Көрінгенге деймін - ау:
Бүгінгі дос - ертең жау,
Мен не қылдым, япырмау?!
Өз үйінде өзендей,
Күркірейді, айтса дау.
Кісі алдында кірбеңдеп,
Шабан, шардақ1 және шау2.
Мұндай ма едің ана күн,
Мұның қалай, батыр - ау?
Үш күн арқаң босаса,
Бола қалдың бас асау.
Жан қысылса, жайтаңдап,
Жанды еріткен жайдары - ау.
Жан жай тапса, сен неге
Жат мінезсің жабырқау?
Ұрлық пенен қулыққа,
Байлағанда, кестің бау.
Берерменде бесеусің,
Аларманда және алтау.
Топ болғанда көрерсің
Түрлі дауды жүз тарау.
Аяғында сендейлер,
Көрмей жүр ме қанталау?
Қайтып келер есікті,
Қатты серіппе, жарқын - ау!
Жетілсең де, жетсең де,
Керек күні бір бар - ау.



Ұқсас жұмыстар

Сөз табы ретінде үстеулерді оқытудың мақсаты мен міндеттерін анықтау
Абайдың дүниеге көзқарасы
Абай Құнанбаев дара туған ғұлама
Абайдың діни және әлеуметтік ойлары
Абай (Ибраһим) Құнанбайев
Абай Құнанбайұлының қысқаша өмірбаяны
Жүректің ақыл сауыты
Терминдік лексика
Сандар тарихынан
Сан есімді оқыту әдістемесі
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
Агробизнес және агроөнеркәсіп интеграциясының арасындағы байланыс
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Қабатты гидравликалық жару және ұңғылардың түптік аймаққа әсер ету
ПАСКАЛЬ - Программалау стилі, деректерді енгізу және шығару