Тік бұрышты координаталар жүйесін түсіндіре білу
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Тікбұрышты координаталар жүйесін түсіндіру; координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталарын табу және координаталары бойынша нүктені салу.
Дамытушылық
«Координаталық жазықтық» тақырыбындағы есептерді шығару білігін және есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Шығармашылыққа, жылдамдыққа және алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу.
Кезекшіні анықтау, сыныптағы қатысымды тексеру.
Сабаққа дайындық жасап, жұмысты бастау.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша орындалған тапсырмалар тексеріледі, қажет жерде қысқаша түсіндіру беріледі.
3) Жаңа сабақ: координаталық жазықтық
Санақ басы O нүктесінде қиылысатын, өзара перпендикуляр екі түзу тікбұрышты координаталар жүйесін құрайды.
Нүктенің координаталары — оның абсциссасы (x) және ординатасы (y).
Абсциссалар осі Ox пен ординаталар осі Oy қиылысатын нүкте координаталар басы деп аталады.
Координаталық түзуде нүктенің орны бір ғана санмен анықталады. Енді нүктенің жазықтықтағы орнын анықтауды үйренеміз: ол үшін санақ басында қиылысатын, өзара перпендикуляр екі координаталық түзуден тікбұрышты координаталық жүйе құрамыз.
Мысал
М(−5; 2) нүктесін салу
- 1 Ox осінен −5 нүктесін табамыз да, осы нүкте арқылы Ox осіне перпендикуляр түзу жүргіземіз.
- 2 Oy осінен ординатасы 2 болатын нүктені табамыз да, осы нүкте арқылы Oy осіне перпендикуляр түзу жүргіземіз.
- 3 Екі түзудің қиылысу нүктесі — ізделінді М(−5; 2) нүктесі.
4) Бекіту және талдау
№1163 есеп тақтада орындалады.
Есеп шығарылғаннан кейін түсіндірмелі талдау жүргізіледі: қадамдар, қателер және дұрыс белгілеулер қарастырылады.
5) Қолдану: жұптық жұмыс
Оқушылар көршісімен жұптасып есептер шығарады: №1165 және №1168.
6) Қорытынды сұрақтар
- Координаталық жазықтықтағы Oy және Ox остері қалай аталады?
- Тікбұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық қалай аталады?
7) Үй тапсырмасы
№1173.
8) Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жұптық жұмыстағы белсенділігі бойынша бағалау жүргізіледі.
Автор туралы
Зайкенова Бекзада Жұмаділқызы
Математика пәнінің мұғалімі
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі