Сұраққа жауап бер, Жауапқа тезірек кел

Тақырып: Сөз құрылымы

Бұл сабақ жоспары оқушылардың сөз құрамы туралы білімін бекітуге, ойлау мен тілдік дағдыны дамытуға және ұқыптылыққа тәрбиелеуге бағытталған.

Сабақтың мақсаты

  • Түбір мен қосымша, сөз және оның құрамы, дауысты және дауыссыз дыбыстар топтары туралы білімді бекіту.
  • Есті, сөздік қорды және зейінді дамыту.
  • Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Қалыпты сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Жинақтау
  • Көрнекілік

Көрнекіліктер

  • Таблицалар
  • Жеміс-жидектер
  • Ойыншықтар
  • Ашықхаттар

Сабақтың барысы

Сабақ ойын элементтерімен және «базар» көрінісі арқылы ұйымдастырылады: білім көп болса — «сатып алу» мүмкіндігі артады.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық, назарды шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

29-жаттығу: «Сендердің алдарыңда — қаланың картасы». Ауызша түрде мектептен стадионға дейін қалай баратыныңды түсіндір.

Керекті сөз тіркестері

  • мектептен шығамын
  • көшеден өтемін
  • стадионға келемін

Оқушылар құрастырған әңгімелерін оқиды.

III. Мақсат қою кезеңі

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

IV. Жаңа материалмен жұмыс: «Базардағы білім саудасы»

Мұғалім оқушыларды «базар» көрінісіне енгізеді: ойыншықтар мен жемістер білім арқылы «сатып алынады».

1-саудагер

Ау, жарандар, қараңдар!

Бері бізге қараңдар!

Сатпақшымын, ұялып

Қалып қоймаңдар, балалар.

2-саудагер

Ойыншық та, жеміс те бар,

Алатындар, кәне, кімдер бар?

Тектен-текке бермеймін,

Білімдеріңді тексеремін.

3-саудагер

Кім көп білсе, сол табар,

Рахатын сол алар.

Сондықтан, балалар,

Бос қарап қалмаңдар.

Мұғалімнің бағыттаушы сұрақтары

Мұғалім: Балалар, біз қайда жүрміз?

Оқушылар: Базарда.

Мұғалім: Базарда қандай заттарды көріп тұрсыңдар?

Оқушылар: Ойыншықтар, жемістер және т.б.

Ендеше, осы заттарды «сатып алуға» тырысайық. Білімі көп оқушы көбірек «сауда» жасайды.

Ойыншық үй: теориялық сұрақтар

«Сатылады ойыншық үй — сұраққа жауапты үй». Әр сұраққа жауап берген сайын «қабатқа көтерілесің».

  1. 1 Негізгі түбір дегеніміз не?
  2. 2 Қосымша дегеніміз не?
  3. 3 Жалғау дегеніміз не?
  4. 4 Жұрнақ дегеніміз не?

Қосымша тапсырма

Негізгі түбір, қосымша, жалғау және жұрнаққа мысал келтір.

Жемістер: талдау және жаттығулар

Жемісті «сатып алу» үшін оқушы таңдаған жемістің атауын сөз құрамына талдайды және тапсырмаларды орындайды.

30-жаттығу

Жаңылтпашты оқы да, жатқа жаз.

31-жаттығу

Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, туынды түбір жаса:

  • етік — ші
  • жұмыс — шы
  • ойын — шық
  • талап — кер
  • үйрек — тер
  • жол — мен

32-жаттығу

Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.

Сергіту сәті

Қысқа сергіту жаттығулары орындалады.

35-жаттығу

Бөлме ішіндегі заттардың түбірін тап.

Қорытынды

Түбір сөз бен қосымшалы сөзді сәйкестендіру жұмысы жүргізіледі.

Рефлексиялық сұрақ

Бүгін біз «базарда» қандай тақырыптар бойынша жауап бердік?