Бастауыштан кейін қойылатын сызықша

Сабақтың тақырыбы

Бастауыштан кейін қойылатын сызықша

Білімділік мақсаты

  • Тұрлаулы мүшелерді ажырату және сөйлемдегі қызметін түсіндіру.
  • Сөйлем мүшелері туралы білімді кеңейту.
  • Бастауыштан кейін сызықша қойылу себебін түсіндіру.
  • Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалғанын анықтауға үйрету.
  • Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.

Дамытушылық мақсаты

  • Ой-өрісті, танымдық белсенділікті дамыту.
  • Есте сақтау қабілетін жетілдіру.
  • Сөйлеу мәдениеті мен тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты

  • Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
  • Таза, сауатты жазуға баулу.
  • Адамгершілікке және тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі

Қайталау сабағы

Сабақтың түрі

Жарыс сабақ

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, оқыту, сұрақ-жауап, талдау, практикалық жұмыс, баяндау.

Көрнекі құралдар

Тақырыптық суреттер, сызбалар, кестелер, үлестірмелі дидактикалық материалдар, тест тапсырмалары, бағалау парақшалары.

I. Қызығушылықты ояту

Психологиялық дайындық

Қатар-қатар тізіліп, оқушыға лайық.

Қолымызды жіберіп, түп-түзу болып тұрайық.

Жақсы оқып сабақты, әдеп сақтау сәніміз.

Отыруға нақпа-нақ дайындалдық бәріміз.

1-қатар — жай отыр. 2-қатар — тез отыр. 3–4-қатар — сен де отыр.

Сабақ басталар кез келді.

Топқа бөлу

  • 1-топ: Ыбырай ауылы
  • 2-топ: Абай ауылы
  • 3-топ: Жамбыл ауылы
  • 4-топ: Ахмет ауылы

II. Өткенді қайталау

«Бәйге» ойыны: әр топ сұрақтарға дұрыс жауап беріп, 10, 20, 30 ұпай жинайды.

1-топ: Ыбырай ауылы

  1. 10Зат есім дегеніміз не?
  2. 20Сөйлем дегеніміз не?
  3. 30Сөйлемнің қандай түрлері болады?

2-топ: Абай ауылы

  1. 10Етістік дегеніміз не?
  2. 20Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
  3. 30Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

3-топ: Жамбыл ауылы

  1. 10Сан есім дегеніміз не?
  2. 20Тұрлаулы мүшелер нешеге бөлінеді?
  3. 30Бастауыш дегеніміз не?

4-топ: Ахмет ауылы

  1. 10Сын есім дегеніміз не?
  2. 20Баяндауыш дегеніміз не?
  3. 30Бастауыш қандай сөз табынан жасалады?

III. Сөзжұмбақ

Тапсырма: берілген өрнектердің мәнін есептеп, әр санға сәйкес әріпті қойып, сөзжұмбақты шешіңіз.

Өрнектер

  • 4 × 520
  • 6 × 424
  • 3 × 412
  • 5 × 525
  • 4 × 416

Кілт

С — 25
Ы — 5
З — 20
Ы — 6
Қ — 16
Ш — 12
А — 24

Нәтижесінде шығатын сөз: «сызықша».

IV. Ереже

Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады.

Мысал

Досжан — студент.

Мысал

Абай — халық ақыны.

V. Көркем жазу минуты

Қолға қалам алайық, салақтықтан қашайық.

Дәптерімізді ашайық, көркем етіп жазайық.

Жазу үлгісі

Әә Әә Әә

Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.

VI. Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жазыңыз. Бастауыш пен баяндауышты тауып, сұрақ қойыңыз.

  • Ғалия — үлгілі қыз.
  • Құрманғазы — атақты күйші.
  • Алматы — жасыл қала.
  • Дәулет — озат оқушы.

2-жаттығу

Мақалды жатқа жазыңыз. Бастауыш пен баяндауыштың астын сызып, бастауыштан кейін сызықшаның қойылуын түсіндіріңіз.

Ата — асқар тау, Ана — бауырындағы бұлақ, Бала — жағасындағы құрақ.

VII. Ойын

Тапсырма: берілген сөз тіркестерін оқып, сөйлем құраңыз немесе дұрыс байланысын табыңыз.

Менің бағытым

  • Оқушы биледі
  • Әнші өсті
  • Балалар оқыды

Жалғастыр

  • Гүл шырқады
  • Биші ұшты
  • Ұшақ жүзді

Талда

  • Кеме ойнады

Ескерту: кей тіркестер әдейі қате берілуі мүмкін. Мақсат — мағыналық сәйкестікті табу.

VIII. Топтық жұмыс

4-жаттығу

Сөйлемдерді баяндауышы да зат есім болатындай етіп өзгертіп жазыңыз.

Үлгі

Жандос күй тартты.

Жандос — күйші.

1-топ: Ыбырай ауылы

Жамбыл Жабаев өлең жазды.

Жамбыл Жабаев — ақын.

2-топ: Абай ауылы

Райгүл би биледі.

Райгүл — биші.

3-топ: Жамбыл ауылы

Анам ас пісірді.

Анам — аспаз.

4-топ: Ахмет ауылы

Раушан шаш қиды.

Раушан — шаштараз.

5-жаттығу

Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, сөйлемді толықтырып жазыңыз.

Үлгі

Тіл — қарым-қатынас құралы.

1-топ: Ыбырай ауылы

1) ______ — білім беретін мекеме.

2-топ: Абай ауылы

2) ______ — жер қойнауын зерттейтін маман.

3-топ: Жамбыл ауылы

3) ______ — жасы ұлғаюына байланысты құрметті демалысқа шыққан адам.

4-топ: Ахмет ауылы

4) ______ — темірден түйін түйетін адам.

IX. Сабақты бекіту (тест)

1) «Кім? не? кімдер? нелер?» сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі:

  • A) Зат есім
  • Ә) Бастауыш
  • Б) Баяндауыш

2) Қандай жағдайда сызықша қойылады?

  • A) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса
  • Ә) Бастауыш та, баяндауыш та етістіктен жасалса
  • Б) Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен жасалса

3) Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздер:

  • A) Сөз таптары
  • Ә) Сөйлем мүшелері
  • Б) Сөз

4) Баяндауыштың сұрақтарын табыңыз:

  • A) Кім? Не? кімдер? нелер?
  • Ә) Қандай? қай?
  • Б) Не істеді? Не қылды? Қайтты?

5) Бастауыштың іс-қимылын білдіретін сөз табын көрсетіңіз:

  • A) Етістік
  • Ә) Зат есім
  • Б) Баяндауыш

6) Бастауыштың сұрақтарын табыңыз:

  • A) Қандай? қай?
  • Ә) Неше? нешінші?
  • Б) Кім? Не? кімдер? нелер?

X. Үй тапсырмасы

Күнделікті енді ашайық, үй тапсырмасын жазайық.

Бүгін алған білімімізді ұмытпай, есте сақтайық.

Тапсырма

3-жаттығу (74-бет)

Бастауыштан кейін сызықша қойып, өлеңді көшіріп жазыңыз.

XI. Бағалау

Мұғалім әр топтың жинаған ұпайларын есептеп, оқушыларды бағалайды және мадақтайды.

Мұғалімнің айтқанын ықыласпен тыңдаймыз. Бар ынтамен оқысақ, кілең «5»-ке оқимыз.