Алғадайды жоқтау
Тақырып: Жамбыл Жабаевтың “Аттандыру”, “Атаның әлдиі” өлеңдері
Сабақтың мақсаты
- Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, ауыз әдебиетіндегі көңіл айту, естірту, жоқтау үлгілерінің Жамбыл өлеңдерінде қалай көрінетінін түсіну; әкелік мейірім мен тақырып ерекшелігін тану.
- Оқушылардың қосымша материалдармен жұмыс істей алуына, дәлелді деректер келтіруіне және ой қорытынды жасауына жағдай жасау.
Сабақ форматы мен ресурстар
Сабақтың түрі
- Мәнерлеп оқу
- Ізденіс сабағы
- Сұрақ–жауап
- Ой толғау
Көрнекілік
- Жамбыл шығармашылығы туралы слайд
- Кесте-сызба
Сабақ әдістері
Сұрақ–жауап, мәнерлеп оқу, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың дайындығын тексеру, мақсат пен күтілетін нәтижені нақтылау.
2) Үй тапсырмасын тексеру
“Әнші Әмірқан” әңгімесі бойынша: Әмірқан бейнесіне мінездеме беру.
3) Білімді жан-жақты тексеру
- “Әнші” әңгімесінің басты кейіпкері кім?
- Жетішатыр қандай қала? Адамдардың тұрмысы қалай суреттеледі?
- Әңгімедегі көркем өрнектерді ата.
4) Жаңа сабақ
№1 тапсырма
Толықтыр. Талда. Жаз.
- Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы
- “Аттандыру” өлеңі
- Алғадайды жоқтау
№2 тапсырма
Мәтінмен жұмыс: “Жоқтау” ұғымы
Жоқтау — қайтыс болған адамның артында қалған жақындарының қайғысын өлеңмен, зарлы әуенмен жеткізетін дәстүрлі ауыз әдебиеті үлгісі.
“Аттандыру” өлеңін талдау
Өлең идеялық-мазмұндық тұрғыдан үш бөлімге бөлінеді:
1) Әке батасы
Атаңнан бата ал, балам!
Арғымаққа атқа мін, балам!
Ақсақалым желбіреп,
Артыңнан қарап мен қалам;
Құлағанда, құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған.
Мұндағы “балам” сөзінің үстемелеп қайталануы әкелік мейірім мен алаңдаушылықты күшейтеді, әсерлілік қуатын арттырады.
2) Алғадайдың адамгершілік қасиеті
Алғадайым арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған.
Алғадай — Жамбылдың сүйікті ұлы. “Ата сөзін сыйлау” — халықтық қасиеттің көрінісі ретінде беріледі.
3) Қоштасу
Абыройға ие бол,
Ағат баспа, бір қадам!
Хош, балам,
Хош, балам!
Қоштасу бөлімінде тілек пен аманат айқын сезіледі: ұл жолға аттанса да, әке жүрегі қасында бірге.
Алғадайды жоқтау
Негізгі арқау
- Баласын жоқтаған әке зары
- Әкенің өзіне тоқтау айтуы
Көркемдік ерекшелік
“Алатауды айналсам, Сарыарқаны сандалсам, Алғадайды табам ба?” сияқты жолдарда гипербола байқалады.
Өлең табиғаты жағынан элегияға (мұңды, шерлі өлең) жақын.
Топтық жұмыс
I топ: Әке
Қамқоршы, тілекші, өмір сыйлаған; отбасының ұйытқысы, асқар тау, ауыл мен елдің азаматы.
II топ: Соғыс
Бейбіт өмірге төнген қауіп; азаматтан айырылудың қасіреті; аңыраған отбасының зары.
III топ: Жамбыл
Ел үніне айналған ақын болмысы, жыраулық дәстүр мен замана шындығын ұштастырған тұлға.
Қорытынды ой
Жамбыл — ерекше ақын. Ол газет оқытуды ұнатқан, 97 жасқа дейін атқа мінгені айтылады.
Жамбыл ұлы Абайдан бір-ақ жас кіші. Сол дәуірге көз салсақ, Абай мен Жамбыл бір мақсатқа, бір тілекке әр қырынан қызмет еткендей: бірі — жаңа жазба әдебиеттің өнегесін қалыптастырса, бірі — халықтың байырғы суырыпсалма дәстүрін биікке көтерді.
Жамбыл айтыскер әрі күйші болған. Сондай-ақ “Қарлығашқа тимеңдер” мазмұнындағы тәлімдік әңгімесі де ел жадында.
Бағалау (3 минут)
- Формативті бағалау: өлшемдер арқылы бірін-бірі бағалау
- Түсініктеме арқылы бағалау
- Кері байланыс
- Ынталандыру: “бауырсақ” тәсілі
Рефлексия (5 минут)
- Не сәтті болды?
- Не сәтсіз болды?
- Нені жақсартуға болады?
- Мен өз дағдыларымда нені дамыта алдым?
- Нені өзгерту қажет?
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақши негізгі орта мектебі — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Тасымбекова Майя Жұмағалиқызы