Ертең қандай мереке

Сабақ тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»

Негізгі мақсат

  • Қазақстанға Тәуелсіздіктің қалай келгенін түсіндіру.
  • Тәуелсіздіктің ата-баба аңсаған сан ғасырлық арман екенін ұғындыру; Тәуелсіздіктің 20 жылдығы айтулы оқиғаларға толы екенін атап өту.
  • Отанды, елді, туған жерді сүюге тәрбиелеу; болашаққа сеніммен қарап, нағыз патриот болуға баулу.

Көрнекіліктер

Мемлекеттік рәміздер

Көк байрақ, Елтаңба, Қазақстан картасы.

Тарихи нысандар

Тәуелсіздік монументі.

1986 жылғы Желтоқсан құрбандары

Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира.

Альбом және естеліктер

Желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлестердің пікірлері мен көргендері туралы материалдар.

Сабақ барысы

Кіріспе өлең жолдары

Тәуелсіздік – достығымыз, ынтымағы жарасқан.

Тәуелсіздік – ел бірлігі, асқақ арман таласқан.

Тәуелсіздік – өткеніміз, асулардан сан асқан.

Тәуелсіздік – ертеңіміз, арайланып таңы атқан.

Тәуелсіздік – ардагерім, ұрпақтармен жалғасқан.

Тәуелсіздік – аға жолы, болашаққа нық басқан.

Сұрақ-жауап

Сұрақ: Біз қай елдің азаматымыз?

Жауап: Қазақ елінің азаматымыз.

Сұрақ: Ертең қандай мереке?

Жауап: Тәуелсіздікке 20 жыл.

Сұрақ: «Тәуелсіздік» дегенді қалай түсінеміз?

Жауап: Тәуелсіздік – еркіндік, бостандық, жігер; ешкімге бағынышты болмау.

Сұрақ: Біз тәуелсіздікті қашан алдық?

Жауап: Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 1991 жылы алды.

Ел көшбасшылығы және ел дамуы

Еліміздің Президенті – Н. Ә. Назарбаев. Халық Нұрсұлтан Назарбаевты құрметтейді. Оның басшылығы мен көреген саясатының арқасында Қазақстан әлемге танылды, көптеген игі бастамалар жүзеге асты.

Кеше

Оңтүстік астана – бұрынғы Алматы.

Бүгін

Қазіргі астана – Сарыарқа төсінде орналасқан Астана: тоғыз жолдың торабы, елдің орталығы. Ол күннен-күнге көркейіп, дамып келеді.

Тәуелсіздікке бастар жол: 1986 жылғы Желтоқсан

Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің маңызды себептерінің бірі – 1986 жылғы Алматы қаласындағы жастардың алаңға шығуы. Көп жыл Қазақ елін басқарған Д. А. Қонаевтың қызметтен алынуы және орнына сырттан Г. В. Колбиннің тағайындалуы жастардың наразылығын күшейтті.

Жастардың үндеуі: «Бізге қазақ басшысы керек. Әр елдің өз басшысы болсын».

Өлеңнен үзінді

Өзіңдікі елің де, өзіңдікі жерің де,

Өзіңді-өзің етпе бос, Тәуелсіздік төрінде.

Аман қалған шабуылдан жүздеген,

Батыр халық екенбіз ғой біз деген.

Қ. Мырза Әли

1991 жыл: Егемендікке басталған жаңа дәуір

«Республика, ерікті ел – Қазақстан. Келді ақыры көп күткен жаз алыстан, келді алыстан аңсатып, армандатып, торды бұзған мен де бір мәз арыстан…»

Ж. Молдағалиев

Ақын жырлағандай, 1991 жыл халқымызға егемендігін ала келді. 1991 жылдың 16 желтоқсаны ел тарихына алтын әріппен жазылды.

Мемлекеттік рәміздер

Тәуелсіздіктің арқасында өз Туымыз, өз Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар.

Заң және валюта

1993 жылы 28 қаңтарда тұңғыш Конституция қабылданды. Сол жылы 12 қарашада ұлттық валютамыз – теңге дүниеге келді.

1992 жылы 4 маусымда Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев Тудың шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздігіміздің қасиетті Туы мәңгі желбіресін» – деген.