Сутек пен оттекті салыстыру Венн диаграммасы

Сабақ туралы

Сабақтың тақырыбы

Қышқылдар: құрамы және алу жолдары.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ, дәстүрлі емес.

Пәнаралық байланыс

Биология.

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, зерттеу әдісі, топтық жұмыс.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың маңызды класы — қышқылдармен таныстыру: олардың жіктелуі мен номенклатурасын түсіндіру. Зерттеу әдісі арқылы индикаторлар туралы түсінік беру және қышқылдармен жұмыс істеу ережелерін меңгерту.

Білімділік

  • Қышқылдардың формуласын құрастыруға және атауға үйрету.
  • Қышқылдардың құрамы мен алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза білуге баулу.

Дамытушылық

  • Жаңа сабақ пен өткен тақырыптарды байланыстырып, білімді жүйелеу.
  • Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Тірі табиғаттағы қышқылдардың маңызы, емдік қасиеті және тұрмыста қолданылуы туралы түсінікті кеңейту.
  • Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

  • Ұқыптылыққа және уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
  • Топта бірлесіп жұмыс істеуге, бір-бірін құрметтеуге үйрету.
  • Өзгенің пікірін тыңдап, негізді бағалай білуге дағдыландыру.

Қосымша анықтама

Қышқыл — сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын қосылыс.

Көрнекіліктер мен ресурстар

Құрал-жабдықтар

  • Интерактивті тақта, интерактивті кітапхана суреттері.
  • Тірек-сызбанұсқалар, қышқылдар формулалары.
  • Таратпа материалдар, бағалау парақтары.
  • А3 қағаз, түрлі түсті қарындаштар.

Зертханалық материалдар

  • Қышқыл үлгілері және табиғи қышқылдары бар тағамдар: алма, лимон, сүт, айран, сірке суы.
  • Аскорбин қышқылы таблеткалары.
  • Индикаторлар: әмбебап индикатор, метилоранж, фенолфталейн, әмбебап индикатор қағазы.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сыныптың дайындығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың базалық білімін анықтау үшін тест және графикалық тапсырмалар орындалады.

2.1 Ой шақыру (тест)

  1. 1. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек

    A) молекула    B) атом    C) валенттілік    D) индекс

  2. 2. Зат құрамының тұрақтылық заңын кім ашты?

    A) Ж. Пруст    B) А. Авогадро    C) М. Ломоносов    D) Р. Бойль

  3. 3. Өнеркәсіпте оттегін неден алады?

    A) ауа    B) су    C) марганцовка    D) Бертолле тұзы

  4. 4. Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыс

    A) қышқыл    B) оксид    C) тұз    D) атом

  5. 5. Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болуы

    A) фотосинтез    B) тотығу    C) аллотропия    D) валенттілік

  6. 6. Жылу бөле жүретін реакция

    A) экзотермиялық    B) жай    C) эндотермиялық    D) күрделі

  7. 7. Жылу сіңіре жүретін реакция

    A) экзотермиялық    B) жай    C) эндотермиялық    D) күрделі

  8. 8. Реакцияға кіріскен заттардың массасы түзілген заттардың массасына тең

    A) Авогадро заңы    B) газдар заңы    C) зат массасының сақталу заңы    D) периодтық заң

  9. 9. Ауадағы оттектің мөлшері

    A) 78%    B) 21%    C) 1%    D) 0,03%

  10. 10. Оттек элементін кім ашты?

    A) Дж. Пристли мен К. Шееле    B) А. Авогадро    C) М. Ломоносов    D) Ж. Пруст

2.2 «Сутек, оның алынуы және қасиеті» тақырыбы бойынша графикалық тест

Әр тұжырымға иәɅ, жоқ__ белгісін қойыңыз.

  1. 1. Сутектің ең басты қосылысы — су. Ʌ

  2. 2. Сутекті алғаш рет 1776 жылы ағылшын ғалымы Г. Кавендиш алды. Ʌ

  3. 3. Өнеркәсіпте сутекті ауадан алады. __

  4. 4. Сутек — иіссіз, түссіз газ. Ʌ

  5. 5. Сутектің салыстырмалы атомдық массасы — 16. __

  6. 6. Сутек металдармен гидрид түзеді. Ʌ

  7. 7. Зертханада сутекті марганцовкадан алады. __

  8. 8. Сутек — ең жеңіл газ. Ʌ

  9. 9. Сутек оттекпен әрекеттеспейді. __

  10. 10. Күн жүйесі планеталары құрамының 92%-ын сутек атомдары құрайды. Ʌ

Тест кілті (1–10):

Ʌ Ʌ __ Ʌ __ Ʌ __ Ʌ __ Ʌ

2.3 Сутек пен оттекті салыстыру

Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

III. Жаңа сабақ

Тақырып: қышқылдардың жалпы сипаты, құрамы мен жіктелуі, алу тәсілдері.

3.1 Қызығуды ояту

Сұрақ: тәжірибе кезінде сутегін алу үшін қандай реактивтер қолдандық?

Талқылау: сутекті алу барысында тұз қышқылын пайдаландық. Демек, өткен тақырыптарда «қышқыл» ұғымы жиі кездеседі. Күнделікті өмірде де тағамның дәмін «қышқылтым» деп сипаттаймыз.

3.2 Түсіну (топтық жұмыс)

Оқулықпен өз бетімен жұмыс: жаңа материалды талқылау, болжам жасау, негізгі ұғымдарды постерге түсіру. Әр топқа А3 қағазы мен түрлі түсті қарындаштар таратылады.

I топ

Қышқылдарға жалпы сипаттама.

II топ

Қышқылдардың құрамы және жіктелуі.

III топ

Қышқылдарды алу тәсілдері.

3.3 Қолдану

Топтар өз жұмыстарын таныстырады: постерді көрсетіп, қорытындысын түсіндіреді және сұрақтарға жауап береді.

IV. Сергіту сәті және қауіпсіздік ережелері

Дәм арқылы бақылау (мұғалімнің рұқсатымен)

Алдарыңыздағы аскорбин қышқылы, алма және лимонның дәмін татып көріңіздер. Дәмі қандай? Неліктен?

Техника қауіпсіздігі

  • Химия сабағында заттардың дәмін татуға болмайды. Бүгін тек мұғалімнің рұқсатымен және бір рет қана орындалды.
  • №1 ереже: заттардың дәмін көруге болмайды.
  • №2 ереже: қышқылға су құюға болмайды (қышқылдар күйдіргіш болуы мүмкін).
  • Егер қышқыл теріге тисе, күйген жерді 5% ас содасы ерітіндісімен жуу керек.

V. Бекіту

Тәжірибе және есеп арқылы білімді бекіту.

Тәжірибе (топ жетекшілері орындайды)

Үш сынауыққа бөлек-бөлек: фенолфталейн, метилоранж тамызып, үшіншісіне әмбебап индикатор қағазын салыңыздар. Не байқадыңыздар? Нәтижені кестеге түсіріңіздер.

Ортақ есеп (барлық деңгей оқушыларына)

Күкірт қышқылы құрамындағы сутек, күкірт және оттек элементтерінің массалық үлесін есептеңіздер.

VI. Үй тапсырмасы

Қышқылдар туралы қызықты мәліметтер жинақтау (мысалдар, қолданылуы, тұрмыстағы қауіпсіздік).

VII. Бағалау және рефлексия

Бағалау

Топ басшысы критерийлер бойынша топ мүшелерін бағалайды. Мұғалім қорытынды бағаны шығарады.

Рефлексия

Кластер құру арқылы бүгінгі тақырып бойынша негізгі ұғымдарды жүйелеу.