Жинақтық сан есім төрт, бес
Сабақ туралы мәлімет
Пән / сынып
Қазақ тілі, 6-сынып
Сабақтың тақырыбы
Сан есімнің мағыналық топтарын қайталау
Сабақтың түрі
Қайталау, білімді жинақтау
Сабақтың тәсілдері
Сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, топтық жұмыс
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, слайдтар, флипчарт парақтары, үлестірмелі карточкалар, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ, кластер, кубиктер, бағалау парағы
Пәнаралық байланыс
Математика
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Сан есімнің мағыналық топтарын түсіндіру және талдау; мәні мен мағынасын талқылау; сан есім түрлерін ажырата білуге үйрету.
2) Дамытушылық
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, тест тапсырмаларының түрлі форматтарын орындауға, шығармашылық дағдысын арттыруға баулу.
3) Тәрбиелік
Ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа және бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Оқу жұмысын ұйымдастыру
1) Ұйымдастыру қадамдары
- Оқушылармен амандасу және сыныпты сабаққа даярлау.
- Мұғалімнің өзін таныстыруы.
- Сабақ мақсаты мен күтілетін нәтижелерді хабарлау.
- Сыныпты 3 топқа бөлу.
2) Оқушылармен келісім
Топқа бөлу — сайыс емес. Негізгі мақсат: әр оқушының жұмыстағы белсенділігін бақылау және оқушылардың бір-біріне қаншалықты көмек көрсете алатынын анықтау. Әр тапсырманың нәтижесін топ басшылары бағалау парағына белгілеп отырады. Сабақ соңында сол мәліметтер негізінде бағалар қойылады.
II. Оқу жұмысының негізгі кезеңдері
1-тапсырма: «Кубизм» тәсілі арқылы қайталау
Оқушылар өткен тақырыпты кубик қырларындағы сұрақтар арқылы пысықтайды.
Көк
Сан есім дегеніміз не?
Қоңыр-қызыл
Сан есімнің мағыналық топтарын ата.
Жасыл
Жұрнақ арқылы жасалатын сан есімге мысал келтір.
Қызыл
Дара сан есім мен күрделі сан есімді ажырат.
Сары
Қарсы топтың сұрағына жауап бер.
Қара
Сан есімі бар мақал айт.
2-тапсырма: Үлестірмелі карточкалар арқылы талдау
A) Фонетикалық талдау
Әр топқа сандары жасырылған математикалық талдаудың үлгісі беріледі.
Ә) Лексика-грамматикалық талдау
Мысалдар: бесінші, қырық шақты, екі-екіден.
3-тапсырма: Сөзжұмбақ
Сөзжұмбақты шешу үшін құрамында сан есімдері бар мақал-мәтелдерді еске түсірейік (бос орындардағы сан есімдерін толықтырыңыз):
- 1. Болар бала ... бас болар, болмас бала қырық бесінде жас болар.
- 2. ... ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
- 3. ... мүшең сау болса, сәулет емес пе?
- 4. Би ... болса, дау төртеу болады.
- 5. Ойнап босқа күлуге, ... нәрседен қашық бол.
- 6. Білекті ... жығады, білімді мыңды жығады.
- 7. Ер бір рет өледі, ез ... рет өледі.
4-тапсырма: Тест жұмысы
Тест барысында келесі форматтар қолданылады:
- A) Жабық тест
- Ә) Сәйкестік тест
- Б) Толықтыру тест
5-тапсырма: Шығармашылық жұмыс
Әр топ берілген сан есімдерді қатыстыра отырып, өлең жолдарын құрастырады.
6-тапсырма: Кластер арқылы қорытындылау
Бүгінгі сабақта алған білімді жүйелеу үшін «Сан есім» тақырыбы бойынша кластерді толтырамыз.
III. Бағалау
Бағалау парақтарындағы нәтижелер негізінде сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың бағалары қойылады.
IV. Үй жұмысы
Құрамында сан есімдері бар 10 мақал-мәтел жазып, ондағы сан есімнің түрлерін ажыратыңыз.
Үлгі 1
Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар.
Бір — есептік сан есім.
Үлгі 2
Бірінші байлық — денсаулық, екінші байлық — ақ жаулық, үшінші байлық — он саулық.
Бірінші, екінші, үшінші — реттік сан есімдер.
Тест тапсырмалары (нұсқалар)
I-нұсқа
-
1) Сан есімге қандай тыныс белгісі керек екенін көрсетіңіз.
Қапты екі екіден көтеріңдер.
A) Үтір
B) Сызықша
C) Дефис
D) Нүкте
-
2) Бөлшектік сан есімді табыңыз.
A) Жүздеген, он шақты
B) Оннан бес, екіден бір
C) Мұным, менің
D) Екеуі, қырық бес
-
3) Сәйкес сөздерді табыңыз.
A) Есептік сан есім: бесінші, он тоғызыншы
B) Болжалдық сан есім: екі жарым, үштен бір
C) Жинақтық сан есім: мың, жиырма сегіз
-
4) Сәйкес қосымшаны табыңыз.
A) Болжалдық сан есім: -ау, -еу
B) Реттік сан есім: -ым, -ім, -м
C) Жинақтық сан есім: -лар, -лер
-
5) Берілген сөйлемді толықтырып, жұмбақты шешіңіз.
Егіздер кезікпейді бір-бірі...,
Арасы екі-ақ елі бір-бірі....
(-нен, -мен)Жауабы: екі көз
II-нұсқа
-
1) Дара сан есімді көрсетіңіз.
A) Жеті, екі
B) Ақ, тарғыл
C) Үштен бір
D) Он сегіз
-
2) Реттік сан есімді көрсетіңіз.
A) Төрттен бір
B) Тоғыз
C) Алтау
D) Бірінші
-
3) Сәйкес сөздерді табыңыз.
A) Жинақтық сан есім: төрт, бес
B) Топтау сан есім: екінші, қырық бірінші
C) Болжалдық сан есім: біреу, жетеу
-
4) Сәйкес қосымшаны табыңыз.
A) Топтау сан есім: -ларда, -лерде
B) Болжалдық сан есім: -дар, -дер
C) Жинақтық сан есім: -ты, -ті
-
5) Берілген сөйлемді толықтырыңыз.
Атадан — алт..., анадан — төрт..., жалғыздық көрер жерім жоқ (Абай).
(-еу, -ау)
III-нұсқа
-
1) Болжалды сан есімді көрсетіңіз.
A) Елудей, ондай
B) Онның бірі
C) Бесінші
D) Жетеу
-
2) Сан есімді лайықты сөзбен тіркестіріңіз.
Бір қайнатым ...
A) ет
B) сөз
C) шай
D) нан
-
3) Сәйкес сөздерді табыңыз.
A) Сан есім: біреу, адам
B) Сын есім: біреу, екеу
C) Есімдік: келген, оқыған
-
4) Сәйкес қосымшаны табыңыз.
A) Бөлшектік сан есім: -дің, -дың
B) Топтау сан есім: -ау, -еу
C) Есептік сан есім: -дан, -ден
-
5) Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.
Тоқсан... әрі кетті, жүз... де асты.
(-ге, -нан)
Қосымша: мақал-мәтелдер (сөзжұмбаққа арналған)
- 1. Болар бала ... бас болар, болмас бала қырық бесінде жас болар.
- 2. ... ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
- 3. ... мүшең сау болса, сәулет емес пе?
- 4. Би ... болса, дау төртеу болады.
- 5. Ойнап босқа күлуге, ... нәрседен қашық бол.
- 6. Білекті ... жығады, білімді мыңды жығады.
- 7. Ер бір рет өледі, ез ... рет өледі.