Сарапшылар тобы

Тараз қаласы • №10 мектеп

Тарих пәні мұғалімі: Ақжігітқызы Айша

Сабақтың тақырыбы

1870 жылғы Маңғыстау көтерілісі

Сабақтың мақсаты

Қазақстанда XIX ғасырдың 60–70 жылдарында Торғай және Орал облыстарында болған көтерілістердің себептері мен мақсаттарын анықтау, тарихи маңызын түсіндіру.

Сабақтың форматы

Типі:
Жаңа білімді меңгерту
Түрі:
Ашық сабақ
Әдістері:
СТО технологиясы, «Сиқырлы шеңбер», «Биопоэма»

Сабақтың міндеттері

  • Қазақстанды басқарудың саяси жүйесіндегі өзгерістерге байланысты халықтың отарлық езгіге қарсы азаттық күресінің ерекшеліктерін түсіндіру; реформалардың кемшіліктерін атап, оның отарлық сипатын ашу.
  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту; тарихи жылдармен жұмыс істеуге, қорытынды жасай білуге үйрету; ізденіс жұмыстарына ынталандыру; мәселелерді шешудегі жеке көзқарасына негізді баға беруге дағдыландыру.
  • Батырлар ерлігін ұрпаққа үлгі ете отырып, Отанды құрметтеуге, елін қорғауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар және пәнаралық байланыс

Көрнекіліктер

ҚР картасы, плакаттар, суреттер

Техникалық құрал

Интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс

География, дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып үш топқа бөлінеді. Қима қағаздардағы тапсырмалар арқылы оқушылар топтарға жинақталады. Сонымен қатар, бағалауды жүргізетін «Сарапшылар тобы» құрылады (бағалау парағы беріледі).

1-топ: Көтеріліс басшылары

Жанқожа, Есет батыр, Кенесары, Сырым, Санжар, Исатай, Иса, Махамбет, Жоламан

2-топ: Көтеріліс жылдары

1783, 1836, 1837, 1838, 1841, 1847, 1860, 1897

Ескерту: бастапқы тізімде кездескен қате жазылымдар (мысалы, 1338) түзетілді.

3-топ: Қамтыған аймақтар

Торғай, Орал, Ақмола, Аякөз, Ақбұлақ, Орынбор, Жем өзені, Ілек өзені

«Адам біліммен өмір сүреді, ғасыр біліммен қозғалады».
Абай Құнанбаев

Тарихи алғышарт

Уақыт өткен сайын қазақ даласындағы отаршылдық езгі күшейе түсті. Үкімет қызметіне өткен қазақтың ауқатты топтарының кейбір өкілдері де қарапайым халықты қанауда орыс шенеуніктерінен қалыспады. Шаңырақ салығы 1 сомнан 3 сомға дейін өсіп, көпшілікке ауыр тиді. Осы және өзге де зорлық-зомбылықтар 1868–1869 жылдары Орал мен Торғай облыстарындағы көтерілістерге алып келді.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып: XIX ғасырдың 60–70 жылдарындағы Торғай және Орал облыстарындағы көтерілістер.

Негізгі сұрақ

Көтерілістің басты себебі неде?

1867–1868 жылдардағы реформалар нәтижесінде қазақ жерінде бес сатылы басқару жүйесі құрылды. Әкімшілік басқарудағы өзгерістер карта арқылы көрсетіледі.

  • Орынбор генерал-губернаторлығы
  • Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы
  • Түркістан генерал-губернаторлығы

Сарапшылар тобы жауаптарды талдап, қысқаша қорытынды береді.

III. Үй тапсырмасын қорытындылау: тарихи тұлғалар

1-топ

  • М. М. Сперанский, Г. С. Батеньков — 1822 ж. «Сібір қазақтары туралы жарғыны» дайындаушылар
  • П. К. Эссен — 1824 ж. «Орынбор қазақтары туралы жарғыны» дайындауға қатысқан

2-топ

  • И. И. Бутков — қазақ даласын екі облысқа бөлуге қатысты
  • Ф. К. Гирс — Дала комиссиясын басқарған

3-топ

  • II Александр — Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ережені бекіткен
  • III Александр — 1886 ж. Түркістан өлкесін басқару туралы жарлыққа қол қойған

Сарапшылар тобы жалпы қорытынды жасайды.

IV. Жаңа сабақ

«Серпілген сауал» арқылы оқушылардың бастапқы білім деңгейі анықталады:

  • Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
  • Еліміздің қай өңірінде жер қойнауы қазба байлыққа бай?
  • Әзербайжан және Иран мемлекеттерімен шектесетін өңір қайсы?
  • Алдымызда қандай мерекелер келе жатыр?
  • Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қандай дәстүрлі мейрам аталып өтеді?

Маңғыстау және «Амал күні»

Маңғыстау өңірінде Амал күні — жаңа жылға аман-есен жетіп, бір-бірімен жүздесіп, қол алысатын күн ретінде кеңінен аталып өтеді. Осындай салт-дәстүрге берік, тарихы терең Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтеріліс — қазақ халқының азаттық жолындағы күрестерінің маңызды белестерінің бірі.

Көтерілістің мақсаты, көтерілісшілер құрамы және қамтыған аймағын анықтауда «Сиқырлы шеңбер» әдісі қолданылады.

V. Сабақты бекіту: «Биопоэма»

Оқушылар көтеріліске қатысқан, ұйымдастырған беделді тұлғалар мен батыр-сұлтандар туралы ізденіс жұмысын жүргізіп, плакаттарды «Биопоэма» құрылымы бойынша толтырады.

Биопоэма құрылымы

  1. 1. Аты-жөні, айқындайтын белгілері
  2. 2. Оны ерекшелендіретін 3 қасиет
  3. 3. Жақсы көретін 3 дүние
  4. 4. Жаны қаламайтын 3 дүние
  5. 5. Қорқатын 3 нәрсе
  6. 6. Мақтанатын 3 дүние
  7. 7. Нәтижесі: жеткен жетістігі және осал тұсы (жеңілісі)

VI. Қорытынды

«Өз білімін жетілдіре алмаған ел XXI ғасырда тоқырауға ұшырайды».
Н. Ә. Назарбаев

Оқушылардың өз елін шын сүйетін, оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриот болып қалыптасуына бағыт беріледі.

Рефлексия: «Бес саусақ»

Бас бармақ — басты мәселе

Бүгін сабақтағы ең құнды мәселе қандай болды?

Балаң үйрек — бірлесу

Мен топта қалай жұмыс жасадым?

Ортан терек — ойлау

Бүгін қандай білім алдым?

Шылдыр шүмек — шынайылық

Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек — көңіл күй

Сабақтан қандай әсер алдым?

VII. Бағалау

Сарапшылар тобы бағалау парақтары бойынша қорытынды жасайды.

VIII. Үй тапсырмасы

Тақырып

«Тәуелсіздік — бабалар арманы» тақырыбында ой-толғау жазып келу.